"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

966 семейлік сертификат алды

09.10.2024
966 семейлік сертификат алды

Қазіргі таңда несиесі жоқ адам кем-де кем.  ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, қазақстандықтардың несие бойынша қарыздары 18 триллион теңгеге жетіпті. Соңғы үш жылда тұтынушылық несие саны артқан. Халықтың 84%-ының, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екені анықталды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, несие алғандардың 1,7 миллионы берешегін уақтылы қайтара алмай жүр. Бұл жағдайды реттеудің бір әдісі ретінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға баса мән беріледі.  

Соңғы жылдары халықтың қаржылық сауатын арттыру бойынша жұмыстар жандана түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру қажет»,- дей келе,  AMANAT партиясына Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған бұл жоба жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жоба аясында қаржы сарапшылары халықты оқытып, қаржылық сауатын арттыруға көмектеседі.

— «Қарызсыз қоғам» жобасы несие бойынша берешегі бар, борышкерлер тізімінде тұрған, несиесін уақытында төлемеген азаматтарды қолдауға бағытталған. Тренинг қаржылық сауаттылық деңгейін көтергісі келетін, өз қаражатын ұтымды пайдалануды үйренуге ниетті, кәсіп ашуды жоспарлап жүрген және қаржы туралы білімге мұқтаж жандарға  арналған.

Биыл елімізде 200 мыңға жуық ересек халықты, 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту жоспарланған. Ал Абай облысы бойынша 6 мың  адамды оқыту жоспарланса, бүгінгі күні жоспардың 91,36 пайызы орындалды. 5 ақпаннан бастап оқыту Аягөз, Бородулиха, Үржар, Мақаншы, Жарма, Көкпекті аудандары, Курчатов, Семей қалаларында өткізілді. Семей қаласы мен Бесқарағай, Жаңасемей, Абай және Ақсуат аудандарында оқыту жүріп жатыр,- деді Абай облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы Сәулет Еркінова.

Оқу барысында қатысушылар қаржылық сауаттылық негіздері, жеке қаржыны басқару, жинақтау, сақтау және көбейту, жеке және отбасылық бюджетті есепке алу әдістерін меңгереді. Сонымен бірге, кредит түрлері, кредиттеу кезіндегі есептеу, депозит түрлері, банк ставкаларын, пайыздарын зерделеу, сондай-ақ инфляция, банк жүйесі, сақтандыру және қор нарықтары туралы ақпарат алады. Қарыздар мен несиелерді жою, инвестиция салу, қаржылық шешімдер қабылдаудағы когнитивті қателер жайлы түсінік қалыптастырады.

-Сонымен қатар, білім алушылар алаяқтық схемалар мен қаржы пирамидаларын, жеке тұлғалардың банкроттық туралы заңын қарастырады. Қатысушыларға кірістерді арттыру жолдары, сондай-ақ ШОБ-ты мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау шаралары, тиімді банк құралдары, бизнес-жоспар құру әдістемелері түсіндіріледі, конкурстарға қатысуда қолдау көрсетіледі.  Қатысушылардың өтініші мен тілегі бойынша әртүрлі заңгерлік кеңестер беріледі. Тренингтер аяқталған соң қатысушыларға сертификат және әрі қарай өз бетінше жұмыс істеу үшін жұмыс дәптері беріледі. Мұнда берілген сертификат қаржы сарапшысының жыл сайынғы тегін қолдауына және заңгерлік кеңестерін алуға құқық береді,- деді Абай облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы.

Сәулет Еркінқызының айтуынша, Семей қаласында 5 ақпаннан бері 26 лек оқытылыпты. Оқу әлі жалғасуда. Қатысушылар 30-50 адамнан тұратын топта бес күн білім алады. Сабақтар таңғы 9-дан 17:00-ге дейінгі уақытқа жоспарланған. Әдетте, түске дейін қатысушыларға теориялық білім берілсе, түстен кейін жеке кеңесшілер жұмыс жүргізеді. Әр қатысушы үшін практикалық сабақтар да қарастырылыпты. Жалпы, 1 қазанға дейін 966 семейлік сертификат алған.

-Мен «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, 5 күн бойы қаржылық сауаттылығымды арттырдым. Курсты аяқтаған соң ой-санам өзгеріп, қаржыны мақсатты жұмсауды жолға қойдым. Әр адамның жетістігі оның сана-сезіміне, санадағы жоспарына байланысты. Сондықтан, өмірін жақсы арнаға өзгертуді мақсат еткен әрбір адам бұл курсқа қатысуы керек деп ойлаймын,- деді 24-ші лек қатысушысы Лаура Маратқызы.

Оқуға жазылу үшін qogamfin.kz сайтында өтінім қалдыру керек немесе AMANAT партиясының өңірлік кеңсесіне жүгінген жөн.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

16 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

16 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

16 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

20 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

2 дня бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 дня бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

2 дня бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС