"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МУЗЕЙ ТҮНІНДЕ

19.05.2023
МУЗЕЙ ТҮНІНДЕ
61
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласында Халықаралық музей күні аясында жыл сайын «Музей түні» акциясы дәстүрлі түрде өтеді. Шаһарымыздағы барлық мұражайларда 18 мамыр күні сағат 18:00-де басталған аталмыш мерекеде музей қызметкерлері арнайы әзірлеген бағдарламалары аясында келушілердің назарына ерекше жәдігерлерін, әр түрлі өнер туындыларын ұсынып, қонақтарының көңілінен шығуға тырысты.

Айкөркем МАҚЫШ,
«Semeı tańy»

Аталған шараның мақсаты – музей жәдігерлерін жұртшылық назарына ұсыну арқылы мәдени құндылықтарды, тарихымызды насихаттау.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне келушілер «Көне алтын» көрмесін тамашалады. Бұл көрмеде Шілікті Алтын адамының реконструкциясы, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы мен Аягөз ауданындағы Бозай қорымынан табылған археологиялық олжалар қойылды. Сонымен бірге Үржар ханшайымы да қонақтарды сән-салтанатымен қарсы алды.

 

Сондай-ақ «Ескі Семей» фотокөрмесі, «Шыны тарихынан» көрмесі, «Қиял әлемі» балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдарынан жәрмеңке өтті.

Іс-шара басталар алдындағы құттықтау сөзінде облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев атап өткендей, дәстүрлі «Музей түнінің» маңызды сәттерінің бірі – әр түрлі адамдардың ортақ бір мүддеге бірігуі.

— Біз осындай мерекені бірге өткізуге, тарихи танымымызды кеңейтуге, қызықты адамдармен кездесуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Өлкетану мұражайы бұл мерекені дәстүрлі түрде жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді және бұл жылы да жақсы өтеді деген сенімдемін, — деп атап өтті Айдар Садырбаев.

Биылғы жылы халық қолөнерін,  ұлттық ойындарды насихаттауға көп көңіл бөлінуде. Қолөнершілер өздерінің шеберханаларын ашық аспан астында орналастырып, «Қыш құмыра» және «Петроглифтер» тақырыбындағы шеберлік сабақтары аясында керамика дөңгелегі мен ағаш кескіштермен жұмыс істеу дағдыларын керемет меңгергендерін көрсетті. Сондай-ақ музейге келушілер «Тоғызқұмалақ», «Садақ ату», «Асық ату», «Бестас», «Қол күресі», гір көтеру сынды түрлі спорттық ойындарға қатысып, күштерін, мергендіктерін сынауға мүмкіндік алды.

«Музей түні» аясында танымдық викториналар мен фотоға түсу алаңдары ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн. Концерттік бағдарлама да ұсынылып, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармония мен Қалалық Мәдениет сарайының әртістері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі музей қонақтары алдында өнер көрсетті.

Бұл күні Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында да мәдени-көпшілік шаралар өтті.

 

Семей қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» квесті ұйымдастырылды.  Ойын барысында қатысушылар музей залдары бойынша тапсырмалар орындап, үздік деп танылған қызметкерлер алғыс хаттармен, Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Музей түнінде» қала тұрғындары мен музей қонақтары үшін Абай мен Шәкәрім шығармашылығына арналған әдеби композиция және Абай монологі көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен қатар келушілер Семей қаласы Жастар орталығының концерттік бағдарламасын, қала суретшілерінің пленэрін тамашалап, фотоаймақта суретке түсіп, музей аумағындағы суретшілер салып берген лездеме портреттерге ие болды.

Шара аясында Шәкәрім университеті студенттерінің «Шәкәрім өрнектері» ұлттық киімдер дефилесі көрсетілді. Абай музейіндегі мәдени-көпшілік шараны ұйымдастыруға атсалысқан мәдениет саласының мамандарына алғыс хаттар табыс етілді. Музей қызметкерлері Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Музей экспозицияларын тамашалаған көрермендер қатары да көп болды. Абай мен Шәкәрім шығармашылығы жайындағы викторина сұрақтарына жауап берген белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Музей түнін онлайн режімде өткізді. Айта кетейік, желтоқсан айында қаламыздағы бірегей музей өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтпек. Қазір музей және оның тарихы, қызметкерлері туралы бірнеше сериядан тұратын фильм әзірленуде. 18 мамыр күні деректі фильмнің алғашқы сериясы жарық көріп, көрерменге жол тартты.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

6 дней бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 неделя бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС