"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР

21.02.2023
ШЫҒЫС, ВОСХОД, ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰР
48
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың халықпен кезекті кездесуі Шығыс, Восход, Водный кенттерінде жалғасты. Шаһар басшысы 2022 жылы  атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында есеп беріп,  алдағы жоспарлар жайлы баяндады.

Зарина КӘП
«Семей таңы»

Есеп беру жиындарына мекемелер мен бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетелік, бұл қала әкімінің осы аумақтағы тұрғындармен екінші рет кездесуі. Бұған дейін кенттегі белсенділермен бірнеше рет жиындар өткізіп, ұсыныстарын тыңдаған болатын. Сондай-ақ апта сайын коммуналдық кәсіпорын өкілдері және бөлім басшыларымен бірлесіп, аумақтағы мәселелерді егжей-тегжейлі талдау нәтижесінде бірнеше жобалар қабылданған болатын.

Қала әкімнің  айтуынша, биыл Семейде облыс орталығы ретінде әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық дамуы үшін ауқымды жұмыстар жоспарланған.

— Биыл бірқатар нақты жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Қалада жалпы ұзындығы 55 шақырым болатын 40 көше күрделі жөндеуден өтетін болады. Оның ішінде Шығыс кентіндегі Көшкінбаева көшесінде 1,6 шақырым болатын асфальт жол салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Өскемен көшесінен Инновациялық-технологиялық колледжіне дейінгі жол учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Водный кентіндегі №34 орта мектепке баратын жол күрделі жөндеуден өтеді. Водный мен Восход кенттерінде екі шақырымнан астам жолдар грейдерленіп, қиыршық тас төселеді,- деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.

Кездесуде бүгінде өзекті болып тұрған қоғамдық көлік, ТҮКШ, сондай-ақ  басқа да әлеуметтік маңызы бар салалардағы мәселелер талқыланды.   Шығыс сол жақ саяжайының тұрғындары электр энергиясына төлейтін тарифтің қымбаттығына шағымданды.

— Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында тиісті органдарда иесіз желілерді тіркеу үшін қажетті дайындық жүргіздік. Құжаттаманы дайындау және конкурстық рәсімдерді өткізу үшін ақшалай қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін тарифтерді төмендету бойынша шаралар қабылдаймыз,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Шаһар басшысы бұл аумақтардағы білім беру мекемелерінің мәселесі де шешілетіні айтты.

— Сіздерді алаңдатып отырған тағы бір мәселе №№12, 34, 47 мектептерде оқушы орнының тапшылығы екенін білемін. Жаз айында бұл мектептерде күрделі жөндеу жүргізіледі. Водный кентінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы басталады. Мектеп ғимараты салынатын жер телімі анықталды,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов. Қала әкімі кенттерде әлеуметтік нысандар мен мектептердің жанында бейнебақылау камералары мен сыртқы жарықтандыру орнатылатынын, осы аумақтарда 8 жаңа металл аялдама павильондарын салу жоспарланып отырғанын айтты. Сондай-ақ әкім алдағы 2 жылда іске асыру көзделген 20 жоба әзірленгенін,  Семей қаласына қарасты ауылдарда ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 11  жоба іске асырылатынын да жеткізді. — Аталған елді мекендерде ұзындығы 70 шақырым болатын су құбырын салу жұмыстары басталады. Ал Шығыс кентіндегі Аюченко және Целинная көшелерінде су құбыры желілері жөнделеді. Шығыс кентіндегі Аюченко көшесіндегі кәріз желілерін қалалық әкімдік, «Семей Водоканал» мекемесіне сенімгерлік басқаруға бере отырып, өз теңгеріміне алады,- деді шаһар басшысы.

Жиынды қорытындылай келе қала әкімі көтерілген барлық мәселелер маңызды екенін және кезең-кезеңімен шешуді талап ететінін атап өтіп, аталған барлық проблемалар хаттамаға енгізілгенін, оған сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленетінін айтты. Атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы сайтта, сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында хабарланатын болады.

Мақалада: ВОДНЫЙ: НЕ ӨЗГЕРІС КҮТІП ТҰРВОСХОДШЫҒЫС

Ұқсас жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!   Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 часов бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

5 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

6 дней бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

6 дней бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

6 дней бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

6 дней бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС