"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ

29.12.2013
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаңа жыл қарсаңында үйлі  болған семейліктердің қуанышымен бөліскен аймақ басшысы жаңадан салынған Жедел медициналық жәрдем ауруханасына бет алды. Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске қосылған денсаулық сақтау мекемесі толығымен заманауи талап-қа сай соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Аурухананың ашылу салтанатына ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары  Эрик Әбенұлы Байжүнісов те арнайы келіп қатысты.

 

Семей қаласында соңғы рет осыдан қырық жыл бұрын бүгінгі күні халықтың «Облыстық аурухана» атап кеткен денсаулық сақтау мекемесі ашылыпты.

 

Қырық жылдан кейін соңғы үлгіде салын-ған аурухананың ашылуы елді елең еткізер елеулі оқиға. Астанадан ҚР Денсаулық сақтау миинистрінің орынбастарының өзі арнайы келуі аурухананың халық үшін қаншалықты маңызды екендігін айтып жату артық болар. Құрылысқа жұмсалған қаражат та қомақты. Республикалық бюджеттен 10 млрд. 834 млн. теңге қаржы бөлінген. Аталған қаржының 2 млрд. 850 млн. теңгесі соңғы үлгідегі қондырғылар алуға жұмсалған. Осыдан – ақ мемлекеттің  халықтың денсаулығына деген қамқорлығын  аңғаруға болады.

-Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана», «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары халықтың денсаулығын жақсарту жолында жүзеге асуда. Бүгін пайдалануға беріліп отырған бір мезетте 325 төсектік орыны бар, күнделікті 500- ге тарта адамды емдеуге қауқары жететін үлкен емдеу мекемесі. Семей өңіріне қарасты 700 мың тұрғынның басы ауырып, балтыры сыздай қалса,  бұрынғыдай  кезек күтпейді, — дейді Бердібек Сапарбаев. – Келер жылы Семей сынақ полигонынан зардап шеккендерге, онкологиялық аурумен ауыратындарды кешенді түрде емдеу үшін құны 13 млрд.теңге тұратын үлкен орталықтың жұмысын аяқтаймыз. Осы арқылы дүниежүзілік стандартқа сәйкес онкологиялық ауруларды емдеуге болады. Оған қосымша, Сауд Арабиясынан берілген 1 млрд. 300 млн. теңгеге балалардың туберкулез ауруханасы ашылады. Міне, болашақта Семей қаласы медициналық кластер орталығына айналады деп айтуға негіз бар. Біз биыл облыста 13 үлкен медициналық мекемелердің құрылыстарын жүргізудеміз. Олар осы жылы аяқталуға тиіс. Қосымша «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес 11 ауылдық аурухана салуымыз керек. Жалпы мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 24 елді мекенде осындай ауруханалар салынбақ. Біз оны 2015 жылы толығымен аяқтаймыз.

Айбек Мүталапханұлы да үнемі медицина саласы Семей қаласының бренді екендігін айтып жүреді. Болашақта аймақ басшысы айтқан маңызды медициналық мекемелер бой көтерсе, біздегі брендтің салмағы біршама арта түсері анық. Қазірдің өзінде жаңадан ашылып, қолданысқа берілген жедел медициналық жәрдем ауруханасы  мамандар тарапынан аса жоғары санаттағы медициналық мекеме болып бағалануда. ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Эрик Байжүнісовтің айтуынша, соңғы он жылда Қазақстан бойынша 500 — ден астам ірі медициналық мекеменің іргетасы қаланыпты. Эрик Әбенұлы атап өткендей, 15-20 жыл бұрын Қазақстанның бүгінгі медицинадағы қол жеткен жетістігі арман болып көрініпті. Ал, қазір қалыпты дамуы бар еліміздің осы саласы Еуропа, АҚШ елдерімен иық тіресе алатын жағдайда.

-Біздің ауруханаларымыз заманауи үлгіде, халықаралық стандарттарға сай келеді. Ендігі жерде, медицина қызметкерлері осы құрылғылармен жұмыс жасай алатын дәрежеде болуымыз керек. Ал, Семей өңірінде медицина саласы сапалы дамудың жолында. Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы екі – үш жылдың ішінде Семей қаласы ядролық медицинаның орталығына айналады. Семейдегі медицина орталықтарындағы қатерлі ісік ауруын емдеу жөніндегі орталық Қазақстанда таптырмайтын жалғыз орталық,- деп атап өтті Эрик Әбенұлы. –Бүгін ашылып отырған аурухана халықаралық стандарттарға сай. Ауруханада тек ауданаралық емес, облыс аралық деңгейде   қызмет  көрсететін болады. Мамандардың да кәсіби деңгейі өте жоғары.

***

Бердібек Мәшбекұлы, Эрик Әбенұлы, Айбек Мүталапханұлы бастаған топ құрылысы жүріп жатқан балалардың туберкулезге қарсы ауруханасында да болып, құрылыстың қарқынымен танысты. Сауд Арабиясы мемлекетінің есебінен бөлінген  1 млрд. 300 млн. теңгеге салынып жатқан аурухана сәтін салса, келер жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Мекемеде тек қана туберкулезге шалдыққан балалар кешенді ем қабылдайды. Аурухана іске қосылатын болса, ШҚО бойынша балалар арасындағы туберкулез ауруының азаяры анық.

-Бізде балалар туберкулезіне арналған мекемелер аз. Қолдауға лайықты жоба деп айтар едім. Біздің болжам бойынша, аурухана іске қосылғаннан кейін 2-3 жылдың ішінде Семей өңіріндегі балалар туберкулезі едәуір азаятын болады. Бұл мекеме тек қана емдеумен   шектеліп қоймай, балалардың өкпе ауруын түпкілікті зерттейтін орталыққа айналуы керек, — дейді вице – министр.

***

Шәкәрім даңғылының бойынан бой көтерген №6 аралас үлгідегі емхананың ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы мен вице – министр емдеу мекемесінің ішін аралап, толықтай танысты. Емханаға келушілерге барлық жағдай жасалған. Бердібек Мәшбекұлы да, Эрик Әбенұлы да халыққа қызмет көрсетуді енді бастаған жаңа емхананың  қызметкерлеріне халықтың алғысын ала беруге,         науқастарына шипа болуларына тілектестік білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

5 дней бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

6 дней бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

6 дней бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

6 дней бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

1 неделя бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

1 неделя бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

1 неделя бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

1 неделя бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС