"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЛҚАБИЛЕР СОТЫНЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

23.02.2023
АЛҚАБИЛЕР СОТЫНЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Alikhan Bokeikhan университетінде «Алқабилер соты: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ә. Құрықбаев, Жоғарғы Соттың судьясы Д.Әмір, Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Әкетай, ШҚО судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы Қ.Рахымбердин, сондай-ақ шет елдердің өкілдері — Ресей, Қырғызстан елдерінің заң ғылымдарының докторлары, профессорлар қатысты.

Айтолқын САМАТОВА,

«Семей таңы»

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашатын алқабилер институтын одан ары дамытып, алқабилердің қарауына берілетін істердің  санатын кеңейту туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Жоғарғы Сот «Қылмыстық-процестік кодекске алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Бұл құжат алқабилердің қатысуымен істерді қарау мәселелерін реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруді көздейді. Енді жаңа заңға сәйкес, алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санаты едәуір ұлғайтылмақ.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев алғы сөзінде алқабилер жұмысының ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Алқа билер институтының қызметі тек заң ғана емес, саяси сипатқа ие екенін айта кеткен жөн. Ол сот процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді, халыққа мемлекеттік биліктің үшінші тармағын бақылауға мүмкіндік береді. Халықтың сотқа деген сенімін арттыру сот жүйесінің әрбір қызметкерінің кәсіби біліктілігіне, тәжірибесіне, отаншылдығына, заңды сақтауына және күнделікті тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты, – деді Н.Ұранхаев.

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Досжан Әмір атап өткендей, алқабилер сотының аясын кеңейту әлемдік тәжірибеде бар.

— Біз алқабилердің сот ісін жүргізу институтына қатысты заңнамаға енігізілген өзгерістерді талқылау үшін жиналдық. Өзгерістерге Мемлекет басшысы қол қойды. Алқабилер қарайтын істердің құзыретін кеңейту, жалпы алғанда, әлемдік тәжірибеге сәйкес келетінін ерекше атап өткім келеді. Демократиялық мемлекет үшін алқа билер соты – сот жүйесіне деген әділдік пен сенімнің көрсеткіші,- деді Досжан Әмір.

Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Чақпантаев алқабилердің жұмысына енгізілген өзгерістер туралы айтты.

– Бүгін біз, Абай облыстық соты, шетелден келген өкілдердің, профессорлардың, әзірлеушілердің қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өткіздік. Тақырып өте өзекті. Алқабилердің жұмысына белгілі бір өзгерістер енгізілді. Мысалы, алқабилердің қатысуымен қаралатын баптардың тізімі 32-ге дейін ұлғайтылды. Алдағы уақытта тізімді одан әрі кеңейту жоспарлануда,– деді Қайрат Чакпантаев.

Бұрын алқа билер соты өте ауыр қылмыстарды ғана қараса, енді ауыр және орташа санаттағы қылмыстық істерді қарай алады.

– Бұрын қылмыстық істер ерекше ауыр санатқа жататын болса ғана алқабилердің қатысуымен қаралатын. Қазір ауыр және орташа қылмыстар тәжірибеге енгізілуде. Бүгінгі конференцияға Жоғарғы Соттың қазіргі және отставкадағы судьялары қатысты. Өзгерістерді талқылауға заңгерлер, профессорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері де жиналды. Алқабилер алқасының қызметін кеңейту сот процесін демократияландыруға септігін тигізеді, – деді Қайрат Чакпантаев.

Жалпы, ғылыми конференцияда алқабилер сотының қызмет аясы талқыланып, түрлі пікірлер айтылды.

Мақалада: Халықаралық конференция

Ұқсас жаңалықтар

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!   Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 дня бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

2 дня бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

3 дня бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

5 дней бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

5 дней бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

6 дней бұрын

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

7 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

1 неделя бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС