"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОРМАН ӨРТІ АУЫЗДЫҚТАЛМАЙ ТҰР

25.05.2023
ОРМАН ӨРТІ АУЫЗДЫҚТАЛМАЙ ТҰР
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысындағы орман өрті әлі ауыздықталмай тұр. Дүйсенбі, 22 мамыр күні түсте Ресей Федерациясының Алтай өлкесіндегі Новенькое ауылының маңында тұтанған өрт желдің ықпалымен Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 шақырым қашықтықтағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағына жеткен болатын. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен облыс басшылығы бірден тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.

Оқиға орын алған сәттен бастап облыстық жедел штаб құрылып, орман өртін сөндіруге барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды. Өрт аумағында 400-ден астам адам мен 100-ге тарта техника, екі тікұшақ жұмыс істеді.

Жағдайды өз бақылауына алған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев сейсенбі күні Бородулиха ауданына барып, орман алқабының үстінен тікұшақпен ұшып өтіп, барлау жасады. Содан кейін өңір басшысы жедел штабта көшпелі кеңес өткізіп, ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов пен облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың есептерін тыңдады.

— Мамандар кезекшілік етеді. Сөндіру жұмыстары барлық ошақтарда жүзеге асырылуда. Басты міндет — елді мекендерге жалынның таралуына жол бермей, өртті тезірек сөндіру. Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Орман қорына келтірілген залалды өрт толықтай сөндірілген соң есептейміз, — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Алғашқы сәтте жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына қауіп төнбегенімен, өрт алаңының ұлғаюына байланысты Березовка ауылының 300-ге жуық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.

23 мамырда өртті сөндіруге 2 тікұшақ, жеке құрамның 348 өрт сөндірушісі және 96 техника жұмылдырылған. Ал кеше, 24 мамыр күні таңертең Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен бейнеконференция режимінде жедел штаб отырысы өтіп, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мән-жайды баяндады.

Аймақ басшысы өрт орнына қайта оралды. Орман өртін облыс басшылығы мен ТЖ қызметтері қатаң бақылауда. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстарының нәтижесінде отқа оранған үш ошақтың 2-уі оқшауланып, сөндірілгені жайлы облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.

Үшінші ошақтағы жағдай әлі де күрделі болғандықтан, қосымша күштер мен құралдар тартылды. Өртті сөндіруге 434 адам, 109 өртке қарсы техника және су жинау жүйелері бар екі МИ-8 тікұшағы жіберілді.

— Бүгін бізге Астана, Павлодар, Қарағанды облыстарынан ТЖМ күштері — жеке құрамның 130-ға жуық адамы және 26 өртке қарсы техника көмекке келді. Сағат 11-ге қарай біз Қарағанды облысы мен ҚР Қорғаныс министрлігінен тағы 2 тікұшақ келеді. Бұдан басқа, Қорғаныс министрлігінің әлеуеті қосымша тартылатын болады, бұл оңай өтетін техника, бульдозерлер, біз оларды мемлекеттік қордың аумағын өртке параллель өтетін және 2 магистралды жалғайтын жолдан толығымен бөліп тастау үшін қолданатын боламыз», — деді Димитрий Гариков.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Марат Күлдіков те келді.  Өрт аумағында командалық-штабтық машина жұмыс  жасауда. ТЖМ және Абай облысы ТЖД жедел штабтарының дағдарыстық орталықтары құрылды. Тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін ӨКМ жеке құрамының кезекшілігі ұйымдастырылды.

Өрт сөндірушілерге Абай облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы алғашқы сәттен бастап көмек көрсетуде. Болжам бойынша, өрт 1500 гектар аумақты шарпыған. Бородулиха ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы да дабыл бойынша көтерілді. Сондай-ақ халықты құлақтандыру үшін және аумақты қарауылдау мақсатында полиция қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп өрт аймақтарына жақын орналасқан 3 елді мекенді аралауда.

Аудан орталығында 3 эвакуациялық пункт орналастырылған, сондай-ақ өрттен зардап шеккен азаматтарды жеткізу үшін ПАЗ маркалы 4 автобус берілді.

 

Өз тілшіміз

Мақалада: ОРМАН ӨРТІ АУЫЗДЫҚТАЛМАЙ ТҰР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

4 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

6 дней бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

1 неделя бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 неделя бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС