"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

27.01.2023
«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

 

Семей қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Аталған саладағы игілікті шаралардың нәтижелі түрде жүзеге асуына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры зор ықпал етуде.

Бүгін Alikhan Bokeikhan университетінде «Табысты отбасы» жобасының бірінші кезеңінің 29 түлегіне құрал-жабдықтар түріндегі гранттар табысталды. Оларға ноутбуктер, тігін машиналары, пештер, миксерлер, кушеткалар және мультимарка сканері тарту етілді.

Құрал-жабдықтарды табыстауға арналған іс-шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өкілдері қатысты.

Жоба шеңберінде кешенді оқыту бес бейіндік бағыт бойынша жүргізіліп, қатысушылар «ЅММ», «Кондитерлік іс», «Сұлулық индустриясы», «Тігін ісі» және «Автоэлектрик» мамандығын игерген-ді.

Жабдықтар жиынтығын тапсыру рәсімінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлерді дамытуға бағытталған жобаларға әрдайым қолдау болатынын атап өтті.

— «Табысты отбасы» жобасы аз қамтылған, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көп балалы аналарға, жалғыз басты ата-аналарға көмек көрсетуге бағытталған. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына осындай жобаны қолдағаны үшін алғыс білдіреміз, — деді Шалқар Заманбекұлы.

— Бұл жобаның мақсаты — сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және шағын гранттық қолдау көрсету арқылы адамдардың әл-ауқатын арттыру. Гранттар Ұлытау облысында 14 түлекке, Жетісу облысында 24 қатысушыға берілді. Бүгін Семейде осы әлеуметтік жобаның 29 түлегіне жабдық табыстағалы отырмыз, — деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.

Іс-шарада «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова да сөз алып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелі боларына сенімін білдірді. Жоба аясында кәсіптің жаңа түрін меңгеруге ерекше ден қойған қатысушыларға алғысын да жеткізді. Айжани Адайқызының айтуынша, қатысушылар бейіндік оқыту, тәлімгерлік қолдау, жеке тұлғалық даму және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша тренингтерден өтіп, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындап шығыпты.

— «Табысы отбасы» жобасының арқасында мен кондитер болдым, бүгінде тапсырыстар алып жатырмын. Бейіндік оқытудан басқа, біз тәлімгердің үлкен қолдауына ие болдық. Бізді бір ай бойы табысқа жетелеген барлық жаттықтырушылар мен ұстаздарға, әрине, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына алғысымды білдіремін»,- дейді жоба қатысушысы Әсел Бағынғалиева.

Еске сала кетсек, «Табысты отбасы» пилоттық жобасы өткен жылдың 1 желтоқсанында Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталған болатын.

Бүгінде Абай облысында жобаның екінші кезеңінде 41 қатысушы  бес бейіндік бағыт бойынша оқудан өтуде.

 

 

Мақалада: «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

14.02.2025
Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

Қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 % - ға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында...

Толығырақ...Details

Табыстың көзін тәттіден тапты

15.08.2024
Табыстың көзін тәттіден тапты

Елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отырғаны  белгілі. Өйткені орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі ел экономикасының дамуына жағымды әсер...

Толығырақ...Details

Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру

15.08.2024
Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру

Облысымызда өткен жылы 204 адам грант иегері атанса, мемлекет қазынасынан биыл да 204 үміткердің жобасын қолдауға қаржы бөлінген. Бірінші лекте...

Толығырақ...Details

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

21.01.2023
«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Семейде «Табысты отбасы» пилоттық жобасының екінші кезеңі жүзеге асуда. 19 қаңтар күні осы әлеуметтік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

10 часов бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

11 часов бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

11 часов бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

11 часов бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

11 часов бұрын

Діндер съезі: Президент Тоқаев қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

11 часов бұрын

900 мың теңгеден жоғары: Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы алатындардың алғашқы бестігі жарияланды

17 часов бұрын

«500 мың теңге»: Баян Мақсатқызы жұбайына қымбат құлаққап сыйлады

17 часов бұрын

Абай облысында егіншілік саласын қаржыландыру көлемі артты

18 часов бұрын

Бесқарағайда ауылдық медицина күшейді: Қарағайлыда амбулатория, Башкөлде медпункт ашылды

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС