"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

23.11.2023
ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ «АЛТЫН АЛҚА» ИЕГЕРІ АТАНДЫ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде мемлекеттік қызметшілер арасында, әсіресе ішкі істер органдарында қызмет ететін көп балалы аналар көп емес. Десек те, темірдей тәртіп пен мызғымас ережеге негізделген қызметте жүріп, дүниеге перзенттер әкеліп, ұрпақ тәрбиесін қоса алып жүрген погонды нәзік жандылардың қатары артып келеді. Олардың қатарында полиция майоры Райхан Ешимова да бар.

Азамат ЕРСАЙЫН,
«Semei tany»

Жуырда Семей қалалық әкімдігінде батыр аналарды марапаттауға арналған кезекті жиын өтті. Салтанатты іс-шараға өңірімізге қарасты елді мекендер мен Семей қаласындағы көп балалы аналар жиналды. Әр салада еңбек етіп жүрген жандарды шаһар әкімі Нұрбол Нұрсағатов құттықтап, «Алтын алқаларын» салтанатты түрде тапсырды. «Алтын алқа» төсбелгісіне жеті бала тәрбиелеп отырған Семей қаласы полиция басқармасы орталық бөлімінің аға тергеушісі полиция майоры Райхан Ешимова да ие болды.
Айта кетсек, бүгінде жұбайымен бірге үш ұл және төрт қыз тәрбиелеп отырған полиция майоры Райхан Ешимова өткен жылы ғана «Күміс алқа» иегері атанған.
Райхан Ешимова 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Мырзакент кентінде полиция қызметкерлерінің отбасында дүниеге келіпті. Жоғары сыныптарда заңгер мамандығын алып, тергеуші болуға шешім қабылдаған екен. Арманына қол жеткізу үшін орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, 2009 жылы ведомстволық оқу орнын бітіріп шығады. Жас курсант Семей қаласына жіберіліп, орталық полиция бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалады.
Бүгінде бала кезінен армандаған мамандығы бойынша 13 жылдай еңбек өтілі бар екен. Ал жұбайымен академия қабырғасында танысып, көңіл жарастырыпты. Отағасы Айдын Ешимов — бүгінде жеке кәсіпкер. Мектеп жасындағы балалары өте белсенді. Қыздары көркем гимнастика, ұлдары шығыс жекпе-жектері бойынша түрлі марапат иелері, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Сонымен қатар Семей қаласының білім беру бөлімінің және полиция басқармасының, Семей қалалық полиция бөлімі басшыларының қолынан алған мақтау қағаздары бар.
Райхан, негізінен, мүліктік қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істерді жүргізеді. Еңбегі абыройлы, ұжымда құрметке ие. Ішкі істер органдарына қызметке жаңадан кірген жастарға мамандықтың қыры мен сырын үйретіп, өз тәжірибесін бөлісіп отырады.
– Мамандығым байланыстырған әрбір адамға мен жан дүние көзімен, түсіністікпен қарауға тырысамын. Менің ойымша, тергеуші адам тағдырына бейжай қарамауы тиіс, бұл — біздің мамандығымыздың мәні, — дейді бұл орайда Райхан Ешимова.
Бүгінде отбасын жан жылуына бөлеп отырған бақытты ана Райхан мен жұбайы бос уақыттарын балаларына арнайды. Оңтүстіктің, қазақы ауылдың қызы болғандықтан да шаруаға мығым. Отбасын қызметпен қатар алып келеді.
– Таңертеңгі уақытта жұмысқа қалай асықсам, жұмыстан кейін үйге де дәл солай асығамын. Отбасының жылуына еш нәрсе жетпейді. Балаларымның жанында болған сәттерде қызмет барысындағы барлық қиындықтар ұмыт болады. Перзенттеріме мүмкіндігінше көп уақыт пен көңіл бөлгім келеді. Өзіндік ауыртпашылығы, жауапкершілігі бар қызметім бұған еш қиындық тудырмайды. Мен өзімнің кәсіби қызметімді тергеумен байланыстырғаныма еш өкінбеймін. Өзімді отбасылық өмірде де, қызметте де жолы болған бақытты жанмын деп санаймын, — дейді тергеуші.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС