"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

21.01.2023
«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Семейде «Табысты отбасы» пилоттық жобасының екінші кезеңі жүзеге асуда. 19 қаңтар күні осы әлеуметтік жобаның авторы Айжани Нұрланова қаладағы «Сәукеле» сән үйінде «Тігін ісі» бейіндік бағыты бойынша оқудан өтетін жобаның екінші кезеңінің қатысушыларымен кездесіп, әрқайсысымен жеке сұхбаттасты.  Сонымен қатар қаладағы жұмыспен қамту орталығында оқу курсын «Бьюти индустрия» бейіндік бағыты бойынша тамамдаған қатысушылармен жүздесіп, сертификаттар табыстады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Айта кетейік, жобаның екінші кезеңі бойынша бүгінде 41 қатысушы  бес бейіндік бағыт бойынша оқудан өтуде —  тігін ісі, автоэлектрик, кондитерлік өнімдер, beauty саласы және әлеуметтік медиа менеджері.

Жоба жетекшісі Айжани Нұрланова және Абай облысы әкімдігінің өкілдері алдымен 18 қаңтар күні «Табысты отбасы» жобасының бірінші кезеңінің түлектері — екі көп балалы ананың үйіне барып, олармен жақынырақ танысты.

«Табысты отбасы» жобасының бірінші кезеңінің қатысушылары Куликовтер — көп балалы отбасы. Марина Куликова мен оның жұбайы бүгінде 11 бала тәрбиелеп отыр. Кездесу барысында Марина танымал кондитер болсам деген балалық шақтағы арманын осы жоба аясында жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтып, ризашылығын жеткізді.  Қазірдің өзінде көп балалы ана торттар мен тәтті бәліштерге тапсырыс алуда.

Ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана Салтанат Азаматова да «Табысты отбасы» жобасына қатысып,  СММ мамандығын меңгеріп шықты.

Айта кетейік, Марина Куликова, Салтанат Азаматова және жобаның алғашқы 27 түлегі жақында өз істерін дамыту үшін қажетті құрал-жабдықты тегін алады. Ал екінші лек қатысушылары оқуын жалғастыруда.

19 қаңтар күні жоба авторы Айжани Нұрланова, «Тігін ісі» бейіндік бағыты бойынша оқудан өтіп жатқан болашақ тігіншілермен «Сәукеле» сән үйінде кездесті.

— Мен бес қыздың анасымын. Жоба жайлы алғаш инстаграм әлеуметтік желісінен көріп, қатысып көруге бел байладым. Бұған дейін үйде тапсырыспен киімдерді кестелеумен айналысатынмын. Осы жоба аясында алған білімімді енді өз кәсібімді ашуға жұмсамақпын. Оқуды 4 қаңтарда бастадық. Курс бір айға жалғасады, әрі қарай тағы екі ай тәлімгерлер жетекшілік етеді. Осы аралықта уақытты бос өткізбеуді, мақсатымызға қарай сенімді түрде қадам басуды, өзімізді дамытуды үйрендік,- дейді Толғанай Серікболсынқызы.

Жоба қатысушылары қаламыздағы «Сәукеле» сән үйінің негізін қалаушы, дизайнер Жанна Баймұратовадан дәріс алуда.

— Мен Алматы технологиялық университетін тамамдағанмын. 22 жыл бұрын Алматы қаласынан Семейге келіп, бес жыл баламен үйде отырдым. Сол аралықта ақырындап тігін ісімен айналысып жүрдім. Сіздер білсеңіздер, ұсақ қол маторикасы ми жұмысының жақсаруына өте қатты әсер етеді. Сіздер тігін тігіп жатқанда, миыңыз басқа деңгейде жұмыс істей бастайды. Сол арқылы әйелдер сабырлы, салмақты, өзіне сенімді бола түседі, өз эмоциясын басқара алады. Мен шығармашылық адамдарын жақсы көремін, олардың бәрін өзіме жақын тартып тұрамын.  Өзім киім шеберханасында жеті жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтадым. Сол кездері неге өзімнің сән үйімді ашпасқа деген ой келді. Осылайша, «Сәукеле» сән үйі аштым, жеті жылдан бері жұмыс істеп тұр. Еңбек етуден жалықпаңыздар,- деді Жанна Баймұратова.

Жоба авторы Айжани Нұрланова тігіншілердің әрқайсысымен сөйлесіп, оқу басталғалы өмірлерінде болып жатқан өзгерістер жайлы сұрады. Өз кезегінде қатысушылар екінші тыныстары ашылып, дамуға, өсуге бет алғандарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ осы күні Семей қаласының Жұмыспен қамту орталығында жобаның екінші кезеңінің «Бьюти индустрия» бейіндік бағыты бойынша курстан өткен түлектеріне сертификаттар табысталды. Солардың бірі — 39 жастағы көп балалы ана Әсем Түсіпова.

— Мен бес баланың анасымын. 16 жыл бойы декреттік демалыста отырмын. Кірпік өсіру саласымен айналысуды бұрыннан қалап жүргенмін. Осы арманымды жүзеге асыруға көмектескен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясына шынайы алғысымды білдіремін. Сабақ барысында тек кірпік жалғауды емес, мақсат қоюды, күнімізді дұрыс жоспарлауды, бизнес ашудың қыр-сырын меңгердік, психологиялық сабақтар алдық.  Өзімізге деген сенімділігіміз артып, жаңа таныстар таптық,- дейді Әсем Түсіпова.

Естеріңізге сала кетейік, «Табысты Отбасы» пилоттық әлеуметтік жобасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында Абай, Жетісу, Ұлытау, Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының кешенді қолдауымен іске асырылуда. Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін, жалғыз басты ата- аналарды және ерекше қажеттіліктері бар балаларды  тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар тігін ісі, автоэлектрик, кондитерлік өнімдер, beauty саласы және әлеуметтік медиа менеджері сияқты бес бейіндік бағыттың бірін таңдай алады. Бейіндік оқытудан бөлек, тәлімгерлік қолдау, жеке тұлғалық даму,  бизнес-дағдыларды дамыту бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Сабақтарға белсенді қатысып, жаттықтырушы мен тәлімгердің барлық талаптарын орындаған қатысушы қажетті құрал-жабдықтарды тегін алады.

«Табысты отбасы» қайырымдылық жобасын іске асыру кезендері туралы ақпарат БАҚ бетінде және @tabysty.otbasy жобасының инстаграм-парақшасында орналастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

14.02.2025
Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

Қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 % - ға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында...

Толығырақ...Details

Табыстың көзін тәттіден тапты

15.08.2024
Табыстың көзін тәттіден тапты

Елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отырғаны  белгілі. Өйткені орта және шағын кәсіпкерліктің өркендеуі ел экономикасының дамуына жағымды әсер...

Толығырақ...Details

Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру

15.08.2024
Мақсат – әлеуметтің әлеуетін арттыру

Облысымызда өткен жылы 204 адам грант иегері атанса, мемлекет қазынасынан биыл да 204 үміткердің жобасын қолдауға қаржы бөлінген. Бірінші лекте...

Толығырақ...Details

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

27.01.2023
«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ»: АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР БЕРІЛДІ   Семей қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Аталған саладағы игілікті шаралардың нәтижелі түрде...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС