"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қуатты өңір — қуатты болашақ

23.11.2023
Қуатты өңір — қуатты болашақ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығын өркендету мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Астық мол, төрт түлік ырысты болу үшін ауыл шаруашылығына жағдай жасау маңызды.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,
«Semei tany»

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, аймағымызда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру барысында ілгерлеушілік көп.
Нақты мысалдарға жүгінсек, бүгінде облыстағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары 33,3 мың тонна сиыр етін, 14,3 мың тонна құс етін, 53,7 млн дана жұмыртқа, 168,6 мың тонна картоп, 21 мың тонна сәбіз, 3 мың тонна пияз, 23,3 мың тонна қырыққабат, 103,3 мың тонна өсімдік майы, 57,7 мың тонна ұн, 7,1 мың тонна нан және 2,5 мың тонна макарон өнімін өндірді.
Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында облыс көлемінде 39 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Оның 11-і 22 мың бас малды бордақылауға қуатты.
Өңірде жобалық қуаттылығы жылына 18 мың тонна болатын сүт өңдейтін 7 кәсіпорын бар.
Қазіргі күні тұрғындардың азық-түлікке деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің барлық салаларын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу көлемін ұлғайту бағытында шаралар қабылданып жатыр.
Бұл орайда алға қойған жоспарлар ауқымды. Мысалы, 2023-2024 жылдары облыста ет комбинаттарын салу жобалары қарастырылуда. Мәселен, Семей қаласында жылдық қуаттылығы 12 600 тонна ет өңдейтін «Евразия Агро Семей» ЖШС-нің құрылысын бастау жоспарланған. Қазір аталған жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Жобаға сәйкес құрылыс жұмысы 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 2024 жылы қуаттылығы жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ЖШС ет консерві зауытын ашу көзделген.
Ауыл шаруашылығын өркендету жұмысын қуатты техникаларсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Биыл облыста ауыл шаруашылығы техникалары 25 пайызға жаңартылды.
2023 жылға агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 2,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 2,6 млрд теңге игерілді.
2 700 субсидиялау шартына сәйкес 1 400-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидияланды. Негізгі бағыттар лизингке сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ несиеге мал сатып алу болып табылады.
2023 жылы жалпы сомасы 11 миллиард теңгеден астам сомаға 550-ден астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркі мен құрал-жабдықтарды 25 пайызға жаңартуға ықпал етті.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Абай облысының филиалы жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы сомасы 4,1 млрд теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде 1,7 млрд теңге тікелей қаржыландыру және 2,4 млрд теңге несие серіктестіктері арқылы жүзеге асырылды.
Биыл қосымша бюджет қаражаты түскеннен кейін қазіргі таңда резервте тұрған 470 ұсыныс бойынша субсидиялау туралы келісімге қол қойылады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 дня бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

3 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

3 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

3 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

3 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС