"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

06.06.2023
ЖЕР МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

Жер — халықтың ырысы, сондықтан тиімді пайдаланылуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз пайдаланылып отырған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда. Президент тапсырмасына орай, еліміздің әр өңірінде жер комиссиясы құрылып, аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жер қатынастары бөлімінің басшысы В.Калиновский Бесқарағай ауданы әкімдігінің отырысында осы бағытта атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»

— Мемлекет басшысының жерді тиімді игеру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Бесқарағай ауданында біршама жұмыстар еңсерілді. Шаруа және фермер қожалықтарының, заңды тұлғалардың жайылымдық жерлерді пайдалануына мониторинг жүргізілді. 543 жер пайдаланушы, яғни барлық жер пайдаланушылардың жерлері зерттелді. Тексеру нәтижесінде жайылымды пайдаланбаған немесе мал басы жүктемеден 20 пайызға кем 35 шаруашылықтың ауданы 33930,7 гектар болатын аумақты заңнамаға сәйкес пайдаланбай отырғаны анықталды. Бұл аумақ — ауыл шаруашылық маңыздағы жерлер санатында тұрған барлық жайылымдық жерлердің 9,4 пайызы.
Мониторинг жұмыстарынан соң жалпы ауданы 122,3 гектар болатын 3 жер телімі қайтарылды, оның 4,2 гектары — шабындық, 97,3 гектары — жайылымдық болса, 20,8 гектары — өзге де жерлер,- деп атап өтті В.Калиновский.
Бөлім басшысының айтуынша, Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне тексеру жүргізу үшін 32 шаруашылық иелігіндегі жалпы ауданы 33 808,4 гектар болатын жер телімдері жайлы материалдар жіберілген. Биылғы жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша, департамент тарапынан 11 жер пайдаланушы тексерілген.
5739,4 гектар аумаққа иелік ететін «Бескаргай Агро», «JASA» ЖШС, «Коль», «Ауыл» «Толымхан» шаруа қожалықтары сынды 5 шаруашылықтың жер заңнамасы талаптарын бұзғандары анықталып, басшыларына ескерту берілді, 1 жыл мерзімде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Көрсетілген мерзімде жер мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда, жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап арыз жолданбақ. Сонымен бірге мемлекеттік кірістер басқармасына жер салығын 20 есе ұлғайту үшін материалдар жіберілді.
Дегенмен жер пайдаланушылардың көпшілігі мемлекет қазынасын ысырап қылып, жөн-жосықсыз игеріп отыр деуге де болмайды. Жер-ананы мақсатты пайдаланып, көл-көсір өнімін алып, төрт түлігін өрбітіп отырғандар да аз емес.
— 15396,1 гектар аумақтағы «Арбиев», «Шыгыс», «Салтанат», «Береке», «Шаңырақ-3», «Ержан» сынды алты шаруашылықты тексеру барысынды заң бұзушылық әрекеттері тіркелмеді. Қалған шаруашылықтардағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін департамент тарапынан тексеру жүргізілетіні туралы ескерту хаттарды тапсыру үшін басшылардың тұрғылықты мекенжайлары анықталуда.
Егістік жерлердің ауданы 88 673 гектарды құрайды. Бұл жерлердің пайдаланылуы бекітілген кестеге сәйкес мамыр, маусым айларында тексеріледі. Бүгінгі күнге дейін Беген, Жетіжар және Қарабас ауылдық округтеріндегі ауылшаруашылық жерлері тексерілді. Қазіргі күні мәліметтер өңделу үстінде. Пайдаланылмай отырған жерлер бойынша материалдар департаментке жіберілетін болады. Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерді анықтау жұмыстары жалғасын табуда және тұрақты бақылауда тұр,- деді В.Калиновский.

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

6 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

6 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

6 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

23 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

23 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС