"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру

15.08.2024
Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облысымызда өткен жылы 204 адам грант иегері атанса, мемлекет қазынасынан биыл да 204 үміткердің жобасын қолдауға қаржы бөлінген. Бірінші лекте 102 жоба іріктеліп алынса, санаулы күн бұрын екінші лек бойынша 102 грант иегері анықталды.

400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға бизнес-идеяларын іске асыруына қолдау көрсету үшін беріледі. Абай облысы Мансап орталығының мәліметіне сүйенсек, екінші лекте 15-26 шілде аралығында грант алуға Business.enbek.kz порталы арқылы 304 адам өтінім берген.  30 шілде мен 8 тамыз аралығында қала мен аудандарда мемлекеттік гранттар беру жөніндегі  комиссиялардың отырысы өтіп, мансап орталықтарының әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді. Үміткерлер мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, тігін ісі, наубайхана, кондитерлік өнімдер, полиграфия және химиялық тазарту қызметі  және басқа да бағыттар бойынша бизнес жобаларын қорғады.

Комиссия шешіміне сәйкес, жеке кәсібін ашуға және дамытуға 102 адамға грант тағайындалды.

Сөзіміздің басында айтып кеткеніміздей, облысымызда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға биыл 204 грант беру жоспарланып, толығымен орындалды. Басты мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру. Ел халқының әл-ауқатын көтеріп, төменгі күнкөріс деңгейіндегі тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беріп жатыр. Өткен жылы Жарма ауданының тұрғыны, көп балалы ана Индира Еременко жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, кәсібін ашқан болатын. Ол өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу орнын ашып, грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Индира Турсунмухамедқызы бүгінде кәсібін дөңгелетіп, нәпақасын тауып отыр.

— Бұл орын көлік жууға өте қолайлы. Өзіміз көлігімізді жуып аламыз, қызмет бағасы қалтамызға қолайлы. Кәсіпкердің ісіне сәттілік тілеймін. Өркендей берсін. Үлкен қалалардағы сияқты уақыт талабына орай бұдан өзге де қызмет көрсету орындары ашылып, ауылымыз көштен қалмай дами берсін. Жергілікті азаматтар кәсіп бастап, халықты жұмыспен қамтып жатса жаман ба? – дейді ауыл тұрғыны Е.Серікбаев.

Нарық бір орында тұрған жоқ және бизнеске жаңа идеялар қашанда керек. Бастауыш кәсіпкерлердің бизнес-идеяларын қарау кезінде комиссия мүшелері нарықтағы сұранысты, жобаның тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін зерттейді.

Жобасы қолдауға ие болған жандардың бірі —  Гүлниса Уәлиқызы. Курчатов қаласының тұрғыны ІІІ топ мүгедектігі бар Гүлниса Уәлиқызы өткен жылы «Жұмсақ балмұздақ, тәтті мақта және попкорн сату» бизнес жобасын іске асыруға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастаған.

Семей қаласы бойынша айтатын болсақ, алғашқы лекте 32 адам грант қаржысын алса, осы жолы 159 өтінім түсіп, 53 грант берілді.

Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,  «Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

14 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

15 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

15 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

16 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

16 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС