"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ДӘСТҮРЛІ ФЕСТИВАЛЬ

20.10.2014
ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕГЕН ДӘСТҮРЛІ ФЕСТИВАЛЬ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде ХІ-ші халықаралық «Ертіс әуендері» фестивалі өтті. Шара аясында алты концерт ұйымдастырылып, мыңнан астам өнерпаз қатысты. Сондай-ақ Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында қолөнер бұйымдарының көрмесі де өтті.

Орыс әлеуметтік —  мәдени орталығы мен Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнерінің мұражайы биыл халық шығармашылығының жаңа күзгі көрмесін ашты.

Көрмеге қатысушылардың арасында Семей, Өскемен қалаларынан және Шемонаиха ауданынан келген шеберлер, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,  «Семей» колледжінің, жастар мен балалар шығармашылығы сарайының өнерпаздары болды. Көрмені тамашалаған жұрттың назарына 300-ден астам жәдігер ұсынылды. Көрмеде әртүрлі әдістермен орындалған бұйымдар көрсетілді. Олардың ішінде декупаж, папье-маше техникасы, бұл пластикасы, тағы басқа техникалар бойынша жасалған, заттар бар. Сондай-ақ, көрмеге моншақтан тоқылған, газет қағазынан жасалған түтіктен тоқылған, бізбен және ілмекпен тоқылған жәдігерлер, қайыңның қабығына салынған суреттер, ағаштан, шыныдан және қыштан жасалған бұйымдар қойылды.

Биылғы көрменің ерекшелігі ретінде өте жоғары кәсіби шеберлікпен орындалған   туындылар мен салт-дәстүрден хабар   беретін жәдігерлердің көрсетілуін айтуға  болады.

Қолданбалы өнер туындылары көрмесінен бөлек, өткен аптада фестиваль аясында арнайы концерттер ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша Абай атындағы театрда гала-концерт өткізілді. Бұл шараның шымылдығын Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева ашты.

— Бұл фестиваль қаламыздың, өңіріміздің мәдени өміріндегі үлкен шара. Фестивальге қатысушы семейліктер мен қала тұрғындарына дәтүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ауқымды шараға қош келдіңіздер. Осы байқаудың дәл Семей жерінде ұйымдастырылып отырғаны атап өтуге тұрарлық жайт. 11 жыл қатарынан орыс әлеуметтік-мәдени орталығының ұжымы бізді концерттерімен қуантып келеді. Өз атымнан, қала әкімі Айбек Кәрімовтің атынан фестиваль қатысушыларына ризашылық білдіремін,-деді өз сөзінде Зәуреш Рамазанқызы.

 

{jcomments on}«Ертіс әуендері» дәстүрлі халықаралық фестиваліне биыл Қазақстан мен Ресейдің жиырма қаласы мен ауылдарының шығармашылық ұжымдары қатысты. Яғни, мыңнан астам өнерпаз бен сексеннен астам өнер ұжымы. Өзінің құттықтау сөзінде Семей қалалық орыс әлеуметтік-мәдени орталығы төрайымының міндетін атқарушы Надежда Козырева да қатысушыларға жақсы өнер көрсетулерін, алдағы уақытта жақсы деңгейде еңбек етулерін тіледі.

 

Фестивальге қатысуға Семей, Ақсу, Қапшағай, Өскемен, Бийск, Барнауыл, Кемерово және тағы да көптеген қалалардың ансамбльдері мен жеке орындаушылары өтініш білдірген. Байқауға Семейге танымал Валентин Шпак жетекшілік ететін Бийск қаласының «Сібір дауыстары» муниципалдық халықтық хор ұжымы, Анатолий Костюк басқаратын Өскемен қаласының «Орыс әні» халықтық хор ұжымы, Владимир Неведомыйдың жетекшілігіндегі Рубцовск қаласының «Алтайдың баурайында» халықтық хоры мен тағы да бірқатар өнер ұжымдары қатысты. Рубцовскі мен Семей қаласының әрқайсысының атынан қатысқан өнер ұжымдарының саны бесеу болды.

Бұл шараға семейлік танымал өнерпаздар да белсене қатысты. Атап айтқанда, «Айша Бибі» қазақ ансамблі, «Иртыш моңнары» татар ән мен би ансамблі, «Айнхайт» неміс ансамблі, жақында құрылған «Братцы» ансамблі мен «Исток» халықтық хоры. Сондай-ақ, Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның «Славянка», «Эстера» вокалдық студиясы мен «Альфа данс» би тобы сияқты өнер ұжымдары қатысты.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Би өнері», «Жас орындаушылар концерті», «Аспапты миниатюра», «Вокал жанры», «Хор жанры» сияқты аталымдар бойынша марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер қатарына Ново-Алтайскінің «Коробейники» би ансамблі, Астана қалсының «Станичники» халықтық хоры мен Бийск қаласының «Сібір дауыстары» шығармашылығы бар. Сондай-ақ, отыздан астам өнер ұжымы ХI-ші  дәстүрлі халықаралық «Ертіс әуендері» фестивалінің лауреаты атанды. Екі күн өткізілген байқаудың қорытындысы, міне, осындай болды.

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

22 часа бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

7 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС