"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

16.05.2023
ТУҒАН ЖЕРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі, 13 мамыр күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актрисасы Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарованың 80 жылдық мерейтойына орай, өзі қызмет атқаратын Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы Ф.Буляковтың “Отыз ұлың болғанша…” атты мұңды комедиясын Абай облысы халқының назарына ұсынды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Спектакль басталар алдында театр ұжымы Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді.
— Туған жеріме келмегеніме елу жылдай болыпты. Мерейтойымның алдында әріптестеріммен ақылдасып, Абай жеріне, Семей топырағына келіп өнер көрсетуді жөн санадық. Семей шаһарының әр көшесі — тұнып тұрған тарих қой. Абай облысы құрылып, Семей қаласы орталығы ретінде бекітілгенде елмен бірге біз де қатты қуандық. Біздің театр ұжымының өнеріне қолдау білдіріп, сый-құрмет көрсеткен Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, Абай театры ұжымына зор алғыс айтамын,- деді Ғайникамал Байқошқарова.
Айта кетейік, актриса Ғайникамал Байқошқарова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. 1943 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1965-1969 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімінде театр-кино актері мамандығы бойынша білім алған. 1974 жылдан бері М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса болып еңбек етеді. Бірнеше қазақстандық телефильмдерде ойнаған.
— Өнерге жанкешкі адамдар ғана келеді. Ғайникамал Мұқанқызы медициналық институттың ІІІ курсында оқып жүрген кезінде өнер жолына қадам басты. Осы уақытқа дейін түрлі образдағы жүзден аса рөлді сомдады. Соның ішінде көбінде менің спектакльдерімде ойнады. Актер Саят Мерекеұлы, бәріміз өнерді бірге бастадық, әлі күнге жұбымыз жазылмай келе жатыр. Бүгін Абай халқына ұсынатын «Отыз ұлың болғанша…» спектаклінің сахнадан түспей келе жатқанына 23 жыл болыпты. Мұнда ата-ананың қадір-қасиеті, рухани құндылықтар, ұлттық діл мәселелері қозғалады,- деді спектакль режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Әубәкір Рахимов.
Спектакльдің актерлік құрамы — Ғайникамал Байқошқарова, Нүкетай Мышбаева, Рашида Хаджиова, Салиха Қожақова, Жалғас Толғанбай, Гүлшат Тутова, Саят Мерекеұлы, Жанат Тиенбаев, Әлсейіт Есбатыров.
— Мен бұл қара шаңыраққа 1986 жылы келдім. Содан бері 36 жыл көлемінде Ғайникамал әпкемізбен бірге өнер көрсетіп келемін. 100 сериядан тұратын «Қара шаңырақ» сериалында Ғайникамал Мұқанқызы үш ұлдың анасының рөлін сомдап, халыққа танымал болды. Өмірде қарапайым, адамгершілігі мол жан. Нағашы әжелері Тобықты руынан, хакім Абайдың ұлы Тұрағұлдармен біте қайнасып бірге өскен адамдар. Бойындағы жақсы қасиеттері нағашыларынан берілген деп ойлаймын,- деді әріптесі Саят Мерекеұлы.
Баспасөз мәслихаты барысында қонақтар БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, қазақ кино индустириясының дамуы туралы ой-пікірлерін бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық мекеме. 1925 жылдың соңында сол кездегі Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласында негізі қаланған. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 жылы 10 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақинасымен» ашылды. 1929 жылы театр труппасы Алматыға көшірілді.
2020 жылдың 20 желтоқсанында Республика Президентінің арнайы Жарлығымен театрға «ұлттық» мәртебе берілді. Ұжым 15 мамыр күні Аягөз ауданына гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

6 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС