"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Орманды қорғау – әулеттің қасиетті борышы

20.09.2023
Орманды қорғау – әулеттің қасиетті борышы
107
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде бүкіл жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесінің оңалуына орман шаруашылығының маңызы, соның ішінде жасыл желекті қорғап жүрген орманшылардың еңбегі орасан зор. Өткен жылы Қостанай облысында, биылғы жылы Абай облысында   орман алқабынан шыққан алапат өрт жұртшылықты есеңгіретіп тастаған болатын.

Еліміздегі  ең үлкен орман алқабы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының құрамындағы 10 бөлімше болса, оның алтауы Бесқарағай ауданының аумағында орналасқан.

Тұмса табиғатымен, қарағайлы орманымен, саф алтын ауасымен ерекшеленетін Бесқарағай ауданының халқы үшін жасыл желекті қорғау, орман алқаптарын ұлғайту атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра. Қылқанжапырақты өлкені қорғау Мәуленовтер әулеті үшін – қасиетті борыш.

—«Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді дана халқымыз. Біз орманды алқапта, сұлу табиғи өлкеде өмірге келген бақытты ұрпақпыз. Бала күнімізден осы өлкені қорғау парызымыз іспетті қанымызға сіңді. Атам Мәулен Тұрсынбекұлы да, әкем Санақ Мәуленұлы да саналы ғұмырын осы салаға арнаған. Тоғыз ағайынды болсақ, алтауымыз ата жолын жалғап жүрміз,- деді Бекмұхамбет Санақұлы.

Мәулен Тұрсынбекұлының өңірдегі орман алқабын қорғауға қосқан үлесі жайлы ауылдастары әлі күнге дейін айтып отырады. Әке жолымен жүрген Санақ Мәуленұлы да саналы ғұмырында  қарағайлы өлкені қызғыштай қорыды. «Жақсы әкенің тәрбиесін мың мектеп бере алмайды» демекші,  Санақ Мәуленұлы мен  Зейнегүл Нұрекенқызынан тараған тоғыз перзенттің алтауының орманшы мамандығын таңдауы тегін болмаса керек. Отбасының тұңғышы, 1964 жылы Бесқарағай ауданының Бозтал ауылында өмірге келген Қайрат Санақұлы Бөкебай филиалында инженер болып еңбек етеді. Қайрат Санақұлы тек орманшы ғана емес, отанының патриот азаматы ретінде ауылдастарының құрметіне ие. Ауған асуында ерлігімен көзге түскен интернационалист-жауынгер орден, медальдармен марапатталған. Қайсар азаматтың өмір жолы бүгінде жас ұрпаққа өнеге.

Ал 1966 жылы туған інісі Бекмұхамбет Мәуленов  автомобиль жөндеу ұстасы,  экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау мамандығы, орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандықтары бойынша бірнеше жоғары оқу орынын тәмамдаған.  1988 жылы еңбек жолын туған өлкеден  Бөкебай филиалының Шадруха орманшылығында орманшы ретінде бастаған. Өз жұмысына деген жауапкершілігінің, қызметіне адалдығының, жалпы табиғатты қорғауға деген ыждаһаттылығының арқасында   2000 жылы Шадруха орманшылығының басшысы лауазымына тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызметін абыроймен атқарып келеді.  Саладағы 35 жыл бойғы еңбегінің арқасында ол «Еңбегі мен жетістігі үшін» медалімен, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ал 1968 жылы дүниеге келген Әлмұхамбет Мәуленов аңшылық және аң шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып, 1993 жылдан бері Бөкебай филиалының Шадруха орманшылығында  мемлекеттік инспектор болып еңбек етіп жүр. Осы отыз жыл уақыт аралығында жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен, әділдігімен әріптестерінің алдындажоғары беделге ие болған ол қазіргі таңда жас инспекторлардың тәлімгері.

1979 жылы туған Мұхит Мәуленов Орман шаруашылығы мамандығы бойынша білім алып, 2004 жылдан бері Шадруха орманшылығында мемлекеттік инспектор қызметін атқарып жүр. Жиырма жылға жуық уақыт аралығында кәсіби білікті маман дәрежесіне көтерілген ол қиын сәтте жедел түрде шешім қабылдай алатын шапшаңдығымен, ойының ұтқырлығымен ерекшеленеді.

1985 жылы Бозталда өмірге келген Талғат Мәуленов орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы бойынша білім алған. 2005 жылдан бастап Шадруха орманшылығында мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған ол  2023 жылдан бастап Шадруха орманшылығындағы тұқымбақтың басшысы болып тағайындалды. 1980 жылы өмірге келген Айғаным Санаққызы да осы тұқымбақта еңбек етеді.

Бұл ағайындылардың балалары да аталары салған сара жолды жалғап, орман шаруашылығы саласын таңдады. Санақ Мәуленұлының немерелері Бибігүл Бекмұхамбет, Қуаныш Қайратұлы «Семей орманы» табиғи орман резерватында есепші болса, жиені Данияр Боранұлы орман алқаптарын әуеден бақылау қызметін атқарады.

Бекмұхамбет Мәуленовтың айтуынша, орманшы болу – үлкен жауапкершілік жүтейді.

-Еліміздің жасыл желекті алқабын қорғау, орманды ағаш кесуден, өрттен сақтау жеңіл жұмыс емес, әрине. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әр істе адамгершілік пен адалдық қажет. Филиал басшысы болғандықтан, көп жағдайда жауапкершілігіміздегі орман мен ондағы орманшылардың амандығы, отбасыларының тұрақтылығы басты назарымда. Орманшылар ағарып таң атқаннан қызарып күн батқанға дейін орман ішінде жүреді, өрт сынды оқыс жағдай бола қалса, уақытпен санаспай, тәуліктеп жалынмен арпалысады. Көктем келіп, қар ери салысымен көшет егіп, алқапты ұлғайту жұмыстарын жүргіземіз, аптап ыстықта тілсіз жаудың алдын алу мақсаты тұрады,- деді Б.Санақұлы.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ

Ұқсас жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

23 часа бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

1 день бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

1 день бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

4 дня бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС