"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

30.03.2023
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысына ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев жұмыс сапарымен келді. Комитет төрағасы алдымен Семей қаласындағы «СемАз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, зауыттың жұмысымен танысты.

Зарина КӘП,
«Семей таңы»

2007 жылы ашылған  ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруші «СемАз» зауытының бүгінде әлеуеті зор. Қазіргі таңда «ГАЗ» және «HINO» маркалы шағын тоннажды көліктер, «BELARUS» маркалы тракторлар мен «SHACMAN» және «DONGFENG» маркалы жүк көліктері, «ZHONGTONG» және «DONGFENG» автобустары, сондай-ақ «Урал» маркалы жол талғамайтын және арнайы мақсаттағы көліктер шығарылады. Екі ауысымда жұмыс істейтін зауыттың өндірістік қуаты да жоғары.

— Бүгін жұмыс сапарымен Абай облысына табан тіредік. «СемАз» кәсіпорнында болдық. Барлық түйткілді мәселелер айтылды. Оның ішінде техникалық реттеу, сертификаттау және сынақтан өткізу, экспорттауға қатысты сұрақтар көтерілді. Бүгінгі таңда бірқатар елдер төменгі экологиялық класты техникаларды қабылдауға дайын. Ол үшін еліміздегі сертификаттау мәселесін шешу керек. Бұл мәселе бойынша барлық шешімдерді қарастыратын боламыз,- деді Қуаныш Елікбаев.

«СемАз» кәсіпорнының жұмысымен танысқан Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы мекеменің жұмысына жоғары баға берді.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

— Бұл — техниканың түр-түрін шығаратын үлкен кәсіпорын. Мұнда  әр түрлі арнайы техникалар жасалады. Бүгін бұл кәсіпорынның  қазақстандық аккумуляторлар сияқты компоненттерді қолдана бастағанын көрдік. Жақын арада отандық шиналарға  көшу жоспарлануда. Дәнекерлеушілердің  жұмысын, яғни автобус шанақтарының қалай дәнекерленетінін көрдік. Мұның өзі — үлкен жетістік. Жұмыс сапасы жоғары деңгейде деген сөз. Алдағы уақытта да табыстар тілеймін,- деді.

Мәртебелі мейман Семей қаласына арнайы келуінің себебін де айта кетті.

— Семей шаһарына келуіміздің өзіндік себебі бар. Биыл  Қазақстан метрологиясына 100 жыл толады. Ал еліміздегі метрологияның даму ошағы осы Семей қаласы. 100 жыл ішінде елімізде орасан зор жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам стандартты техника, осы саладағы жетекші шетелдік ұйымдармен 70-тен астам келісімдер мен меморандумдар жасалған, Қазақстан — барлық негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесі. Бұл — біз үшін үлкен жетістік,- деп түйіндеді сөзін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Нұрланұлы.

Осыдан соң Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Қуаныш Елікбаев Alikhan Bokeihkan университетінде жергілікті қауымдастықпен кездесті.

Абай облысы әкімдігінің және ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу барысында Қуаныш Елікбаев техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді жеткізіп, оларды шешу үшін аймақтық штаб құру қажеттілігін айтты.

Абай облысы — техникалық реттеу саласындағы мәселелерді шешу мақсатында штаб құрылған санаулы өңірлердің бірі.  Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл кездейсоқтық емес, өйткені осыдан тура 100 жыл бұрын аспаптардың өлшеуге жарамдылығын анықтау мақсатында Омбы тексеру палатасының Семей бөлімшесі ашылды.  Осы күннен бастап отандық метрологияның қалыптасуы мен дамуы басталды.

– Техникалық реттеу мәселелерін шешу үшін біз өңірлік штаб құрдық. Бұрын мұндай штабтар өңірлерде жұмыс істеген, бірақ кейіннен таратылды. Басты мақсат – стандарттау, техникалық реттеу мәселелерімен жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерді біріктіріп, ортақ талқылаудан кейін орталық мемлекеттік органдарға өз мүдделерімізді жеткізу. Бұл мамандандырылған ашық алаң жиі ұйымдастырылатын болады, – деді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.

Өңірлік штабқа мемлекеттік органдардың, ірі бизнес өкілдерінің, «Атамекен» ҰКП-ның және басқа да мекемелердің өкілдері енген.

Комитет басшысы Қуаныш Елікбаев тұрғындарды аттракциондар мен ойын алаңдарының қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер көп алаңдататынын атап өтті.

—  Біздің бастамамыз бойынша Үкімет қаулысымен жергілікті атқарушы органдарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жүктелді. Елімізде мұндай нысандарда балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайлары жиі кездеседі. Біздің міндетіміз — барлық деңгейдегі әкімдіктерге осындай нысандарға жауапкершілік пен бақылауды арттырып, нақты тапсырмалар жүктеу, — деп атап өтті Қуаныш Елікбаев.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген жаңа талаптар туралы және олардың орындалуын бақылау қажеттілігі туралы айтып өтті. ЕЭО аясында талаптар үнемі жетілдіріліп, жаңа нұсқалар енгізіліп отыратыны белгілі.

Мысалы, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап құс етіне және оны қайта өңдеу өнімдеріне жаңа техникалық регламент енгізілді. Онда құс етін сумен және басқа да қоспалармен араластырмау туралы шарт бар. Сонымен қатар тексеруден өтпеген құрылғыларды пайдалану фактілері көп анықталып, кейбір кәсіпорындар мен денсаулық сақтау мекемелеріне айыппұл салынған.

Кездесу барысында бизнес өкілдері мен жұртшылық көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, түсіндірмелер алды. Осыдан соң комитет басшысы азаматтарды жеке қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

1 час бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

1 час бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

1 час бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

22 часа бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

23 часа бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС