"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭНЕРГЕТИК КЕНТІНДЕ САЛЫНЫП БІТКЕН ЖАҢА ҮЙ — ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

29.12.2013
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бұдан кейін аймақ басшысы Энергетик кентінде салынып, қолданысқа берілген 9 қабатты 72 пәтерлік тұрғын үйдің ашылу салтанатына қатысып, жаңадан қоныстанушыларға пәтер кілтін табыстады. Жалпы биылғы жылы 400 семейлік отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлауда. Салынып, қолданысқа берілген барлық тұрғын үйлер «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Тек қана биылдың өзінде Семей қаласы бойынша бес көпқабатты тұрғын үй тұрғындар  игілігіне берілуге жоспарланған. Осы бес үйдің бірі жастарға арналған жатақхана болса, біреуі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы өз иелеріне тапсырылған. Ал қал-ған көпқабатты үйлер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жалдамалы тұрғыда берілуде. Айта кету керек, аталмыш үйлердің құрылыстары 2012 – 2013 жылдары жүргізілген. Осыдан – ақ Семей қаласындағы тұрғын үй құрылысының қарқыны жаңаша сипат ал-ғандығын анық аңғаруға болады.

 

Бердібек Мәшбекұлы жиналғандар алдында Семей қаласында биылғы жылы жағымды жаңалықтың көп болғандығын атап өтті. Әр адам үшін баспана ең үлкен мәселе екендігін, осы ретте мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқандығын да  жеткізді.

 

-Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Осыған орай, біздің облысымызда  жылына 240 – 270 мың шаршы метр үй    қолданысқа беріледі. Семей қаласында да тұрғын үй мәселесі өз шешімін тауып келе жатыр. Биылдың өзінде 400 отбасы бас- паналы болды. Бұл өте жоғары және көңілге қонымды көрсеткіш. Осындай нәтижелі істердің барлығы мемлекетіміздің халыққа жасап отырған мүмкіндігі, — деп атап өтті Бердібек Мәшбекұлы.

Сондай — ақ, аймақ басшысы баспана бірінші кезекте пәтер кезегінде тұрғандарға, ардагерлерге, көп балалалы отбасыларға, ата – ананың қомқорлығынсыз қалғандарға, мүмкіндігі шектеулі топқа, жас мамандарға  бөлінетінін айтып өтті.

-Семей қаласындағы ардагерлер баспанамен биыл толығымен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үйдің құрылысын міндетіне алған мердігер мекеме де  құрылысты  уақытында аяқтады. Бүгін ел игілігіне пайдалануға беріліп отырған үй құрылысының жұмысын қатаң бақылауда ұстап, тиянақты жүзеге асуына тікелей ықпал еткен қала әкімдігінің  жұмысын бүгін ерекше атап өтуіміз қажет, — деп аймақ басшысы Семей қаласының атқарушы билігінің бұл тұрғыдағы жұмысына оң бағасын берді.

ҰОС ардагері Байтан  Ибрагимов  ақсақал облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлының қолынан пәтер кілтін алды. Сұрапыл соғыстың ортасында отты жылдарды бастан өткізген көнекөз қария бүгінгі бейбіт күнге мың мәрте шүкіршілік айтады.  Мұндай құрметтің көрсетілуі Елбасының барлық ҰОС ардагерлеріне деген ыстық ықыласы деп біледі Байтан ақсақал:

— Осы жасқа келгенде, Жаңа жылдың қарсаңында қуанышқа кенеліп жатқан жайым бар. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы мен қаланың әкімі Айбек Кәрімовке аталық ал-ғысымды білдіремін. Қашан да қарттарын құрметтей білген халықтың баласы осындай болсын! — деп ақ батасын жаудырды, қария.

Баспаналы болғандардың қатарында  17  балалы Виктор Кандыбаның жанұясы , қаламызға қызметке келген  кардиохирург дәрігерлер , ішкі істер органдарының қызметкерлері мен журналистер  де бар.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

56 минут бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС