Жақында Самар ауылында Көкпекті ауданының мемлекеттік қызметкерлерінің семинар кеңесі өтті. Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына қойған тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет құрылымындағы болған реформалардан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру барысында өткен бұл семинар аудан бойынша алғаш рет өтіп отыр.
Жиын барысында мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметтегі жаңа реформаларға сәйкес жұмыс істеуі, олардың құқығы мен міндеттері, халық алдындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға қатысты мәселелер қозғалды.
Жиында аудан әкімі Д. Мусинге және бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге агенттіктің Алғыс хаттары табысталды. Ауданның үздік мемлкеттік қызметкерлері түрлі аталымдар бойынша марапаттталды, сонымен бірге жаңадан қызметке орналасқан мемлекеттік қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Клара НҰРПЕЙІСОВА.