"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тату көршімен стратегиялық байланыс аясында

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен бір топ басқарма басшылары Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты

01.12.2023
Тату көршімен стратегиялық байланыс аясында
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен басқарма басшыларының ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында екі ел арасында ынтымақтастық орнату туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Делегация құрамында кәсіпкерлер де бар.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»
Аспан асты елінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өнерпаздары Абай облысының делегациясын қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі әуезді әндермен қарсы алып, құрмет көрсетті.
Сапардың бірінші күні Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы Тарбағатай ауданының басшылары кездесіп, «Құрғақ порт» және «Логистикалық парк» жобасын одан әрі дамыту, өңірлер арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.
— Дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бастап қазақ-қытай ынтымағы сыннан сүрінбей өтті. Биыл Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бауырлас байланыстар орнату туралы келісімге қол қойдық. Біздің елдер ортақ шекараны өзара достық нышанына айналдырды. Келісім шеңберінде биыл біз бірқатар бірлескен кездесулер өткізіп, белгілі бір уағдаластықтарға қол жеткіздік, — деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Бүгінде ҚХР елінің NFC кәсіпорны мен қазақстандық «KAZ Minerals» компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан мыс балқыту зауытының құрылысы маңызды жобалардың бірі болып табылады. Оның құны 2 миллиард долларды құрайды.
— Абай облысы – темір жол, авто, әуе және су көлігі артерияларының стратегиялық торабында орналасқан өңір. Аймақта ИКАО стандартына сай келетін халықаралық әуежай бар. Абай өңірі Қытай мемлекетін Еуропа елдерімен байланыстыратын «Аягөз-Тачэн» темір жолын, Құрғақ порт пен Ертіс өзені арқылы су көлігі бағытын құрып, транзиттік әлеуетті күшейтуге ниетті,- деді аймақ басшысы Н.Ұранхаев.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде бизнеске қолайлы әрі тиімді болуы үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
— Бұл жобалар тауар айналымын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Жалпы, өңірге инвестиция тарту жөніндегі мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, жергілікті атқарушы орган тарапынан бизнесті ыңғайлы әрі тиімді жүргізу үшін инвесторларға барлық қажетті қолдау көрсетілетін болады. Бұл дегеніміз — жергілікті кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорындар құруға жәрдемдесу, инвесторларды сүйемелдеу, үй-жайлар мен аумақтар беру, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, қолдаудың басқа түрлерін қарастыру,- деді Абай облысының әкімі.
Жиында Абай облысының Үржар ауданы мен Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданы арасында өзара ынтымастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – өнеркәсіпті, экономиканы, мәдениетті дамыту, сондай-ақ тәжірибе және ақпарат алмасу.
Абай облысы делегациясының жұмыс сапары ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ірі өнеркәсіп орталығы Үрімжі қаласында жалғасты. Сапар барысында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері мен басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
— Қытай – біздің аймақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл қаңтар-қазан айларында Абай облысының жалпы тауар айналымының 92 пайызы, немесе 266 миллион АҚШ доллары, Қытай өңірлерімен шекаралық сауда арқылы қамтамасыз етілген. Мәселен, экспорт 178 миллион АҚШ долларын, Қытай өнімдерінің импорты шамамен 88 миллион АҚШ долларын құрады,- деді Нұрлан Ұранхаев.
Сапар аясында делегация «Сан Бао» Шыңжаң сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» ЖШС-нің басшылығымен кездесті. Бұл корпорация — Қытай елінің ең ірі экспорттық-импорттық сауда, шет елде құрылыс жобалары арқылы келісімшарт жасау, өндіріс пен өңдеу, қойма және логистика, туристік сауда қызметтерін ұсынатын сауда кешені.
Шыңжаң және Қазақстанның кәсіпкерлері арасында іскерлік кездесу де өтіп, онда ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ірі компаниялары және Абай облысынан арнайы келген кәсіпкерлер, бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Бұдан бөлек, Абай облысының әкімі ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті. Кездесу барысында өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы жан-жақты сарапталды.
Ма Синжуй Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Абай облысымен ауыл шаруашылығы, геологиялық зерттеу, тау-кен өндірісі, энергетика және білім беру сияқты стратегиялық маңызды салада ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін айтты. Көрші өңір Абай облысынан ет, астық, жүгері және күнбағыс майын алуға ниет білдірді, сондай-ақ жел электр станциясын салу және студенттер алмасу мүмкіндіктерін талқылауға дайын. Осы орайда жақын арада Абай облысына ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан арнайы делегация жіберу жоспарланған.
Басты назар өңіраралық ынтымақтастық мәселесіне аударылды. Бүгінде Қазақстан Шыңжаңмен өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм саласында үлкен табысқа жетіп отыр. Екі аймақтың тұрақты дамуына ықпал ететін бұл ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің қосымша мүмкіндігіне баса назар аударылды.
Өз кезегінде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз экономикалық қарым-қатынастың стратегиялық маңызына тоқталды. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы туризмді дамытуға, «Тачэн-Семей» тікелей әуе рейсін ашуға, сонымен қатар «Бақты» бекетінде жүк-көлік ағынын арттырып қана қоймай, сонымен қатар туристердің де қатарын көбейту үшін бекетті жаңғырту жұмыстарын жеделдетудің маңыздылығына тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Берік Уәли: «Қаладан — ауылға» жобасы ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін береді

06.02.2026
Берік Уәли: «Қаладан — ауылға» жобасы ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін береді

https://youtu.be/DWLjTjgpdxg Абай облысында ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыруға бағытталған «Қаладан — ауылға» атты жаңа пилоттық кешенді жоба іске қосылмақ. Ауылдарды...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді

31.01.2026
Берік Уәли Абай ауданындағы «сақалды құрылыс» нысандарын аралап, мердігерлерге нақты тапсырма берді

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданында бірнеше жылдан бері аяқталмай, созылып келе жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысып,...

Толығырақ...Details

Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр

26.01.2026
Меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша облыс республикада екінші орында тұр

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыстың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

21.01.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

Қызылорда қаласы Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы...

Толығырақ...Details

Бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын — Қасым-Жомарт Тоқаев

20.01.2026
Бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын — Қасым-Жомарт Тоқаев

Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан...

Толығырақ...Details

Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

15.01.2026
Жаңа Парламент қалай жұмыс істейді: Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының реформалары туралы

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды өңірлерді дамытуға жол ашатын кілт ретінде атаған едік. Шын мәнінде, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Астанада Конституциялық реформаны қолдауға арналған спорт қауымдастығының жиыны өтті

5 часов бұрын

Риза Молдашева: АУЫЛҒА ОРАЛҒАН ҮМІТ немесе Берік Уәлидің қанатқақты жобасы жайлы

9 часов бұрын

Бестеректе түшпара цехы ашылып, үш адамға жұмыс табылды

12 часов бұрын

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

12 часов бұрын

Таза Қазақстан: Абай облысында «Эко мәдениет: Шоппер таңда!» акциясы өтті

12 часов бұрын

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

12 часов бұрын

Берік Уәли: «Қаладан — ауылға» жобасы ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін береді

18 часов бұрын

Туризм және спорт министрлігі: Қазақстан 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды

1 день бұрын

Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

1 день бұрын

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС