"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Шетелдік студенттер Мұхтар Әуезов мұражай-үйін аралады

20.11.2023
Шетелдік студенттер Мұхтар Әуезов мұражай-үйін аралады
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттерімен бірге куратор-эдвайзерлері ғылыми-танымдық ашық кураторлық іс-шарасын жүзеге асырды.

Өткенді болашақпен байланыстыра отырып, қаламгер мен шетелдік азаматтар арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және шетелдік студенттерге М. Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау мақсатында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Канада елдерінен келген шетелдік студенттерімен бірге кураторлар А. Саденова, Р.  Туребекова, К. Якубаевалар  көрнекті қазақ жазушы-ғалымы, Қазақстан ғылым академиясының  тұңғыш академигі М.О. Әуезовтің мұражай-үйінде болып, өміріне қатысты деректермен танысып қайтты.

Бұл ашық кураторлық іс-шарасын жүзеге асырудағы мақсат:  бүкіл әлемге танымал қазақтың атақты ұлы жазушысы М. Әуезовтің өмірі мен  шығармашылығымен таныстыра отырып, Мұхтар Әуезов шығармаларын насихаттау, Мұхтар Әуезовтың мұражай- үйі туралы толық малғұмат бере отырып, «Абай жолы» шығармасының шығу тарихын шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыра отырып, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу.

Шетелдік студенттер Мұхтар Әуезов мұражай-үйін аралады Шетелдік студенттер Мұхтар Әуезов мұражай-үйін аралады

Мұражай – еліміздің бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. Мұражай қызметкері мұражай екі кешеннен: М. Әуезовтің өз сызбасы салынған мұражай-үйі мен құнды жәдігерлер қойылған экспонат-залдан тұратынын, залға суреткер-ғалым пайдаланған жәдігерлер мен қазақ руханиятына қатысты құнды экспонаттар қойылғанын, «Әуезов үйінің» жүрегі – жазушының жұмыс бөлмесі туралы айта отырып, ол бұл жерді өте қатты жақсы көргенін, мұнда  жазушы әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясының соңғы нүктесін қойғанын, сонымен бірге, мұнда көптеген пьесалар, очерктер, әдебиеттану саласындағы бірқатар ірі еңбектер өмірге жолдама алғанын, жазушының соңғы романы «Өскен өркен» жазылғанын сөз етті. Студенттерді екі қабаттан тұратын бұл үйде Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы он жылын өткізгені туралы (1951-1961),  Мұхтар Әуезовтың отбасына және замандас достарына қатысты құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмесі және тұрмыс тіршілігі мен шығармашылығына байланысты экспонаттары арқылы көрсетілгені жайлы мәліметтермен таныстырды. Шетелдік студенттер мұражай аясындағы тарихи тұлғаның көзі тірісінде қолы тиіп, кәдесіне жаратқан бұйымдарды көзбен көріп, ерекше әсер алып, қызықтырған сұрақтарын да қойды.

Мұражайда шетелдік студенттер ғұлама жазушының үйіндегі жұмыс бөлмесімен, қолжазбаларымен, жеке заттарымен, үлкен кітапханасымен танысып, көріп тамашалап, өз таңданыстарын да білдірді.

Шетелдік студенттерге ерекше әсер қалдырған жазушының жұмыс кабинеті мен бай кітапханасы және жұмыс бөлмесіндегі Мұхтар атамыздың «Абай жолы» романын жазған үстелі, сонымен бірге М. Әуезовтың өз қолымен отырғызған бағы, ондағы жеміс ағаштары болды.

Шетелдік студенттерге ашық кураторлық іс-шарасын өткізуде заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

А.Е. Саденова., Р.С. Туребекова., К.С. Якубаева

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

24 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

24 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС