"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҮТІН ТҰНШЫҚТЫРМАСЫН ДЕСЕК…

04.04.2023
ТҮТІН ТҰНШЫҚТЫРМАСЫН ДЕСЕК…
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ауаның ластануы адам өміріне үлкен қауіп төндіретіні белгілі. Ал Семейдегі күрделі мәселелердің бірі осы ауаның ластануы болып тұр. Абай облысы экология департаменті басшысының орынбасары Мамай Бұтабаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында қала экологиясына айтарлықтай зиян келтіріп отырған «Теплокоммунэнерго» мекемесінің қоршаған ортаға әсері жайында айтылды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Семей таңы»

— Ауаның ластануы Семейдегі күрделі мәселелердің бірі болып тұр. Қоршаған ортаның ластануына жылу қазандықтарының тигізер залалы мол. Қаланың өзінде 18 жылу қазандығы бар. Ақпан айында қоршаған ортаны қорғау және қадағалау мақсатында «Теплокоммунэнерго» мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс барысында ластаушы заттар шығарындыларының мөлшері бейорганикалық шаңның ШЖШ нормасынан артық екендігі анықталды,- деді Мамай Бұтабаев. Тексеру нәтижесінде, ҚР Экологиялық кодексі талаптарының бұзылуына байланысты, 3 заң бұзушылық бойынша іс қозғалып, «Теплокоммунэнерго» мекемесіне әкімшілік жаза қолданылған. Нақтылай айтсақ, ауа құрамында ауыр заттардың көптігіне байланысты 7 406 692 теңге, көмірқышқыл газы көлемінің артуына байланысты 115 922 теңге, көмірқышқыл газы мен азот қышқылының көптігіне байланысты 458 042 теңге айыппұл салынған. Алайда мәселе айыппұлмен шешілетін емес. Себебі дәл осы кәсіпорынға өткен жылғы тексеру нәтижесінде екі бап бойынша 900 мың және 7 миллион теңге айыппұл салынған. Биыл да сол олқылықтар қайталанып отыр. — Айыппұл тығырықтан шығудың жолы емес. Ал экологиялық талаптарды сақтау үшін жылу орталықтарында сүзгі орнатылуы тиіс. Қаламызға тағы бір Жылу орталығы қажет. Облыс әкімдігімен бұл мәселе қарастырылып жатыр,- деді Мамай Бұтабаев. «Теплокоммунэнерго» мекемесі өкілдерінің айтуынша, бүгінде сүзгі орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. — Мекемеге қарасты барлық жылу қазандықтарында шаң соратын батареялық циклон орнатылған. Қазіргі таңда «Ғаббасов» жылу қазандығы бір қазандық пен сүзгі орнату үшін қайта жаңғыртылуда. Ал «35 квартал», «103 квартал», «Зооветинститут» қазандықтарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр,- деді «Теплокоммунэнерго» мекемесінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Данияр Тілеубаев. Мекеме өкілінің айтуынша, қала көмірмен жылытылатындықтан, ауаға бөлінетін көмір тозаңының мөлшері көп. Барлық қазандықтарда сүзгі орнатылғанымен, олар тек шаңның 80 пайызын ғана соруға қауқарлы. Ал соңғы орнатылып жатқан сүзгілер ауаны 95 пайызға дейін тазартуға мүмкіндік береді екен. Жалпы, қала экологиясына, «Теплокоммунэнерго» мекемесінен бөлек, Семей цемент зауыты да айтарлықтай зиян келтіретін мекемелер қатарында болған. Департамент басшылығы атап өткендей, зауытта шаңды 99,9 пайыз соратын сүзгі орнатылғандықтан, тексеріс барысында заң бұзушылық анықталмапты. Силикат зауытында да сүзгі орнатылып жатқан көрінеді. Қалай десек те, өндірістің өрге жылжуы мен түрлі тұрмыстық игіліктер қоршаған орта мен экологияға залалын тигізбей тұрмайды. Сондықтан, кәсіпорындарда сүзгі орнатумен бірге, қаланың жеке секторларындағы үйлерді жылытуды қатты отыннан газға алмастыру, жаңа жылу орталығын салу сынды жүйелі шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етері сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС