"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ

07.02.2023
СПОРТ НЫСАНДАРЫ – ЖАСТАР ИГІЛІГІНЕ
19
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай аймақтық коммуникациялар қызметінде Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ержан Әбілқасымовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Баспасөз конференциясында айтылғандай, бүгінгі күні облыста 1241 спорт нысаны: 7 стадион, 17 спорт кешені, 10 жүзу бассейні, 358 спорт залы, 2 спорт манежі, 11 атқыш тирі, 3 теннис корты, 714 жазықтық ғимарат, 103 хоккей корты, 9 ипподром, 7 бейімделген спорт залы жұмыс істейді. Оның ішінде 865 спорт ғимараты ауылдық жерлерле орналасқан.

— 2021 жылғы 1 мамырдан бастап республикада «ArtSport» платформасы іске қосылды. 2023 жылы Абай облысының әкімдігі мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін 1 200 086,0 мың теңге сомасына қаражат бөлді. Бұл 5 283 баланы қамтуға мүмкіндік береді,- деді басқарма басшысы.

Абай облысындағы аудандарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қайнар, Ақсуат, Шүлбі ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Бородулиха ауылында спорт модулі, Көкпекті ауылында  жүзу бассейні салынуда. Оның ішінде Қайнар және Ақсуат ауылдарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Көкпекті ауылындағы жүзу бассейні «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бой көтеруде.

— 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 1441,6 млн теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, Абай ауданы Көкбай ауылында, Үржар ауданы Таскескен ауылында спорт модулін салу, Ақсуат ауылының орталық стадионын қайта жаңарту көзделіп отыр,- деді басқарма басшысы.

Облыстың спорт резервін тәрбиелеуде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері ерекше орын алады. 2022 жылы аймағымызда 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істеп, онда 13 864 жасөспірім спортпен шұғылданған. Дене шынықтыру және спорт саласында барлығы 1736 адам қызмет етеді, оның ішінде 911 адам ауылда жұмыс істейді.

— 2022 жылы облыс спортшылары 1240 медаль жеңіп алды, оның 190-ы халықаралық, 1050-і республикалық деңгейдегі жарыстар.  Сондай-ақ облыста 2 халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 10 ҚР спорт шебері, 367 спорт шеберлігіне үміткер, 146 бірінші разрядты спортшы және 2133 бұқаралық разрядты спортшылар дайындалды.  Сонымен қатар өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін спорт клубы құрылды. Онда спорттың 10 түрі бойынша  — жеңіл атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, жүзу, таэквондо, арбамен билеу, тоғызқұмалақ, дойбы, армрестлинг, футбол үйірмелері жұмыс істейді.   Жылдың соңында спорт ардагерлері кеңесі құрылып, төраға мен мүшелері бекітілді,- деді Ержан Әбілқасымов.

2023 жылы Абай облысында 5 спорт ұйымы —  олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі; қысқы спорт түрлері бойынша БЖСМ, дене шынықтыру диспансері, олимпиадалық резервті даярлау орталығы және  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған клуб ашылды.

— Биыл облыс бойынша кәсіби «Елім-ай» футбол клубы, жасөспірімдердің «Елім-ай» футбол клубы құрылды.  «Арена» мәдени-спорт кешенінде су спорты және спорттық ойындар түрлерінен клубтар ашылуда. Мұнда 1200 бала спортпен айналысады. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының тапсырмасымен ұлттық спорт түрлері мен спорт ойындары бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат — колледжін, спортты дамыту дирекциясын ашу жоспарланып отыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қазіргі таңда облыстың қалалары мен аудандары арасында түрлі спартакиадалар  мен біріншіліктер өтуде,- деді Ержан Әбілқасымов.

Басқарма басшысы облысымызда қазақ, дзюдо, кикбоксинг, грек рим күрестерінен және бокстан  ҚР чемпионаты өтетінін де айтып өтті.

— Мақсатымыз  — халықтың барлық санаттары арасында дене шынықтыру мен спортты одан әрі сапалы дамыту, дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын ұлғайту, — деп түйіндеді сөзін басқарма басшысы Ержан Әбілқасымов.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 249 сәйкес емес өнім сатылымнан алынды

28.02.2025
Абай облысында 249 сәйкес емес өнім сатылымнан алынды

Абай облысында сапасыз және талапқа сай келмейтін тауарларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. • Өткен...

Толығырақ...Details

Өңірде мемлекеттік қызметкер саны 300-ге жуық адамға артты

18.02.2025
Өңірде мемлекеттік қызметкер саны 300-ге жуық адамға артты

Абай облысында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту және халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Абай облысының тұрғындарына сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 28,3 миллион теңге қайтарылды

11.02.2025

Өткен жылы өңір тұрғындары тұтынушы құқықтарының бұзылуына бірнеше рет тап болған. Олар сапасыз тауарларды қайтаруға, бағаның шектен тыс жоғары болуына...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы

«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

e-mail:
info@semeytany.kz

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.

Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС