"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР АБАЙ ЕЛІНЕ КЕЛДІ

28.02.2023
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР АБАЙ ЕЛІНЕ КЕЛДІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 25 ақпан күні Абай облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен келді. Вице-премьер Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығына, жаңадан ашылған оңалту орталығына, Жедел жәрдем стансасының «Әуезов» қосалқы стансасына, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжге барып, мекемелердің жағдайымен танысты. Сондай-ақ  «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен кездесті.

Премьер-министрдің орынбасары алдымен Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығына барды.

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР АБАЙ ЕЛІНЕ КЕЛДІ

Орталық радиофармацевтикалық препараттарды өндіруден бастап радионуклидті диагностика мен терапияға дейінгі толық циклды қамтиды. Бұл Қазақстандағы алғашқы радионуклидтік терапия бөлімшесі. Радиофармацевтикалық препараттарды қолдану емделушілерге шетелге шықпай-ақ ішкі ем алуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте орталыққа заманауи мамандандырылған технологиялық жабдықтарды орналастыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін жаңа хирургиялық корпус қажет. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс жоспарына енгізілген.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары 150 орынға арналған оңалту орталығымен танысты. Мекеме Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген. Орталықта оңалтуды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.

Жұмыс сапары барысында А.Көлгінов «Ауыл аманаты» жобасының ықтимал қатысушыларымен кездесті. Жоба ел Президенті бекіткен Халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

— «Ауыл аманаты» ауқымды бағдарламасы — ауыл тұрғындарына арналған игі бастама. Өңірдің аграрлық әлеуетін ескерсек, ауыл тұрғындарының сұранысқа ие өнімдерді өндіріп, өз ісін дамытуға зор мүмкіндігі бар, – деді А. Көлгінов.

Облыс әкімінің айтуынша, жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы талдау жүргізілген.

— Президенттің ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға облысымыз дайын. «Ауыл аманатына» дайындық барысында әр ауылдық округ бойынша талдау жүргізіліп, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты саны, әр отбасының табысы, халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті өндіріс түрі анықталды. Шаруаларымыз осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланады деп ойлаймын, — деді Нұрлан Ұранхаев.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Семейдегі сол жағалауда орналасқан Жедел жәрдем стансасының «Әуезов» қосалқы стансасын да аралап көрді.

Халық тығыз орналасқан аумақтағы қосалқы станса тәулігіне 250-300 шақыртуға дейін қызмет көрсетеді.  Дегенмен қосалқы станция ғимараты өте ескі, 1958 жылы салынған нысан әбден тозған.

Сондай-ақ жедел жәрдем көліктері үшін тұрақ пен мамандандырылған көліктерге арналған жылы орындар жоқ, бұл әсіресе қыста бригадалардың шұғыл қызмет көрсетуін қиындатады.

Абай облысы ЖМКС бас дәрігері Владимир Ли жаңа типтік ғимарат салу қажеттігін айтты.

– Санитарлық нормалар бойынша қолданыстағы аумақты ұлғайту қажет. Сондықтан жаңа ғимарат салуды қарастырып жатырмыз.  Бұл ұсыныс қарастырылып жатқанда халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін төмендетпеу үшін сол ауданнан жер телімін ұсындық.  Бізге тиісті жер телімі бөлінетін болды, биыл құжаттарын дайындаймыз,- деді ол.

Сапар барысында Алтай Көлгінов  Семейдің ғана емес, еліміздің көрнекті қайраткерлері білім алған Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде болды.  Бұл оқу орны қабырғасында Мұхтар Әуезовтің өзі, Қаныш Сәтбаев, Алаш қозғалысының қайраткерлері және басқа да тұлғалар білім алғаны белгілі.

1903 жылы мұғалімдер семинариясы болып құрылған оқу орны кейін педагогикалық училищеге, ал 1992 жылы педагогикалық колледжге айналды.  Қазір мұнда 1417 студент білім алуда. Колледж студенттері мен оқытушылары — республикалық олимпиадалар мен беделді байқаулардың жүлдегерлері.

Колледж ғимараттарының бір бөлігі тарихи және сәулеттік келбетін сақтап қалса, бір бөлігі заманауи үлгіде.  Дегенмен білім ошағына спорт залы, сондай-ақ концерттер мен кештер өтетін зал қажет.  Сондай-ақ қазандыққа қатысты да мәселе бар.

Колледж директоры Шағангүл Жанаева жоғарыда аталған мәселелердің шешімін тапқанына үлкен ризашылығын білдірді.  Биылғы жылы колледж аумағында жаңа ғимарат салу және оқу орнын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!   Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 день бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 день бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

1 день бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

4 дня бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

4 дня бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

5 дней бұрын

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

6 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

1 неделя бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС