"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бесқарағайға 10 отбасы келіп қоныстанды

06.12.2023
Бесқарағайға 10 отбасы келіп қоныстанды
12
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кез келген мемлекеттің басты байлығы – халқы. Халықтың әл-ауқаты, денсаулығы және интеллектуалдық деңгейі неғұрлым жоғары болса, мемлекет те соғұрлым қуатты әрі өркениетті болары анық. Елімізде тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған бірқатар ұлттық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Semeı tańy»
2021 жылдың соңында қабылданған бұл жоба тұрғын үй, ауыз су мен жылу, көлік қатынастары, оның ішінде сапалы жолмен қамтамсыз ету сынды мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен бірге демографиялық дисбалансқа, аймақтардың арасындағы тепе-теңдікке ден қойған ұлттық жоба оңтүстіктен солтүстікке тұрғындардың өз қалауымен көшіп келуіне жағдай жасап отыр.
28 ұлт пен ұлыс мекен етіп отырған шекаралық аймақ — Бесқарағай ауданында еңбек ресурсын арттыру мақсатында ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Ол өңіраралық көші-қонды арттырып, аймақтағы экономикалық белсенділікті ынталандыруға жол ашты.
Жыл басынан бері Бесқарағай ауданына Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, Астана қаласынан және Моңғолия мен Қытай Халық Республикасынан 10 отбасы, 31 адам, қоныстанды.
— Оңтүстік өңірлерден және Моңғолия мен Қытай Халық Республикасынан келген қандастар мен қоныс аударушылар тұрақты жұмысқа орналасты. Ал жұмысқа орналаспағандарына ірі қара мал мен жылқы шаруашылығын дамытуға тегін грант берілді. Сонымен бірге қоныс аударғандар мен үміткерлерге үй салу, сатып алу және ипотекалық тұрғын үй несиесіне бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі. Биыл тұрғын үй сатып алуға барлығы 1160 АЕК көлемінде 5 анықтама берілді. Бұған дейін келген қоныстанушылар субсидияларын пайдалана отырып, жеке үй сатып алды. Бұл олардың біздің ауданда тұрақтап қалуларына ықпал етеді,- деді Бесқарағай аудандық Мансап орталығының директоры Алуа Құрманғалиева.
Жалпы, қоныстанушыларға экономикалық ұтқырлық сертификаты беріледі, тұрғын үйді жалға алу мен көшу шығындарын өтеуге мемлекет қолдау көрсетеді. Сертификат аясында бір отбасыға тұрғын үй құнының 50 пайызы, яғни 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі. Әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК көлемінде көші-қон шығындарын өтеу мақсатында беріледі.
Айта кетсек, жобаны жүзеге асыру бағытында өңтүстік өңірлерге барып, кездесу ұйымдастырудың маңызы зор. Жаз маусымында Түркістан облысының тұрғындарымен жүздескен Абай облысының деллегациясы жуырда Жамбыл облысында болды.
Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Абай облысының делегациясы жергілікті тұрғындармен кездесті.
Абай облысы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының міндетін атқарушы Еркебұлан Накипов 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның мақсаты мен міндетін егжей-тегжейлі түсіндірді. Делегация құрамында Абай облысы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Жұмаділов, “Оралмандарды бейімдеу орталығы” қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Табилтай, “Еңбек мобильділігі орталығы» директорының міндетін атқарушы Еркебұлан Тұрсын және аталған орталықтың мамандары болды.
Кездесу барысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жалпыұлттық жобасының тиімді тұстары түсіндірілді. Кездесу соңында бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылып, шараға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауаптар алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

5 часов бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

7 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

7 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

7 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

7 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС