"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

08.12.2023
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақсуат ауданы әкімдігінде өңір басшысы Асхат Смаиловтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы, бюджет қаражатының тиімділігін бағалау көрсеткіштері және «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасына жобалардың әзірлігі мәселесі қаралды.

Әлібек КЕМЕЛХАН,
«Semeı tańy»
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, бөлімдер мен мекемелер басшылары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Серікова баяндама жасады.
Бөлім басшысы соңғы он бір айда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгенін айтты.
— Биылғы жылы әр сала бойынша жақсы жетістіктерге жетіп отырмыз. Негізгі көрсеткіштерде тұрақты өсім бар. Салыстыра қарағанда, өткен 11 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 39 млрд 381 млн теңгеге жетсе, биылғы жылдың 12 айын қоса есептегенде, 40 млрд 466,2 млн теңгеге дейін өсетін болады. Немесе нақты көлем индексі жүз пайызға орындалады деп күтілуде, — деп атап өтті баяндамашы.
Бүгінгі Ақсуат ауданы шаруашылығы тұрақты дамып, ішкі өнім көлемі күрт өсіп келе жатқан өңір. Оған бір дәлел — негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 5 млрд. 328,1 млн. болса, биылғы жылдың қорытындысымен 12 млрд.805,2 млн. теңгені құрайды деп күтілуде. Яғни, екі еседен артық нәтиже бар.
Айта кетер бір жайт, аудан бойынша тартылған инвестицияның 24 пайызы бюджет қаражаты есебінен болса, 76 пайызы жекеменшік қаражат есебінен. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет қаражатынан тартылған инвестицияның көлемі 181 пайыз болса, жекеменшік қаржы есебінен тартылған инвестиция көлемі үш есе өскені байқалады.
Жекеменшік сектордан тартылған инвестиция, негізінен, жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталып, 3,6 млрд теңгенің қаражаты толықтай игерілген. Соның ішінде, жекелей тоқталар болсақ, салынған қаржы, негізінен, мал бордақылау алаңдары, мал қоралары, асыл тұқымды малдарды күтіп ұстауға, ауылшаруашылық техникаларын алуға жұмсалыпты.
Сонымен қатар аудандағы ішкі туризмді дамытуға жалпы көлемі 1,5 млрд теңге, тұрғын үй құрылысына 1,6 млрд теңге бағытталыпты.
Ауданға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таба бермек. Негізгі капиталға салынған инвестицияларды жаңа жобалар есебінен толтыру, инвестициялар көлемінің азаюына жол бермеу, қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу сапасын бақылау, аяқталу мерзімін болжап, өсімнің қосымша көздерін жүйелі түрде іздестіріп отыру шаралары тұрақты назарға алынған.
Өңірлерді дамытуда инвестициялардың игілігі зор екенджігі белгілі. Бұл ретте «Инвестиция — экономиканың екінші тынысы» деп бекер айтылмаса керек. Ал инвестор тарту үшін, аудандағы экономикалық ахуал тұрақты, әлеуметтік даму көрсеткіші жоғары және атқарушы билік тарапынан қолдау болуы қажет. Бұл тараптағы жұмыстар аудан әкімінің тарапынан тұрақты түрде қадағалауға алынған.
-Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 айында 7945 шаршы метр тұрғын үй салынған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6287 шаршы метр болған еді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2279 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 158 бірлікке артып отыр. Ал, осы жылдың 11 айында жергілікті бюджетке түскен меншікті түсімдер 2 млрд.184,5 млн.ға жетіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 5,8 есе артығымен орындалды, — деді бөлім басшысы өз сөзінде.
Бұл көрсеткіш жылдың аяғына дейін тағы да арта түсетіні анық.
Сонымен қатар, аталмыш жиын барысында аудан өміріне қатысты ағымдағы әртүрлі мәселелер де қаралып, кеңінен талқыланды. Бұған байланысты аудан әкімі Асхат Смаиловтың тарапынан тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС