"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ

11.01.2023
ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ

Ол ән салғанда бүкіл қазақ даласы тебіренетін. Еш қоспасыз мөп-мөлдір, сырлы да сұлу, еркін де ерке сазды әуен… Жүректің ең терең иірімдерін қозғайды, ең ізгі сезімдерін оятады. Әуе толқынынан төгілген сезімге толы әндерімен өз тыңдарманының жадында мәңгіге қала білді. Ол — исі қазаққа «Ақ бұлақ» әнімен танымал болған әнші-композитор, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Болат Сыбанов. Биыл дарынды тұлғаның туғанына 85 жыл толады.

Зарина КӘП
«Семей таңы»

Болат Сыбановтың мерейтойына орай, қалалық өлкетану музейінде әншінің өнерін ұлықтау мақсатында «Қазақ әнінің ақ бұлағы»  атты еске алу кеші өтті. Тағылымды іс-шараға Абай облысы Мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Айдар Ибраев, әншінің жары Үміт Сыбанова мен балалары,  үзеңгілес достары, мәдени мекемелердің қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Кешке қатысушылар шағын симфониялық оркестрдің орындауындағы  әуезді әнге еліте жүріп композитордың музей қорында сақталған жәдігерлері қойылған көрмені тамашалады.

— Құрметті қонақтар! Бүгін қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, жез таңдай әнші, талантты актер Болат Сыбановтың шығармашылығына арналған жиында бас қосып отырғанымызға қуаныштымын. Болат ағамыздың музыка саласына, өнер саласына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Алайда нағыз шәкірт тәрбиелеп, ортамызда марқайып отырар шағында өмірден өтіп кетті. Бүгінде дарынды тұлғаның төккен тері ақталып, артында қалған елі еске алып, ұлықтап жатыр. Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы деп ойлаймын. Ағамыздың отын өшірмей отырған аяулы жары Үміт апайымызға алғысымыз шексіз. Отбасына ұзақ ғұмыр тілеймін,- деді Абай облысының Мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі бөлімінің басшысы Айдар Маратұлы.

Айдар Маратұлы Үміт Сыбановаға  облыстық басқарма атынан алғыс хат табыс етіп, сый-сияпат жасады.

— Бүгінде, Болат тірі болса, 85 жас мерейтойын бәріміз бірге ән салып тұрып қарсы алар едік. Амал нешік, 60 жасында дүниеден озды. Екеуіміз жаңа жылдық кеште танысып, 1967 жылы отау құрған едік. Құдай берген үш баламыз бар. Бүгінгі шараға бірі келсе, бірі келе алмады. Осы шараның ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. Жыл сайын ағаларын еске алып, кеш өткізіп тұрады. Сіздердің арқаларыңызда Болаттың аты өшпейді деп білемін,- деді әншінің зайыбы Үміт Сыбанова.

Болат Күнтуұлы бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданына қарасты Изатолла ауылында дүниеге келген. Он жасынан ауыл арасындағы той-думанда ән салып, әнші атанады. Арнайы музыкалық білімі болмаса да, домбыра, фортепиано, баянда жақсы ойнаған. Оның табысты музыкалық шығармашылығының бүгінге жеткен басты айғағының бірі — «Мелодия» фирмасы шығарған күйтабақ. Әншінің орындауындағы «Ақ бұлақ», «Таң самалы», «Ғашықтар термесі», «Жан ана», «Әке туралы» сынды әсем сазды туындылары бүкіл қазақ халқына ғана емес, Моңғолия, Қытай елдеріне де танымал.

Б.Сыбанов еңбек жолын 1957 жылы Абай атындағы қазақ драма театрында актер болып бастаған. Біраз уақыт Алматы филармониясында қызмет атқарды. Кейін Семей қаласына оралып, өмірінің соңына дейін туған сахнасында еңбек етті. Өзінің театрдағы шығармашылық жолында Болат Сыбанов 100-ден астам көрнекті образды сомдаған.

Кеш барысында әншінің замандастары, шәкірттері Болат Сыбанов жайлы естеліктерін бөлісіп, қызықты сәттері туралы әңгімеледі. Ал Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншілері Болат Күнтуұлының репертуарындағы әндерді орындап, кешке жиналған қауымды ерекше әсерге бөледі.

Мақалада: ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай мұрасы – ұлт байлығы

15.04.2025
Абай мұрасы – ұлт байлығы

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Қалалық орталық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай...

Толығырақ...Details

«МЕН АСПАНШЫЛ АҚЫНМЫН»

11.04.2023
«МЕН АСПАНШЫЛ АҚЫНМЫН»

Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап облыстық кітапханада ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Жазушылар одағының Абай облысы бойынша төрағасы, облыстық...

Толығырақ...Details

ҰЛАҒАТЫ АБАЙДЫҢ – ҰЛЫ САБЫР

23.08.2022
ҰЛАҒАТЫ АБАЙДЫҢ – ҰЛЫ САБЫР

Дана  халқымыздың «Сабыр түбі – сары алтын» деген ұлағатын бәріміз де білеміз. Бірақ бұл арада «сабыр» басқа салғанға үн-түнсіз көніп,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

9 часов бұрын

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

11 часов бұрын

Ақсуатта туған блогер әлемдік марапаттан кейін облыс әкімімен кездесті

13 часов бұрын

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

13 часов бұрын

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

16 часов бұрын

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

16 часов бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

4 дня бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

4 дня бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

5 дней бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС