"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Табыстың көзін тәттіден тапты

15.08.2024
Табыстың көзін тәттіден тапты
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отырғаны  белгілі. Өйткені орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі ел экономикасының дамуына жағымды әсер етеді. Сондықтан да мемлекет тұрғындардың бизнес жобаларының жүзеге асуына қолдау көрсетіп келеді.

Кәсіпкерлікке бейімделу — бүгінгі күннің басты талабы. Себебі табыс кілтін тауып, ерінбей еңбектенгендердің жағдайы жақсы болмақ. Бұған қазіргі жастардың көзі жеткен. Ал қазір, жоғарыда айтып өткеніміздей, кәсіп ашамын деген адамға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік те, қолдау да бар. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған азаматтардың саны біздің өңірімізде де жыл сайын артып келеді. Олардың қатарында Аягөз ауданының тұрғыны Гүлнар Рүстенбаева да бар. Мемлекеттен грант алып, шағын кәсіп бастаған ол бүгінгі күні жастарға үлгі болуда.

— Кондитер өнімдерін жасағанды қатты ұнатамын. Бала күнімнен тәтті-дәмділер пісіруге әуес болдым. Теледидар мен журналдардан түрлі рецептерді жазып алатынмын. Менің пісірген тәттілерімнің дәмін  татқандар ұнатып, мақтап жататын. Сөйтіп, өз отбасым үшін ғана мерекелерде, той-томалақтарда әзірлеп жүрдім. Бірде өзімнің қолымнан келетін істі неге кәсіпке айналдырмасқа деген ой келді. Ниет болса, қазір мемлекет тарапынан қолдау көп. Өзім асыраушысынан айырылған жалғыз басты анамын, 3 балам бар. Жасым қырыққа келді. Аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қайтарымсыз грант алу жолдарын түсіндіріп, кәсіпкерлік негіздерін оқуға кеңес берді.

Расында да, қолға алған ісіңнің табысты болуы қаржыға ғана тірелмейді, іс-әрекет жоспарың, кәсіпкерлік саласында білімің болуы қажет. Кәсіп жүргізудің қыр-сырымен танысқан соң бизнес жоба жасадым, былтыр ақпан айында  13 800 000 теңге грант қаражатына ие болып, кондитерлік өнімдер шығаратын цехты жалға алдым, торт пісіруге арналған жабдықтар сатып алып, істі бастап кеттім. Бүгінде екі адамды жұмыспен қамтып отырмын, — дейді кейіпкеріміз.

Қазіргі таңда Гүлнардың өнімдері аудан көлемінде таныла бастапты, оның қолынан шыққан торттарды, бәліштер мен тәтті тоқаштарды тойларына, мерекелік дастарқандарына қою үшін тапсырыс беретіндер көбейіп келеді екен. Кәсіпкер тапсырыс берушілердің көңілінен, талғамынан шығу үшін тек табиғи сапалы өнімдерді ғана пайдаланатынын айтады. Гүлнардың тәтті бөлкелері мен торттары шай дастарқанының сәніне айналып үлгерген. Кондитердің бір торты салмағы мен көлеміне қарай 3500 теңгеден 7000 теңгеге дейін бағаланады. «Вупи-пай», «Қызыл барқыт», «Наполеон», «Сүтті қыз» сияқты торттардың түр-түрі бар. Кондитер цехында тұтынушының тапсырысы бойынша печенье, бәліш, самса, тәтті бөлкелердің сан түрі, тіпті түріктің пахлавасына дейін дайындалады. Кейіпкеріміз алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді ойластырып жүр екен. Ол үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алуға ниетті.

— Менің ендігі арманым — үлкен кондитер цехын ашып, кәсібімді кеңейту.  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, адам алдына қандай да бір мақсат қойып, соған бар ынтасымен кіріссе, бәрі өз ретімен орындалады. Ақырындап жұмысым жүріп жатыр. Осы кәсібіммен  балаларымды асырап отырмын. Кондитерлік дүкен, студия  ашу да ойымда бар. Жастарды осы кәсіпке баулып, қыр-сырын үйреткім келеді. Өзгеше рецептер ойлап тауып, өз брендімді қалыптастырсам деймін. Кәсібімді кеңейте алып жатсам, тағы біраз адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Осындай қолдау көрсетіп отырған мемлекетіме алғысым шексіз, — дейді кәсіпкер.

Дәмі тіл үйіретін тәттілерді пісіріп, жерлестерінің көңілін жаулап алған кейіпкеріміздің алға қойған мақсаты айқын, қадамы нық. Ендеше, кәсіпкердің арманының орындалуына біз де тілекшіміз. Кәсіптің көзін тауып, берекелі тұрмыс кешіп отырған осындай іскер жандар – мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі.

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

8 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

8 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

11 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

12 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

12 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

12 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

13 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

13 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

13 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

13 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС