"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында тұрмыстық қалдықтардың 21,7 %-ы қайта өңдеуге жіберілді

15.10.2025
Абай облысында тұрмыстық қалдықтардың 21,7 %-ы қайта өңдеуге жіберілді
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жүйелі жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Теміржанов баяндады.

— Бағдарлама аясында өңір бойынша 44 іс-шарадан тұратын жоспар бекітілді. Оның ішінде қалдықтарды басқару, көгалдандыру, экологиялық ағарту, су және орман ресурстарын қорғау бағыттары қамтылған. Қазіргі таңда аталған жоспар аясында өңірде биылдың өзінде 37 мың тонна тұрмыстық қалдық жиналып, оның 21,7 %-ы қайта өңдеуге жіберілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғары, – деді Марат Теміржанов.

Қалдықтарды қайта өңдеу ісін жетілдіру үшін Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында арнайы кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Ал ауылдық жерлерде 15 жаңа контейнерлік алаң орнатылған.

— Көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Биыл көктемгі және күзгі экологиялық айлықтар кезінде 46 мың түп ағаш пен 25 мыңнан астам бұта көшеті отырғызылды. «Жасыл аймақ» жобасы аясында Семей – Қарауыл бағытындағы жол бойларына 5 мың түп терек пен қарағай егілді. Сонымен қатар, Аягөз – Үржар және Көкпекті – Самар тасжолдарының бойында 3 мыңға жуық жасыл желек отырғызылып, суару жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілді, – деп қосты басқарма басшысы.

Ағымдағы жылы облыс бойынша жасыл желек отырғызуға бөлінген қаржы көлемі 420 млн теңгені құраған. Бұл қаражаттың бір бөлігі ағаштарды күтіп-баптау мен санитарлық кесуге бағытталып отыр.

— Алдағы жылы өңірдегі қалдықтарды сұрыптау деңгейін 25 %-ға дейін жеткізу, ағаш отырғызу көлемін 1,5 есеге арттыру және экологиялық ағарту іс-шараларын кеңейту жоспарланып отыр, – деп түйіндеді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

2 дня бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 дня бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 дня бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

3 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

4 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

4 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

4 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС