"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Табысты болудың тиімді жолы

16.05.2023
Табысты болудың тиімді жолы
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 77 пайызының кредиттері бар. Қарыз алушылардың төрттен бір бөлігінің (шамамен 1,8 миллион адам) несиелік төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі бар. Қаржы мамандарының айтуынша, азаматтардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызы зор.

Айкөркем МАҚЫШ,
«Semeı tańy»

Осы ретте Семейде АҚШ Елшілігінің қолдауымен «Asyl Niet» қоғамдық бірлестігі «Қаржылық сауаттылық – қаржылық еркіндікке жол» атты тегін тренинг өткізді. Тренингте 25 жылдық тәжірибесі бар психолог және қаржыгер Жанар Әділбаева қаржылық шекті қалай бұзуға, кез келген кіріспен ақша жинақтауға, несиелерден арылуға және тиімді инвестициялауға болатынын түсіндірді.
— Әр адам қаржылық жағынан еркін бола алады. Сіз кез келген кіріспен ақша жинай аласыз. Біз адамдарға қалай мақсат қою керегін, қалай ой көкжиегін өзгертуге болатынын үйретеміз. Кіріспен бірге, шығындарды бақылауда ұстаудың маңызы зор. Мен өз құзыретім шеңберінде кірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін әдістерді түсіндіремін. Сондай-ақ бізде Инвестициялар блогы және несиелеудің үлкен блогы бар. Соңғы блокта біз ипотеканы тиімді алу жолдарын, банк қызметкерлерімен қалай сөйлесіп, қандай сұрақтар қою керегін және несиелерді қалай тез жабуға болатынын кезең–кезеңімен үйретеміз, — деді тренинг спикері Жанар Әділбаева.
Осындай қаржы саласында кең ауқымды қамтитын тренинг әрбір қоғам мүшесіне пайдалы екені рас. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, олар кәсіпкерлердің қаржылық тұрғыда дамуына да ықпал ететін көрінеді.
— Бізге кеңес алуға қанша ақша табатынын және қанша ақша жұмсайтынын білмейтін кәсіпкерлер жиі келеді. Олардың айналымында ақша бар, бірақ кірістілігі белгісіз. Мен бухгалтерлік есеп жүргізуді үйретемін. Сондай-ақ пассивті табыс табуға көмектесемін, ақшаны қайда салу тиімді екенін айтамын, — деді спикер.
Бұған дейін Алматы, Астана, Шымкент және Түркістанда ақылы негізде өткізілген тренинг Абай облысында тегін ұйымдастырылды.
— Сауалнама нәтижелеріне талдау жасай отырып, адамдардың шамамен 80 пайызы ай сайынғы табысынан 5, 10 және одан да көп пайыз жинайтынын анықтадық. Сондай-ақ бізді халықтың пайыздық мөлшерлемесі жоғары несие алатыны алаңдатып отыр. Тұтынушылық несиелерімен, бөліп төлеуімен қоса, адамдар жоғары пайыздық ипотека және автокредит төлеп отыр. Несие алудан гөрі, қаражатты үнемдеп, ақша жинаған тиімдірек. Халықаралық несие бюросының мәліметі бойынша, он жыл ішінде халықтың несие алуы 1995 есеге өскен. Олардың төрттен бір пайызы несиесін өтей алмайды. Карантин басталған 2020 жылдан бері несиеге тек мүлікті ғана емес, тіпті тамақты да ала бастады, — деді «Asyl Niet» орнықты даму жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айжан Мұқатаева.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС