"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚШ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

27.04.2023
АҚШ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Абай облысына инвестициялар тарту үшін барлық жағдайлар жасауға дайын екендігін білдірді.

— Қазақстан мен АҚШ 30 жылдан астам уақыт ішінде саяси, әскери, экономикалық және тағы да басқа салаларда өзара тығыз байланыс орнатты. Жаңадан құрылған Абай облысы шетелдік әріптестермен, соның ішінде америкалық кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Өңірімізге инвестиция тарту үшін жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті жағдай жасауға дайынбыз, — деді Нұрлан Ұранхаев.
Бүгінгі күні АҚШ — Қазақстанға 62 миллиард доллардан астам инвестиция құйған ірі инвесторлардың бірі. Экономикасы тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларына негізделген.
— Семейге алғаш рет келіп отырмын. Абай облысымен серіктестігімізді жалғастырғымыз келеді. Болашақта Ұлы Абайдың туған жеріне — Қарауыл мен Жидебайға барамын деп үміттенемін. Қазақстан тәуелсіздігінің ең бастапқы кезеңінен бастап АҚШ-тың қолдауына ие болды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бейбітшілік көшбасшысына айналды. Соңғы 15 жылда Қазақстанға АҚШ-тан 15 миллиард доллар тікелей инвестиция құйылды, — деді Дэниел Розенблюм.
Айта кетейік, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университет Арканзас Университетінің жаңғыртылмалы қуат технологияларын ауыл шаруашылығында қолдану туралы бастамасына қосылды.
Еске сала кетейік, Америка Құрама Штаттары 1991 жылдың 25-ші желтоқсанында ең алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Ал 1992 жылы АҚШ Алматы қаласында өзінің елшілігін ашып, 2006 жылы оны Астана қаласына ауыстырды. Сонымен қоса АҚШ Семей полигонын жабу мәселесінде Қазақстанды қолдап, 1993 жылы ядролық бомбаларды, қару-жарақ материалдарын және оларды жарақтандыратын инфрақұрылымдарды жоюға көмектесті.

«СТ» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

29.08.2026
Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

Құрметті жерлестер! Сіздерді өткен сайлауда «ӘDILET» партиясының сенімді жеңісімен құттықтаймын! Бұл жеңіс – сіздердің бізге деген сенімдеріңіз! Бұл – алдағы...

Толығырақ...Details

Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

27.08.2026
Шалқар Байбеков Құрылтайдың І шақырылым депутаты атанды

«Әділет» партиясының атынан Абай облысынан ұсынылған алты кандидаттың үшеуі Құрылтай құрамына өтті. Солардың бірі – Абай облысы мәслихатының төрағасы қызметін...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

21.08.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үндеуі

Құрметті отандастар!   Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

4 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

5 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС