"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕКІ ЖЫЛДА 700 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

27.08.2023
ЕКІ ЖЫЛДА 700 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезекті VIII конференциясы өтті. Партиялықтар 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сондай-ақ партияның қалалық, аудандық филиалдарындағы саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды.
Іс-шараға өңірдегі саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Өткен екі жылда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыс аумағында 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға 905 пәтер табысталды, 20 мыңға жуық жұмыс орны және 4 жаңа мектеп ашылды, радионуклидтік терапия бөлімшесі бар бірегей Ядролық медицина орталығы қолданысқа берілді.
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек аманаттықтардың алдында тұрған басты міндет демократиялық қағидаттарға негізделген Әділетті Қазақстанды құру екенін атап өтті.
«Біз – қоғамның заманауи және өзекті сұрауларына құрметпен қарап, оларға құлақ асатын партиямыз. Заман талабына сай жаңа бастамаларды қолдау арқылы күшейе береміз. Сондықта, өткен сайлауда халыққа берген уәделеріміздің орындалуын қадағалау – біз үшін өте маңызды әрі партияның бұлжымас парызы. «AMANAT» партиясының басты мақсаты – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, әділетті қоғам құруға күш салып, азаматтардың құқығын қорғау және өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру», – деді ол.
«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов Орталық аппараттың келісімімен тағайындалған «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Сейілбек Ысқақовты таныстырды.
— Сейілбек Абұйырұлы көп жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқарған. Аягөз ауданының әкім орынбасары, аудандық мәслихаттың хатшысы қызметтерін, тағайындауға дейін Аягөз ауданының әкімі лауазымын атқарды. Сейілбек Абұйырұлы алдағы қызметіңізге сәттілік тілейміз! — деді Қуаныш Серқазұлы.
Сондай-ақ конференция шешімімен партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы саяси кеңестердің жаңа құрамы бекітілді. Партияның өңірдегі 1 қалалық және 9 аудандық филиалдарындағы саяси кеңестердің құрамына барлығы 132 адам кірді. Айта кетейік, биыл бұл құрамның тең жартысынан астамы, яғни 55 пайызы қайта жаңарды. Оның ішінде жастар – 27 пайызды, әйелдер 42 пайызды құрады.
Партияның Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталды.
— «Жер аманаты» комиссиясы жұмысын жалғастырып жатыр. Биыл біз 250 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде оның 112 мың гектары қайтарылды. Ал «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жоғары оқу орындарын бітірген ерекше қажеттілігі бар 8 түлек жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар партиялық бақылау да белсенді жұмыс істеуде. Мәселен, 30 наурыз бен 1 тамыз аралығында азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар бағасына мониторинг жасалып, 700-ге жуық рейд жүргізілді. Анықталған заң бұзушылық фактілері тиісті мемлекеттік органдарға жедел хабарланып отырады, – деді ол.
Бұдан соң партияның атқарушы хатшы Дәулет Кәрібек өңірдің белсенді жастарымен жүздесіп, партияның жастар саясатын жетілдіру, студенттерді жатақханамен қамту және жастарға арналған жұмыс орындарын құру бағытындағы басымдықтарына назар аударды.
— Оң өзгерістер қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын жастар қауымына да қатысты болуы тиіс. Биыл «AMANAT» партиясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 100 мың жасты жұмысқа орналастыруды көздейтін бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Жыл басынан бері Қазақстанда 120-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оған 90 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 18,6 мың жас жұмысқа орналасуға жолдама алды. Еліміздегі 3000-нан астам ірі және шағын кәсіпорынмен жастарды жұмысқа орналастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – деді атқарушы хатшы.
Өңір ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде партиялықтар тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді қолдау, жаңа заман әдебиетін дамыту және тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру шараларын талқылады.
Осы күні атқарушы хатшы Жарма ауданы Қалбатау ауылында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты. 30 пәтерге негізделген көп қабатты тұрғын үйдің кілті баспана кезегінде тұрған отандастарымызға биыл қазанда табысталады. Дәулет Кәрібек пәтер үлестіру кезінде әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға басымдық беруді тапсырды.
Айта кетейік, Абай облысындағы 137 бастауыш партия ұйымында «AMANAT» партиясының 23 мыңнан астам мүшесі бар.

«AMANAT» партиясы Абай облысы
филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

15 часов бұрын

Семей теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқын алды

15 часов бұрын

Бородулихадағы орман өрті: облыс әкімі жағдайды әуеден бақылап, қосымша күштер тартылды

15 часов бұрын

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

15 часов бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан-Қытай цифрлық көпірін» іске қосуды ұсынды

15 часов бұрын

Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болмақ

15 часов бұрын

Тоқаев: Жасанды интеллект нарығы 2033 жылға қарай 5 триллион долларға жетуі мүмкін

15 часов бұрын

Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу салтанатына қатысты

15 часов бұрын

Адал қоғам — әр азаматтың жауапкершілігі

15 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС