"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Лудомания дерті өршіп тұр: мемлекет заңсыз ойынға қарсы күресті күшейтті

15.10.2025
Лудомания дерті өршіп тұр: мемлекет заңсыз ойынға қарсы күресті күшейтті
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы жылдары Қазақстанда заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күрес күшейді. Соңғы екі жарым жыл ішінде 205 жерасты казиносы жабылып, 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бай облысы бойынша экономикалық тергеп- тексеру департаментінің талдау әзірлемелер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Сейілханов мәлімдеді.

Қазіргі таңда ел аумағында офлайн заңсыз ойын орындарының саны нөлге дейін қысқарғанымен, қазір негізгі қауіп шетелде тіркелген онлайн-казинолардан туындап отыр.

— Бұл платформалар қазақстандықтарды алдап, оңай табыс уәдемен өзіне тартады. Алайда олардың қызметі ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңымен толықтай тыйым салынған. Жыл басынан бері 34 шетелдік онлайн-казиноның айна-сайттарына қатысты 17 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Дегенмен, қолжетімділіктің оңайлығы, верификацияның жоқтығы және төмен мөлшерлемелер оларды әсіресе жастар үшін аса қауіпті,-деді Марат Сейілханов.

Мамандардың айтуынша, мұндай ойындарға тәуелділік лудомания деп аталады. Бұл – психологиялық ауру, оның зардабы ішімдік пен есірткіге тәуелділікпен бірдей. Лудоманияға шалдыққан адам уақытын да, ақшасын да құрбан етіп, тіпті отбасынан алыстайды. Белгілері: үнемі ойнау, ақша қарызға алу, өтірік айту, агрессия, қаржылық қиындықтар.

— Айта кетерлігі, онлайн-казинолардың артында көбіне қылмыстық жолмен табылған «лас ақша» тұрады. Ал жаңа «клиенттерді» тарту үшін олар миллиондаған жазылушысы бар блогерлерді пайдаланып отыр. Биылдың өзінде Агенттік заңсыз жарнама жасаған 34 блогерді анықтады.Мемлекет заңсыз ойын бизнесіне қарсы күресті жалғастырып келеді. Арнайы рейдтер жүргізіліп, көлеңкелі қаржылық операцияларға тосқауыл қойылуда.Бүгінде ақпараттық науқандар, мектеп пен университеттердегі түсіндіру жұмыстары және отбасылық ашық әңгімелер жүргізілуде,-деді спикер.

Егер сіз немесе жақыныңыз лудоманияға тап болса, көмекке жүгінудің бірнеше жолы бар:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы психологиялық көмек орталықтары
«111» ұлттық сенім желісі
Жеке психотерапевттер мен оңалту орталықтарына жүгіну қажет.
Лудомания – уақытша қызықтың емес, өмір бойғы өкініштің бастауы болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

3 часа бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС