"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

20.03.2024
Қоғамдық кеңес отырысы өтті
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

19 наурыз күні Абай облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, басқарма басшылары, ТЖД өкілдері, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 Қоғамдық кеңес отырысы барысында алдымен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өткен жылы атқарылған жұмыстар мен облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың биылғы жоспарларымен таныстырды.

Облыстағы өзекті мәселенің бірі – жылу тапшылығы. Аймақ басшысы атап өткендей, өткен жылы 24 шақырым жылу желілері жаңғыртылған. Ал  биыл жылумен қамту бойынша 9 жобаны жүзеге асыруға 7,8 млрд теңге бөлініпті. Сонымен қатар ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Орталықтың салынуымен қаланың оң жағалауындағы жылу тапшылығы шешілмек.

Сонымен қатар құны 20,6 млрд теңгені құрайтын 46 сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

— Өткен жылы 5720 тұрғынды қамтитын 6 нысан пайдалануға беріліп, облыс бойынша орталықтандырылған сумен қамту үлесі 92,8 пайызды құрады. Бүгінде 46 жобаның 27-сі жүзеге асырылуда. Биыл 6 жаңа жобаны қолға алып жатырмыз. 13 жоба 2025 жылға жоспарланған. Желілердің тозуын азайту үшін 20 елді мекенде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Семейде сонымен қатар жаңа көпірдің құрылысы қызу жүруде. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл. Аспалы көпірді қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы да әзірленуде.

— 2024 жылы 230,9 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтеді. Бұл мақсаттарға 9,9 млрд теңге бөлінді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 2.6 млрд теңгеге 52,6 шақырым болатын ауылішілік жолдар орташа жөндеден өтеді.  Қоғамдық көлікті дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Автокөлік парктерін жаңғырту 2 жылға жоспарланған. Өткен жылы 70 автобус сатып алдық, биыл тағы 100 автобус алуды жоспарлап отырмыз», — деді Нұрлан Ұранхаев.

Облысымызда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылдың соңында ұзындығы 270 шақырым Бақты-Аягөз темір жолының құрылысы басталды. Жобаның құны 577,5 млрд теңге. Оның аясында 1700 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Құрылысқа 2 мың гектар жер бөлінген. Сондай-ақ Семей-Тачен-Семей бағытында әуе рейсі ашылмақ.

— Семей-Тачен-Семей әуе рейсі ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туризмді жандандыруға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар елдегі туризмді дамыту картасының алғашқы 10-ына енгізілген Алакөл жағалауында, Шүлбі су қоймасында, Шошқалы көлінде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндігіміз бар. Ірі қытайлық компаниялар тарапынан Алакөл жағалауы мен Барлық-Арасан сауықтыру кешені жанынан қонақ үй құрылысына қызығушылық жоғары. Туристерге қолайлы болу үшін «Жидебай Бөрілі», «Еңлік-Кебек», «Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу» кесенелерінің аумағында тиісті инфрақұрылымды құру жұмыстары жүргізілуде,- деді облыс әкімі.

Кеңес отырысында сонымен қатар Абай облысы бойынша ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов көктемгі су тасқыны кезеңінде табиғи апаттардың алдын алу, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Анзор Абаев аймақта ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Қоғамдық кеңес мүшелері спикерлерге экология, транзиттік әлеует, абаттандыру, сүт өндірісін дамыту саласындағы жобаларға қатысты сұрақтар қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

21 час бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

21 час бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

21 час бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

21 час бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС