"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Қытай $565 млн-ға коммерциялық келісім-шарттарға қол қойды

29.03.2023
Қазақстан мен Қытай $565 млн-ға коммерциялық келісім-шарттарға қол қойды
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдің Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай шекара ынтымақтастығының 2-ші Достық диалогына қатысушылар екіжақты экономикалық өзара қарым-қатынастарды нығайту туралы келісті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қазақстан мен Қытай арасында барлық бағыттар бойынша өзара қарым-қатынастар ерекше сипатқа ие. Мұны екі елдің сауда, инвестициялар, логистика мәселелеріндегі үздіксіз өзара іс-қимылы дәлелдеп отыр.

«Мемлекет басшылары жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөледі. Биыл “Бір белдеу – бір жол” бастамасына 10 жыл толады. Осы кезеңде арадағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілді. Ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалады. Бүгінде Қазақстанда тау-кен металлургия кешені, өңдеу өнеркәсібі және басқа да стратегиялық салаларда 3 300 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді», — деді Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин форумды аша отырып.

Екі елді дәстүрлі түрде байланыстыратын негізгі аймақ – қытайлық Шыңжаң, оның үлесіне Қазақстан мен Қытайдың барлық тауар айналымының 40%-дан астамы тиесілі. Сонымен қатар екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту әлеуеті зор.

Вице-премьерінің хабарлауынша, Қазақстан қытайлық сатып алушыға $1 млрд-тан астам сомаға 135 тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар Қытайға салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс еті мен қосалқы өнімдерді, шошқа етін, жұмыртқаны, жылқы етін және жоғары маржиналды тауарлардың басқа да түрлерін жеткізе алады.

«Бұл үшін қазақстандық ет өнімдерін Қытайға экспорттауға жануарлардың ауруларымен байланысты шектеулерді жою өте маңызды. Жақында Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымы аусыл тіркелмеген және оған қарсы екпе салынған Қазақстанның бес оңтүстік-шығыс аймағының мәртебесін растауды ұсынды», — деді Серік Жұманғарин Қытай делегациясының өкілдеріне.

Сонымен қатар форумда вице-премьер ҚХР Бас кеден басқармасы мамандарының қазақстандық өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге инспекция жүргізу үшін Қазақстанға келу қажеттігін атап өтті. Бұл отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлеріне қойылатын талаптар туралы хаттамаларға қол қою және келісу рәсімін жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан ҚХР-ға жыл сайынғы бидай жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін және одан да жоғары деңгейге жеткізуге дайын. Бұл үшін инфрақұрылымдық мүмкіндіктер де бар. Мен бір теміржол астық құрамын ҚХР-дың бонд аймағына пилоттық негізде бағыттау туралы тапсырма бердім», – деп Серік Жұманғарин диалогқа қатысушыларды хабардар етті. Сондай-ақ вице-премьер өзара сауда мәселелерін жедел шешу үшін ҚР мен ҚХР арасында Ауыл шаруашылығы жөніндегі шағын комитет құруды ұсынды.

Форумда тараптар жол бойындағы өткізу бекеттері, логистикалық орталықтар мен көлік инфрақұрылымы жұмысының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Қазіргі уақытта «Қорғас» ХШЫО және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да сауда инфрақұрылымы мен шекаралық бақылау жүйесін жаңғырту шаралары қабылданып жатыр. Транзиттік бағыттар, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында дамуда. 2022 жылы Қазақстанның теміржол арқылы транзитпен жүк тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға ұлғайып, 9,4 млн тоннаға жетті. ҚХР-дан автокөлікпен транзиттік тасымалдау екі есе өсіп, 980,6 мың тоннаны құрады.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрінің ақпараты бойынша, Ляньюньган портында Қазақстан-Қытай логистикалық терминалымен бірге жүктердің кедергісіз транзиті үшін қажетті база қалыптастырылған. Қолайлы инфрақұрылымдық жағдай жасау үшін Үрімші мен Алматыда сауда хабын салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа Бақты (ҚР) – Шәуешек (ҚХР) автомобиль өткізу бекеті ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелі ашылмақ.

Шараға Алматы қаласының, Қазақстанның төрт шекара маңы облысының (Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан) әкімдері және ШҰАА өкілдері, сондай-ақ екі елдің бизнес-делегациялары қатысты. Атап айтқанда, форумға 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер, 20 жетекші Шыңжаң кәсіпкері, Қазақстандағы ірі инвестициялық Қытай кәсіпорындарының 10 өкілі келді.

Форум аясында экономиканың түрлі салаларында, атап айтқанда, құрылыс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және т.б. салаларда қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлер арасында B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті. 16 екіжақты құжатқа қол қойылды, оның бесеуі – $565,4 млн-ның коммерциялық құжаты.

Шараны Алматы қаласы әкімдігі және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-тың қолдауымен ҚР Сауда және интеграция министрлігі ұйымдастырды.

Анықтама: 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда $24 млрд-қа жетті. Қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштің бірінен астамға өсіп, $13 млрд-тан асты. Импорт 33,5%-ға өсіп, $11 млрд-ты құрады.

Қазақстан Қытайға мұнай, мыс және мыс катодтар, кен және мыс концентраттары, табиғи газ, ферроқорытпалар, уран, күнбағыс майын экспорттайды. ҚХР-дан негізінен телефон аппараттары, есептеу машиналары, электр өндіретін қондырғылар, қара металдардан жасалған бұйымдар, шиналар, автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар, жол және құрылыс техникасы, автомобильдер әкелінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

15.06.2026
Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

Туристік маусымның қызған шағы қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөл жағалауында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай жүргізуге бағытталған...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

15.06.2026
«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

15.06.2026
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Заң бойынша әскерге шақырудан қандай жеңілдіктер немесе кейінге қалдырулар қарастырылған?   Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

1 день бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

1 день бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

2 дня бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

2 дня бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

2 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

2 дня бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

5 дней бұрын

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

5 дней бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

5 дней бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС