"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қазақстанда туризм дамып келеді»

дейді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев

06.12.2023
«Қазақстанда туризм дамып келеді»
378
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 желтоқсан күні Семей қаласына жұмыс сапарымен ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев келіп, Абай кітапханасында облыс тұрғындарымен кездесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Semeı tańy»

Туризм және спорт министрінің орынбасары облыс тұрғындарын алдымен елімізде саланы дамытуда қолға алынып жатқан жобалармен, атқарылған жұмыстармен таныстырды.
— Өздеріңіз білесіздер, ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында орталық атқарушы органдар басшылары өңірлерде тұрақты түрде халықпен кездесулер ұйымдастыруда. Бүгінгі жиын қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі Қазақстандағы туризмді дамыту мәселесіне арналады. Сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың болжамдарына сәйкес, туризм саласы 2023 жылы пандемияға дейінгі кезеңдердегі көрсеткіштерді басып озып, кейінгі қалдырылған сұраныстар есебінен одан әрі дамыды,- деді Мирас Төлебаев.
Вице-министр былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы туризмнің дамуы пандемияға дейінгі көрсеткіштерден асып түскенін айтты. Бұған отандық туризмді қолдау бағытында тартылған инвестициялар, ел ішінде азаматтардың саяхаттауын ынталандыру үшін уақтылы қабылданған шаралар ықпал еткен.
— Былтыр ішкі туристер саны 25 пайызға артты, сондай-ақ шетелден 1 млн-ға жуық турист келді. Биыл тағы 1 млн-ға өседі деген болжам бар. Орналасу орындарының саны 284 бірлікке артып, қонақ үйлер саны 4000-ға жетті. Қонақ үйлер, демалыс базалары, басқа да орындар өткен жылы жалпы сомасы 200 млрд теңге табыс тапқан. Бұл 2020 жылғы табыспен салыстырғанда 70 пайызға артық. Бұл шет ел азаматтарының Қазақстанды туристік бағыт деп қабылдап, қызығушылықтарының артқанын көрсетеді. Ал салық түсімдерінің көлемі рекордтық 400 млрд теңгені құрады, — деді М.Төлебаев.
Вице-министрдің сөзінше, жаңадан құрылған Абай облысында да туризм қарқынды дамуда. Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша аймақта 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсетілген. Оның ішінде ішкі туристер саны 66 мыңнан, сыртқы туристер саны 1,5 мыңнан асқан. Көрсетілген қызметтердің саны шамамен 1 млрд теңгеге жеткен. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл 130 пайызға артық.
— Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша Абай облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 185 пайызға ұлғайып, 11 млрд теңгеден асты. Осы жылы облыста туристік қызмет нысандарын салу, қайта жөндеу үшін екі кәсіпкер шығындарын субсидиялауға өтінім берді. Айта кетейін, мемлекетіміз осы бағытта кәсіпкер шығындарының 10 пайызын өтеуді қарастырып отыр. Бірақ бұл мүмкіндікті барлық облыстар қолдана бермейді. Ал Абай облысы үшін бұл — өте жақсы көрсеткіш,- деді вице-министр.
Елімізде, дәстүрлі туризммен қатар, экотуризм де дамып келеді. Биыл 2 миллионнан астам адам ұлттық саябақтар мен табиғи аумақтарға саяхат жасаған.
— Отандық және шетелдік туристерді Үржар өңірі көбірек қызықтырады. Дегенмен туризм көрікті жерлерге барумен ғана шектелмейтінін есте ұстаған жөн. Оған жатын орнының, тамақтанудың сапасы, санитарлық аймақтарды тиісті деңгейде жабдықтау да кіреді. Бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар кез келген турист, мейлі Қазақстан азаматы, мейлі шетелдік болсын, өзінің құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері бұзылған жағдайда, біздің министрлікке хабарласып, көмек алуға құқылы, — деді Мирас Төлебаев.
Кездесу соңында ҚР Туризм және спорт вице-министрі тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

12 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

12 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

13 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

18 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

18 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

18 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

2 дня бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

2 дня бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

2 дня бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС