"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МЕН АСПАНШЫЛ АҚЫНМЫН»

11.04.2023
«МЕН АСПАНШЫЛ АҚЫНМЫН»
66
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап облыстық кітапханада ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Жазушылар одағының Абай облысы бойынша төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Мерей Қартпен «Мен аспаншыл ақынмын» атты кездесу кеші өтті. «Оқуға құштар ұлт, оқуға құштар колледж, оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Кітапхана ұжымы  мен білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен кешке қала мектептерінің оқушылары, студенттер, кітапханашылар қатысты.

— Кітап адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбие құралы екенін өскелең ұрпақ санасына құя білуіміз керек. Ғұлама Абай: «Танымның бар тамашасы кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа»,- деген болатын. Қазір қоғамда «Оқуға құштар ұлт, оқуға құштар колледж, оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқуға бетбұрыс жасалды. Біз тек оқушыларды, студенттерді ғана емес, қоғамды, ұлтты оқуға шақыруды мақсат еттік. Бүгінгі кеш сондай бір үрдістің керемет көрінісі,- деген облыстық білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының директоры А.Исабаева кездесу кешінің кейіпкері ретінде ақын Мерей Қарттың бекер таңдалмағанын айтты.

— Мерей Қарт — айтар ойы бар, тұла бойында қазақилық болмысы  тұнып тұрған өңіріміздің талантты ақын. Әрбір туындысын жас жеткіншектерге, болашақ жастарға арнап, ізгілікпен жазғанын байқауға болады. Туындылары өзіндік ерекшеліктерге ие, оқырманының танымдық көкжиегін кеңейтеді.

Иә, Тарбағатайдың тарпаң жоталарында дүниеге келіп, поэзия әлеміне құлашын созған ақынның рухшыл, отты өлеңдері мен лирикалық сезімге толы сыршыл табиғаты талай оқырманның жүрегінен орын алды.

— Мен қадірлеп, қастерлейтін, құрметтеп, басымды иетін дүние – Өлең. Поэзияның асқақ болғанын ұнатамын. Өлең деген туған анаңдай қадірлі болуы керек, — дейді Есенғали Раушанов.

Шынымен-ақ, поэзия деген — аяулы іңкәрлік пен ыстық жалынның бұлқынысы. Өлеңнің қадірі мен қасиетіне бойлай білу шын дарынның ғана қолынан келеді. Өлеңмен өмір сүріп, өлеңмен болмысын ұштастырған ақынның бірі – Мерей Қарт.

— Кітап оқыған баланың зияткерлік деңгейі жоғары, жан дүниесі таза өседі деп ойлаймын. Поэзия оқыған адам, поэзияға құштар адам үнемі жадырап жүреді. Көңіліндегі қаяу-мұң, мөлдір сағыныш поэзияда көрініс табады. Өлеңді жаттап, оқыған бала да қабілетті болады. «Абай оқулары», «Шәкәрім оқулары» сияқты дүниелер баланың қарым-қабілетін арттырады. Абай, Шәкәрімнің өлеңдерін жаттап өскен баланың жады жақсы болады және де қаншама сөздің мән-мағынасына терең бойлай түседі. Бұл баланың өзіне өмірлік азық,- деген кеш иесі адамзат баласын кітап оқуға шақырып, жастарға отандық әдебиетпен бірге әлем классиктерінің туындыларын көп оқуға кеңес берді.  Ұйымдастырушыларға тамаша кеш үшін алғыс айтты.

Шара барысында студенттер ақын шығармасын жатқа оқып, көрініс көрсетті. Осылайша, тағылымы мол кеш кеш қатысушыларына рухани азық сыйлады.

 

Азамат СЕРІКОВ,

Шәкәрім университеті студенті 

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ

11.01.2023
ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ

ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ АҚ БҰЛАҒЫ Ол ән салғанда бүкіл қазақ даласы тебіренетін. Еш қоспасыз мөп-мөлдір, сырлы да сұлу, еркін де ерке...

Толығырақ...

ҰЛАҒАТЫ АБАЙДЫҢ – ҰЛЫ САБЫР

23.08.2022
ҰЛАҒАТЫ АБАЙДЫҢ – ҰЛЫ САБЫР

Дана  халқымыздың «Сабыр түбі – сары алтын» деген ұлағатын бәріміз де білеміз. Бірақ бұл арада «сабыр» басқа салғанға үн-түнсіз көніп,...

Толығырақ...

Жаңалықтар

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСУ ТӘРТІБІН БІЛЕСІЗ БЕ?

3 дня бұрын

«БОЛАШАҚ ЖАСТАР — ЕЛ ҚОРҒАНЫ»

4 дня бұрын

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

6 дней бұрын

Орталық саябақтағы көгалдар автоматты суару жүйесіне қосылды

6 дней бұрын

Хабарландыру

6 дней бұрын

Абай облысында «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 неделя бұрын

Жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

1 неделя бұрын

Бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықтады

1 неделя бұрын

Абай облысы әкімі «Елімай» командасын Премьер-лигаға өтуімен құттықтады

1 неделя бұрын

Абай облысында пайдаланылмай жатқан 130,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Ләйла Еділқызы Тілеубаева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Таным
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС