"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Біз үшін аңыз болып қаласың»: АҚШ-тағы қарулы топқа төтеп берген қазақ жігіті оқиғаның қалай болғанын айтты

20.04.2023
«Біз үшін аңыз болып қаласың»: АҚШ-тағы қарулы топқа төтеп берген қазақ жігіті оқиғаның қалай болғанын айтты
364
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

24 жастағы Олжас Қаныбек Америкада біліп алып жатқан отандастарымыздың бірі. Ол Флорида штатында қарақшылармен бетпе-бет келіп, оларға сыбағасын тарттырып, желіде танымал болып үлгерді. Жерлесіміздің батылдығына америкалық полиция қызметкерлері де таңдай қағыпты. Stan.kz тілшісіне оқиғаның жай-жапсарын баяндаған ол АҚШ-та не істеп жүргенін, елдегі әсері жайлы айтып берді.

Олжас Қаныбек – Түркістан облысы Кентау қаласында 1999 жылы дүниеге келген. Ата-анасы мен екі туған әпкесі Кентауда тұрады. Өзі үйдің кенжесі. АҚШ-тың Флорида штатында авиация саласында білім алады. Мұнда ұшақ басқарып, тәжірибеден өтуге келген. Америкаға келгеніне үш апта болыпты. Отандасымыз америкалықтарды да, қазақстандықтарды да “шулату” ойымда болмады дейді.

«Оқиға 16-ы сәуір күні сағат күндізгі 17:00-дер шамасында болды. Өзіме «Oper App» деген сайттағы жарнама арқылы телефон алуға бардым. Барған кезде қара нәсілді жігіт мені күтіп тұрды. Телефонды ары-бері қарап тұрғанымда, тағы да екі жігіт келді. Қолдарында бір мылтық пен екі тапанша бар. Маған тапаншаларын кезеп, қол сөмкемді беруімді бұйырды. Ішінен тек қана төлқұжатымды алып үлгердім. Олар сөмкені ала салысымен қаша кетті», — дейді АҚШ-тағы жерлесіміз.

Сөзінше, Олжас үшеуін оңайлықпен жібере салғысы келмеген.

«Үшеуі үш жаққа бөлініп кетті. Біреуін қуып жетіп, мылтығын тартып алдым. Мылтықпен оның басынан ұрдым. Қаруды ұрған соң, астыңғы бөлігі сынып кетті. Баукеспе жерге құлаған кезде, ұялы телефоны мен бір-екі заттары қалтасынан түсті. Содан кейін ол қаша жөнелді. Мен жерге түскен заттарын жинап алдым. Екінші рет қайта қуалап, бейне роликтерді түсіруді бастадым. Бірақ өзімнің заттарымды қайтара алмадым.

Артымнан тағы екеуі қайта келіп шабуыл жасайды. Осыны пайдаланып, мен ұстай алған бұзақы да қашып кетті. Артынша шабуылдаған екеуі де ізім-ғайым жоғалды. Олар қайта келген кезде қолдарынан сөмкемді көрмедім. Басымнан тапаншаларымен ұрды. Сол сәтте қаруларын тартып алып, оларға да қарымта соққы жасадым. Олардың ұялы телефондары мен алтын шынжыры, бір мылтық пен тапаншасы қалып қойды», — дейді ол.

Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, бұлар ұйымдасқан әккі қылмыскерлер екен.

«Өзім тұратын үйдің иесіне айқайлап, полицейлерді шақыруын сұрадым. Мені жергілікті полиция әуре-сарсаңға салған жоқ. Түсініктеме толтыртып, бөлімшелеріне де сандалтпады. Қағаздарын өздері толтырды. Мен қолымды қойып бердім. Олар дер кезінде әрекет етіп, қылмыс орнынан айғақтарды іздеді. Мен тартып алған заттарды алды.

Олардың түрлері мен дене пішімдерін суреттеп бердім. Оқиғаның қалай болғанына дейін шерифтерге айттым.
Жарақат алғаннан кейін, жедел-жәрдем қызметі де жетті. Сол қолымның ортанғы саусағы біреуінің тісін қағып түсірді. Қатты соққы болған соң, қолымды жарақаттап алыппын. Тіпті Америкада өрт сөндіру мен басқа да қызмет түрлері мұндай кезде келеді екен», — дейді сұхбат беруші.

Дегенмен полиция қызметкерлеріі отандасымызды марапаттап, арнайы сый құрметтерін көрсетпепті.

«Жергілікті бөлімшенің бастығы өз алғысын білдірді. Олардың жарты жұмысын істеп бергенімді айтты. Америкалық коптар мұндайды ешқашан көрмедік дейді. Біз үшін аңыз болып қаласың деді. Осылай ризашылықтарын жеткізіп жатты”, – деп баяндады болған оқиғаны қазақстандық жігіт.

Айтуынша, Алматыда оқығысы келсе де, тағдырдың өзі осында айдап әкелгендей.

“Ағылшын тілін оқуға біліп түстік. Бірақ әлі де үйреніп жүрмін. Қарақшыларды түсірген бейнеде, эмоциядан өзімнің қате айтқан сөздерімді байқадым. Одан да жақсырақ сөйлесем болатын еді», — дейді 24 жастағы жігіт.

Олжас әлеуметтік желі арқылы осы оқиғаны достарына жібергенде жақындарына таратпауын сұраған. Бірақ оның отбасы басқалардан біліп қойса керек.

«Ата-анам байқап жүр деп алаңдаушылық білдірді. Мұндай бұзақылардан аулақ жүр деді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі хабарласып, жағдайымды сұрастырған болатын», — дейді отандасымыз.

Оның айтуынша, АҚШ-та бұдан да қауіпті штаттар бар екен.

«Флориданы Америкадағы ең қауіпті штаттардың бірі деп айтсақ болады. Коптар маған қалада күніге атыс, одан кейін адам өлімінің болатынын жеткізді. Содан кейін де жергілікті халық қылмыскерлермен қақтығысқа түспеуге тырысады екен. Сондықтан қарақшылар елді тонап, жеңіл ақшаға үйреніп қалған.

Өзім Американың басқа штаттарында болған жоқпын. Флорида штаты айтарлықтай қымбат. Жатар орнымды, өзімнің компаниям төлеп береді. Екі жарым айға төлейтін қаражатымды да берген. Бірақ оның барлығы баукеспелердің қолында кетті», — дейді ол.

Кейіпкерімізге Америкадағы отандастарымыз да хабарласқан. Нью-Йорктағы қазақ-полицей Димаш Ниязов өз оқырмандарына оқиға туралы бөліскен. Тіпті қылмыстық істі қозғап жатқан полицеймен де сөйлесіпті.

Қазіргі таңда отандасымыз қарақшылардың әлі ұсталмағанын, әзірге еш хабар жоқ екендігін айта кетті.

 

Қадірәлі САРЫПБЕК

Мақалада: "Біз үшін аңыз болып қаласың": АҚШ-тағы қарулы топқа төтеп берген қазақ жігіті оқиғаның қалай болғанын айтты

Ұқсас жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

16.06.2026
Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында азық-түлік өнімдерін белгіленбеген орындарда сату фактілері әлі де кездеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының...

Толығырақ...Details

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

16.06.2026
Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

Абай облысында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар деректерін міндетті түрде түгендеуден өткізуі қажет. Түгендеуден өтпеген азаматтар кезектен шығарылмайды, алайда тұрғын...

Толығырақ...Details

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15.06.2026
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

15.06.2026
Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

Туристік маусымның қызған шағы қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөл жағалауында кәсіпкерлік қызметті заң талаптарына сай жүргізуге бағытталған...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

15.06.2026
«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

Біз бұл шешімді маңызды әрі жауапты қадам деп санаймыз. Әрі оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

15.06.2026
«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Заң бойынша әскерге шақырудан қандай жеңілдіктер немесе кейінге қалдырулар қарастырылған?   Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде стихиялық сауданың алдын алу жұмыстары жалғасуда

19 минут бұрын

Абай облысында мемлекеттік қолдау аясында 1086 жалдамалы пәтер бөлінді

22 минуты бұрын

Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл

1 день бұрын

Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің талаптары түсіндірілді

1 день бұрын

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия құрамына қосылу туралы қабылдаған шешімі үшін шынайы алғыс айтады

1 день бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 день бұрын

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

4 дня бұрын

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

4 дня бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

4 дня бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС