"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРМАДА 20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

05.07.2023
ЖАРМАДА 20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астана күні қарсаңында Жарма ауданының Қалбатау ауылында 20 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді. Шараға аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысып, көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен жандардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, өз құттықтауын жеткізді.

А.ӘБІЛ,
«Semeı tańy»

— Еңселі елордамыздың 25 жылдық мерейлі мерейтойы қарсаңында сіздерге баспана кілтін тапсырып отырмыз. «Үйі жоқтың күйі жоқ» дейді. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін. Жаңа үйлер «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде салынды. Қазір ауданымызда облыс басшысы Нұрлан Ұранхаевтың тікелей қолдауымен 30 пәтерлі 3 қабатты және екі пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады,- деді аудан әкімі.

Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі — Нұржан Құсбековтің отбасы.

— Көп балалы отбасы ретінде екі жарым жылдай үй кезегінде тұрдық. Бүгін үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымыз бар. Қалбатау ауылында 2016 жылдан бері тұрып жатырмыз. Содан бері алты пәтер ауыстырдық. Өте қуаныштымыз,- дейді Қалбатау ауылының тұрғыны Нұрбол Құсбеков.

Айта кетейік, Жарма ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы жеке инвестор есебінен салынуда.

— Қазіргі таңда ауданымызда жалпы аумағы 3375 шаршы метр болатын 25 екі пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Бүгін, міне, Қалбатау ауылының Әуезов көшесінің бойында жалпы ауданы 1160 шаршы метр 8 екі пәтерлі баспананың құрылысы аяқталды. Пәтерлердің аумағы — 60 және 85 шаршы метр. Сондай-ақ аудан орталығындағы Искаков көшесінің бойында жалпы аумағы 1490 шаршы метр 12 екі пәтерлі, Шар қаласында жалпы ауданы 725 шаршы метр 5 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Инвестор — Динара Исабаева. Мердігер компания — «Жарма ҚұрылысГаз» ЖШС. Аталған үйлердің жалпы сатып алу құны 573,75 млн тенге. 1 шаршы метрдің құны — 170 мың тенге. Аталған баспаналар ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қалбатау ауылының Достық көшесінің бойында 30 пәтерлі 3 қабатты үйдің құрылысы басталды. Биылғы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар,- дейді Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бейбіт Мұхаметқали.

Мақалада: ЖАРМАДА 20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС