"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПТІК БАЛЫҚ АУЛАУ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

06.12.2023
КӘСІПТІК БАЛЫҚ АУЛАУ ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің шығысы, соның ішінде жаңадан құрылған Абай облысы өзендері мен көлдерінің, жасанды су қоймаларының саны жағынан республика бойынша алдыңғы орында. Сондықтан да болар, өңірімізде су шаруашылығы жергілікті атқарушы билік тарапынан жіті көңіл бөлуді талап етеді.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semeı tańy»
Бүгінгі таңда Абай облысында резервтік су қоймасы мен су учаскелерін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйенсек, Алакөл көлінде кәсіптік балық аулау үшін екі балық шаруашылығының учаскесі, сондай-ақ резервтік қордан кәсіптік балық өсіру үшін Балықтыкөл көлі арнайы бөлінген. Облысымызда сонымен қатар тағы 11 резервтік аумақ пен жергілікті маңыздағы 14 су қоймасы бар, алдағы уақыттарда бұлар да пайдаланушыларға бекітіліп берілуі тиіс.
Айта кетерлігі, балық аулау аймағы Балық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері өткізетін конкурс арқылы тағайындалады. Жеке кәсіпкерлер үшін балық шаруашылығы учаскесін алудың бірқатар міндеттемелері бар. Оның басты шарты кәсіпкердің шағын болса да балық өнімдерін өңдеу цехы — кесу, кептіру, салқын күйде және ыстықтай ыстау, балық ұнын, консервілерді өндіру және т.б. қондырғылары болуы қажет. Балық шаруашылығының су айдыны мен аумағын бекіту жұмыстары облысымызда жаңа балық өңдеу кәсіпорнын, тауарлық балық өсіруге арналған балық шаруашылығын құруға, жалпы саланы дамытуға серпін береді.
Өткен қыркүйек айында Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесі жасалынған болатын. Су тоғандарының көбі Жарма ауданына тиесілі екен. Аталған ауданда жасанды немесе табиғи түрдегі 16 су қоймасы бар. Сондықтан да әсіресе жаз бен қыс айларында ауданға туристер көптеп келеді. Сол себепті тек әуесқой немесе өнеркәсіптік мақсатта ғана емес, бұл өңірде спорттық балық аулау да кеңінен танымал.
Соңғы жылдары облыста балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе Көкпекті ауданы мен Семей қаласында ілгерілеу бар. Сол тәрізді қысқы мезгілде балықты мұз үстінен спорттық мақсатта аулау да кеңінен жолға қойылуда. Мұның барлығы аталған саланы реттеуді, бекітілген заңнамалар аясында тиісті іс-шаралар қабылдауды қажет ететіні сөзсіз. Облысымызда, резервтік су қоймасы мен су учаскелерін бекіту жұмыстарымен қатар, тексеру, қадағалау шаралары да қатар жүргізілуде. Балық және аң аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында өңірдің барлық су айдындарында рейдтер тұрақты түрде өткізілуде. Соның нәтижесінде биылғы күзде бірқатар заңбұзушылық фактілері де анықталып отыр. Мәселен, жуырда Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағы Ақсуат ауданындағы Зайсан көлінің аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Айта кетерлігі, Абай облысы көлемінде қараша айының 10-нан бастап желтоқсанның 10-на дейінгі аралықта кейбір балық түрлерінің уылдырық шашуына байланысты балық аулауға қатаң тыйым салынған.
«Соның нәтижесінде көлдің тыйым салынған аумағында тиісті құжаттарсыз, қолдануға рұқсат етілмеген тормен заңсыз балық аулаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігінің 1-тармағымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз балық аулағандардың салдарынан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 577 478 теңгені құрады. Қылмыстық іс материалдары сот органдарына жіберілді», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС