"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

20.10.2014
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тарихы өткен ғасырдың басынан бастау алатын, күллі Алаш жұртының бағына туған арыстарымыз негізін қалап кеткен «Семей таңы» газетіне биыл тоқсан бес жыл толмақ. Ата басылымның мерейтойын атап өту аясындағы шаралар жалғасын табуда. Соның бірі — осы аптаның сейсенбісі күні өткізілген газет ғимараты орналасқан  Интернационал көшесіне көшет отырғызу рәсімі. Шараға «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің ұжымдары қатысты. Оннан астам шетен ағашының көшеті егілді.

Көшет отырғызу сынды игілікті іс — адам бойындағы табиғатқа, қоршаған ортаға деген құрметпен қарайтын, оны бағалай білетін жасампаздық қасиетінен хабар беретіні белгілі. Әрі отырғызылған жас ағаш жылдар өте келе тамыр жайып, үлкен мәуелі тал болып жайқалған шағында, өсіп тұрған жеріне көрік сыйлап тұрары да анық.

Сонымен осы аптаның сейсенбісі күні Интернационал көшесімен жүріп өткен қала тұрғындары «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің  қызметкерлері мен тілшілерінің білек сыбанып шетен ағашының жас өскіндерін бір сызықтың бойымен егіп жатқанының куәсі болды. Әлқисса, компьютердің пернетақтасын бір уақыт күрекке айырбастаған шығармашылық ұжым мүшелері іске бар ынтасымен кірісіп кетті. Мұндай жұмысты күнде істеп жүрмесе де, ептілік танытқан тілшілер мен қызметкерлер әп-сәтте жас ағашты егетін орындарды әзірлеп қойды.

— Бүгінгі шараның мән-маңызы зор деп түсінемін. Себебі, шара ғасырға жуық тарихы бар газеттің мерейтойын атап өту аясында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, менің білуімде, баспананың іргетасының қалануы, ағаш егу – өте үлкен мәні бар рәсімдер. Әрі бұл көшеттер басылымның берекелі болашағының бейнесі іспеттес,-дейді бас редактордың орынбасары Флора Левина.

 

{jcomments on}Отырғызылған жас көшеттер «Семей таңы» газетінің тоқсан бес жылдығын атап өтудің белгісіне айналумен қатар, ата басылымның 100 жылдығын, одан да ары қарай тойланатын мерейлі мерекелердің  куәсі болады деген үміт бар. Себебі, орташа есеппен алғанда шетеннің жасы 80-100 жылды құрайтын көрінеді. Жас тілшілер мен жас көшеттер бірге өсіп, қала мен халыққа қуаныш сыйлауға жазсын!

 

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

22 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС