"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТАҒДЫРЛАС БАУЫРЛАР (1-бөлім)

(Кейіпкердің айтуымен жазылған)

09.06.2023
ТАҒДЫРЛАС БАУЫРЛАР (1-бөлім)
2.3k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Адам өмірінде тағдырыңды шыр айналдыратын жағдай болады екен. Айналдырып қана қоймай, өзгертіп жіберетін жайлар кездеседі екен.
Мен отбасылы болып, мықты жерде қызметте жүріп, дүркіреп жүрген кезімде, басымда өмірімді күрт өзгерткен оқиға болды. Әкем соғыс ардагері болған, әкем өмірінің соңында аманат етіп қалдырған табыстаған ісі бар еді. Томск каласына сол аманатты орындау үшін жол тарттым. Сонау ала сапыран заманда әкемді аштықтан құтқарып қалған отбасы болған екен. Сол бір қиын қыстау 31-37жылдары отбасымен талай жобалаңды бірге көріп. 38-жылдары баққан әке-шешесі айдауға кетіп, сол үйдің баласымен қаңғып қалып, екеуі ажырамай, азаптанып өмір сүрген екен. Содан Ұлы Отан Соғысына соғысқа барып, үш жарым жыл жеңіс болар күнге дейін фашистермен күресіп, сонау Берлинге дейін барған, бауырындай болған кісі —Балта ата еді. Әрдайым қасынан табылған керемет отбасының баласын мен іздеп барып, бала шағасымен кездесуім керек болатын. Ол кісі соғыстан кейін әкем екеуі екі жолға түсіп, бір-бірін жоғалтып алған екен. Балта ата қалай болғанын білмеймін қылмыс жолына түсіп, сотталып, неше мәрте отырып шығып, ақыры өзін таптырмай кеткен екен. Әкем іздеуді тоқтатпай ізінен қуалай,-қуалай бүкіл өмірі өтті. Сол жақын бауыр болып кеткен құрдасын 1948-ші жылы жоғалтып, 1993-жылы Томск қаласы маңында екенін анықтады. Ол жылы әкем науқас, іздеп баруға шамасы келмеді, жасы болса жетпіс үштен асқан болатын. Үйдің кенжесі маған сол бір арманда қалған ісін аяқтауға өтініш білдірді. 1995-ші жылы мен 33-ке келген қызметтегі азаматпын. Отбасым үш қызым бар. Әкем жолға шығуымды өтінді.
—Балам, ол бауырымның өзі жоқ болса да, отбасынан кім барын анықташы, қандай көмек керек, біл, мен оған өміріммен қарыздармын.-деді.
Табылған мекен-жайы бар бір жапырақ қағазды алып, жолға шықтым. Төрт күн дегенде Томск қаласына жеттім. Енді ары ауылға баруым керек. Ауылдарға жүретін автобустар тоқтап қалыпты, кеш болған соң, автобеккеттің қонақ үйіне қонып, ертесі мен баратын ауылға түскі бірде жүретін автобусқа билет алдым. Адам онша көп емес, шағын тұмсығы бар ақ автобуспен қозғалдық. Қала мен ауыл арасы төрт сағат екен. Автобуста маған қатарлас орындықта терезе жақта бір қыз бала отыр екен. Қырынан қарап сол жақ бетімен маған көрінеді. Кең маңдайлы қиылған қасты, ұзын кірпіктері қайқиып тұр, қыр мұрынды, жұқа жіңішке ерінді, сүйкімді иекті, тартымды қыз. Шашын оң жақ иығына қисайта бостау өріп, оң жақ бетін шашымен жауып отыр. Маған қарамайды, ары терезеге қарап отыр, анда-санда алдына қарағанда қырынан қараған силуэті маған қатты ұнады. Етегі дізеден төмен келетін, дәу-дәу ақ горохтары бар қара көйлек киген. Қолында шағын қол сөмкесі бар. Мен қызға біраз қарап отырдым да, сосын мен де терезеге қарап ойға шомып кетіппін. Әкемді есіме алып, қатты ауырып жатқаны жүрегіме батып, жылағым келді.
«Мен үйге барғанша аман болса екен»,-деп тілеп қойдым. Сол кезде адамдардың үрейін алып, емі табылмай жатқан «рак» деген жаман ауру еді. Мен түсетін ауылға келіп қалдық деп жүргізуші хабарлады. Кешкі бестер шамасы. Мен қозғалып түсуге ыңғайланғанда, бағанағы қыздың да орнынан тұрып қасындағы адамнан өткізуін өтініп, шығар есікке беттеді. Мен соңынан ілестім. Автобус тоқтап сыртқа шықтық. Қыз тез автобустың артына жүк салғышқа беттеді. Менің де сөмкем сол жерде болатын, мен де жақындап, жүргізушіге көмектесіп, өз сөмкемді алдым. Қыз өз сөмкесінің астында қалып қойғанын айтып, шетін көрсетті.
—Ағай, міне, мына сөмке ,-дейді көп сөмкенің астындағы көк дәу жол сөмкесін көрсетіп. Жүргізуші екеуміз екі жақтап тездетіп үстіндегі сөмкелерді жерге қойып, қыздың дәу көк сөмкесін аштық. Қыз сөмкенің баулығынан тартып көтермекші болды, бірақ шамасы жетпеді. Мен тез сөмкені көтеріп алдым, сөмке өте ауыр екен. Жерге қойдым да:
—Ойпырмай, қарындасым, не тас салып алғансың ба? Тым ауыр ғой,—дедім күліп бетіне қарап.
Қыз басын салбыратып оң жақ бетін жауып тұрған шашын сыртынан сипалап, жүзін анық көрсетпеді. Басқа сөмкелерді қайта тиеп, жүргізуші жүк салғышты жауып, қош айтысып, автобус өз жөнімен кетті. Қыз сөмкесін сәл сүйреп жол шетіне шығарды да, маған басын көтеріп қарады. Бұл ауылға екеуміз ғана түсіппіз. Дала ала көлеңке, кеш батып барады. Далада жауын жауған, аспан бұлтты. Тамыз айы болса да біртүрлі күз мезгілі сияқты. Қыз маған қарағанмен, бір бетін шашымен көлегейлей береді.
—Сіз кімдікіне келдіңіз?-деді сондай сыңғырлаған ерекше дауыспен.
—Мен Бекбосынов Балтаны іздеп келдім,—дедім.
Қыз басын тік көтеріп:
—Бекбосынов Балта? Сіз кімсіз?-деді таң қалған дауыспен.
—Мен Балта ағаның бауырының баласымын,—дедім, сөмкемді көтеріп қыздың қасына келіп. Қыз бетіме тура қарап тұрғанда байқадым, оң беті көзінен төмен иегіне дейін қызыл қалы бар екен, қалдың шет жағы қаралау оң жақ ерні сәл томпақтау, қал өте қорқынышты көрінді. Мына сұлулықтың тас-талқанын шығарып тұр. Жүрегім шым ете қалды. Қыз шашымен бетін жапқандай болып басын оң жағына қисайтып ыңғайсызданғандай болды. Қолымен шашының сыртынан сипалап:
—Мен Балтаның қызымын,-деді баяу дауыспен.
Мен ойланып қалдым. Қызға қарап тұрып:
—Рас айтасың ба? Бекбосынов Балта сенің әкең бе?-деппін бірден сенге көшіп. Өйткені қыз менен жас көрінді.
—Иә, сол Балта болса менің әкем. Ал сіздің әкеңіз кім?-деді ойлы көзбен.
— Әкем Ахметқали,—дедім мен де ойлы көзбен.
—Ааа, иә, әкем Ахметқали деген бауыры барын жиі айтатын,-деді сәл қуанғандай.
—Қарындасым-оу, -деп құшақтап алғанымды өзім ұқпай қалдым. Қыз бір уыс болып құшағыма кіріп кетті.
—Мен нағыз жолы болған жігіт болдым, тек алдымнан жеңгем емес қарындасым шықты,—дедім қыздың көздеріне қарап. Қыз көзі сондай әдемі еді. Ол да күлімдеп тұр, сәл жымиып:
—Олай болса, бауырым, мына ауыр сөмкені көтерісіңіз, үйге барайық,-деп сықылықтап күлді. Мен өз жеңіл сөмкемді қызға ұстатып, өзім ауыр сөмкені көтердім.
—Құпия болмаса айтшы, не бар ішінде, —дедім ауыр сөмкені біраз жер көтеріп демалуға тоқтағанда.
—Кітап, толы кітап,-деді көзі жайнап.
Қыз өз қалынан әбден жасқанып, жасырып үйреніп алған, менің оң жағыма түсіп сол бетін беріп келеді. Оң жақ бетін шашымен жаба береді. Менің ішім сол қалға удай ашып келеді. Бейшара қыз сол қалы үшін жасқанады екен.
—Сонша кітапты не істейсің?
—Оқимын.
—Ааааа, -деп не айтарымды білмей қалдым.
Үйге де жеттік. Ескі тозығы жеткен жапырайған там, қақпа шарбақтан аласа етіп жасалған. Үй де аласа екен. Орыстардың ертегісіндегі шағын үйге ұқсайды, терезелерінің сыртынан жабатын қосалғы ағаш форточкалары бар. Үйге кірдік:
—-Қалдықыз, Қамош,сенсің бе?-деген үлкен кісінің дауысы естілді.
—Иә, папа мен, папа мен жалғыз емеспін, папа сізге тосын сыйым бар,-деп қыз тез үйге жүгіре кірді.
Мен сөмкені есік көзіне қойып, аяқ киімімді шешіп, бөлмеге жақындап, кірмей тоқтап қалдым.
—Қамош, ол кім? Кім келді?-деді үрейлі шыққан ер адам даусы.
—ПАПА, сен уайымдама, ол жақсы адам, -деп жылы дауыспен қыз мейірлене сөйледі. Есікте қалың перде тағулы тұр.
—Бері кіріңіз,-деді қыз қуанышты дауыспен.(Олар орысша сөйлесті)
—Ассалоумағалейкум!-деп мен кірдім де тұрып қалдым.
Ағай төрт бұрышты табуретка үстінде отыр, екі аяғы жоқ, тізесінен жоғары кесілген, құр денесі ғана бар адамдай көрінді. Жүрегім зу ете қалды. Ағай мұңды көзбен қарап отырып:
—Уағалейкумассалам,-деді.
Мен екі қолымды созып, қасына бардым, ағайда маған созып екі қолын берді де, солқылдап жылап жіберді. Қалдықыз да, мен де не істерімізді білмей тұрып қалдық. Ағай қолымды қыса арқамнан қағып, бауырына басты да:
—Аумаған Асекесің ғой, бауырым қалай? -деді.
Мен ол кісінің мені әкеме ұқсатып, танығанын біле қалдым. Басым салбырап әкемнің хәл үстінде жатқанын айта алмай жылап жібердім.
—Жатқанына қанша болды?-деді менен бір ауыз сөз шықпаса да ұғып.
—Үшінші айдан асты,—дедім терең тыныс алып.
—Қап, кеш қалыппые-ау, енді үлгерсем жарар еді,-деп жан-жағына қарады. Біз аң-таң болып тұрмыз.
—Қамош, жолға жиналамыз, Қазақстанға барамыз, құжаттарымды даярла, жина, жолға көмектесетін адамдарға хабарлас. Қап, қап, үлгерсем жақсы болар еді,-деп екі қолымен тіреп орындықтан қарғып жерге түсіп қолдарымен тіреле денесін лақтырып қозғалып, төсегіне жақындады. Төсек астынан үлкен чемоданды сүйреп шығарып, ашып ақтарып кетті. Қалдықыз қасына келіп еді.
—Мына мекен-жайға жет. Жылдамдат қызым,-деді.
—ПАПА, қонаққа шай берейін де,-деп Қалдықыз ақырын айтып еді.
—Қызым, қайдағы шай, өлім мен өмір арасындағы аз уақыт қалды, бауырыммен ана жаққа кетпей мен жүздесуім керек,-деді зілді дауыспен.
Қалдықсыз жүгіріп шығып кетті….
1- бөлімнің соңы. Жалғасы бар.
Авторы:Жеңісгүл Турсунбаева.
Мақалада: 1 БӨЛІМКейіпкердің айтуымен жазылғанТАҒДЫРЛАС БАУЫРЛАР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды

13.06.2025
Абай облысында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды

Semeytany.kz – Абай облысында «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлесуімен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 20 мыңнан астам...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі сингапурлық инвесторлармен әріптестік мәселелерін талқылады

13.06.2025
Облыс әкімі сингапурлық инвесторлармен әріптестік мәселелерін талқылады

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли бүгін «International Cement Group LTD» компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Вей Пингпен кездесті....

Толығырақ...Details

Шипалы көлде 300 орындық балалар лагері салынады

13.06.2025
Шипалы көлде 300 орындық балалар лагері салынады

Semeytany.kz – Бесқарағай ауданындағы Шипалы көлде туристік әлеуетті дамыту мақсатында жаңа жобалар қолға алынуда. Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

13.06.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы...

Толығырақ...Details

Абай облысында 558 қаржы пирамидасының интернет-ресурсы бұғатталды

13.06.2025
Абай облысында 558 қаржы пирамидасының интернет-ресурсы бұғатталды

Semeytany.kz – Абай облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес шеңберінде 558 сайт пен чаттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды

13.06.2025
Абай облысында шекарадан заңсыз өткізуге талпыныстар жиілеген – мамыр айындағы есеп

Semeytany.kz – 2025 жылғы 30 маусымнан бастап Ресейде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың елге кіру тәртібіне қатысты жаңа талаптар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды

23 часа бұрын

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

24 часа бұрын

Облыс әкімі сингапурлық инвесторлармен әріптестік мәселелерін талқылады

24 часа бұрын

Шипалы көлде 300 орындық балалар лагері салынады

24 часа бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

1 день бұрын

Абай облысында 558 қаржы пирамидасының интернет-ресурсы бұғатталды

1 день бұрын

Ресейде шетел азаматтарының елге кіру тәртібін реттеудің екінші кезеңі басталды

1 день бұрын

Абай облысында өңірлік ғылымды дамытуға арналған көшпелі конференция өтті

1 день бұрын

Қазақстан экономикасы өсім жолында: 2025 жылдың алғашқы бес айында ЖІӨ 6%-ға артты

1 день бұрын

Канонерка ауылындағы Мәдениет үйі жөндеуден өтеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС