"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ақтаңдақтар ақиқаты ашылуы керек

21.06.2024
Ақтаңдақтар ақиқаты ашылуы керек
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Әлихан Бөкейхан университетінде «Тарихтың «ақтаңдақтары», қоғамның теріс тұстары және өркендеудің жаңа нүктелері» атты тақырыпта Абай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.

Отырысқа Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ директоры Надежда Шарова, Абай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Әлихан Бөкейхан университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов, Абай облысы мемлекеттік архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Лаура Қадырова және Абай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері мен студенттер қатысты.

— «Халық жауларын» анықтау  бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Ол үшін Қазақстанда АЛЖИР, КарЛаг, СтепЛаг арнайы лагерьлері құрылды. Ең ірі лагерь – Алжир, бұл жерде «Отанына опаздық жасағандардың» әйелдері қамалды. Бұл азап орталығында 20 мыңға жуық нәзік жанды жапа шекті. Ал Қарлаг – Қарағанды облысындағы ГУЛАГ-тың ірі еңбекпен-түзету лагерлерінің бірі болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн-нан астам адам жіберілді. Ресми деректерде 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылғаны айтылады. Сондай-ақ қазақ жеріне күшпен қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері көшірілді. 1993 жылдың 14 сәуірінде елімізде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Құрметті отырысқа қатысушылар, өткенге тағзым жасау, еліміздің болашағы мен тарихына құрметпен қарау — баршаға міндет. Қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан  өшіру елдігімізге сын болары сөзсіз,- деді Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.

Ұлт зиялылары қуғындалып, тарихи тұлғаларымыздың туған жерінен кетуге мәжбүр еткен сол бір зұлмат жылдар — Қазақстан тарихындағы қайғылы беттердің бірі.  Осы бір кезең бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысын да айналып өткен жоқ. Семей өңірі — Алаштың  тарихи астанасы . Бұл өлкеде көптеген ұлт зиялылылары, Алаштың арыстары өмір сүріп, ел ішіндегі қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан. Құрылғанына аз уақыт болса да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, ісінде облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, деректі құжаттар оқырман қауымға жол тартты.

Отырыс барысында Абай облысы мемлекеттік архивінің ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Лаура Қадырова «Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы» тақырыбында архив деректері бойынша баяндама оқыды.

— Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың  2021 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үдерісін бастау, жаңғырту туралы шешім қабылдады. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ақталмаған санаттарын анықтау жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Осыған орай Абай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері «Абай облысының мемлекеттік архиві» қорындағы аса құнды, құпия құжаттардың бетін ашты. Комиссия мүшелері құжаттарды сараптай келе түрлі тақырыпта сыр шертетін бұрын жарияланбаған деректі құжаттарды жарыққа шығарды. Мысалы,  кулактардың, жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілер; Семей қаласындағы «Алаш» қозғалысы; Кеңес өкіметіне қарсы көтерілістер; кеңестік билік органдары мен соттың репрессиялық әрекеттеріне шағымдар; Қазақстанға халықтар мен арнайы қоныстанушыларды күштеп депортациялау және тағы басқалары. Осындай тақырыптарды қамтитын құжаттар сан алуан. Менің зерттеуімдегі жазықсыз жаппа шеккен халықтың назын білдірген шағым хаттары ешкімді бей жай қалдырмауы тиіс. Семей облыстық прокуратура қорынан осындай 178 құжат анықталды. Құжаттар репрессиялық органдардың жұмыс әдістерінің ең құнды дәлелі, олардың айыптаулары көбінесе нақты негізге ие болмады,- деген Лаура Қабылғазықызы мұрағаттан табылған осындай бірнеше құжатпен таныстырып өтті.

Отырыс барысында Абай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының өзге де мүшелері баяндама оқыды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС