"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРЖЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

16.11.2023
ҚАРЖЫ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
37
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл Ұлттық валютамыз — төл теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толып отыр. 15 қараша күні еліміздегі қаржы саласы мамандары да кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semei tany»

Бүгінде облыс орталығында екінші деңгейлі 12 банктің филиалы мен 47 валюта айырбастау пункті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Еліміздің экономикалық қуаты, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы қаржы саласындағы қызметкерлердің еңбегіне де тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жетістіктеріне Семей қаласындағы қаржы саласы қызметкерлерінің де қосып отырған үлесі зор. Бұл күн — қаржыгерлер үшін де аса маңызды, айрықша қадірлі күн.
Мерекеге орай Семей қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара болып өтті. Мерекелік басқосуға өңіріміздіңі қаржы саласында еселі еңбек етіп жүрген мамандар мен ардагерлер қауымы жиналды.
Жиын барысында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтау сөз сөйлеп, қаржы саласы мамандарының еселі еңбектері жайлы жылы лебіз білдірді.
— Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы — теңге күнімен және Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Биыл төл теңгеміздің айналымға енгеніне тұп-тура 30 жыл толып отыр. Еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Бұл жетістіктерге семейлік қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлесі аз емес. Тәуелсіздік туы астындағы 32 жыл ішінде Семей қаласы дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылдан-жылға көркейіп келеді.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бір жарым жылда 1,5 млрд теңгеге көбейіп, қала бюджетінің көлемі анағұрлым артты. Сіздер, қаржыгерлер, қаламыздың қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет етіп келесіздер. Сол себепті бұл күнді қаржыгерлер үшін айрықша қадірлі күн деп білемін. Қадірлі қаржыгерлер, осындай айтулы мереке күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін. Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы болсын, — деді қала әкімі.
Жиында төл теңгеміздің 30 жылдық тарихынан сыр шертіліп, ел экономикасын нығайтудағы маңыздылығы жайлы сөз қозғалды.
Мерекелік салтанатта қаржы саласыда жемісті еңбек етіп, абыройға бөленіп жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтсақ, Гүлфайрус Серікболова, Мария Осадчая және Әлия Сарбаевалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісін иеленді.
Ал Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы жемісті еңбегі, қаржы жүйесіне қосқан үлесі үшін және Гүлмира Акрамова, Лидия Луковенко, Айгүл Емиргазинова, Гүлзара Масакова, Қарақат Абдуалиева, Бәтіш Есендікова сынды майталман мамандарға берілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалімен қаржы жүйесін дамытуға және теңгенің қалыптасуына қосқан үлесі үшін Бақыт Әйтікенова, Күлзия Базарбаева, Кургамал Балбекова, Валентина Еремина, Зейнулла Жидебаев, Рысқайша Карбекова, Орынжан Өмірғалина және Нұрбәтима Оразалинова мен Валентина Кривицкая марапатталды.
Жалпы, бұл күні еліміздің қаржы жүйесін дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан және тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңінде аянбай еңбек еткен қаламыздағы банк саласының қызметкерлері де Ұлттық банктің Абай облысындағы филиалы атынан қошеметке кенелді.
Салтанатты жиынның ресми бөлімінен соң қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген мерекелік концерттік бағдарламаға кезек беріліп, сала қызметкерлерінің құрметіне әсем ән әуелеп, күй күмбірледі.

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

2 дня бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

2 дня бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

2 дня бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

2 дня бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

2 дня бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

2 дня бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

3 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

3 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

3 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС