"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Достық көмек» акциясы: Мақаншы Шекара басқармасының ерекше жандарға арналған саяхаты

11.10.2024
«Достық көмек» акциясы: Мақаншы Шекара басқармасының ерекше жандарға арналған саяхаты
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы Шекара басқармасында «Достық көмек» акциясын жүзеге асырып, Мақаншы ауданы бойынша «Шығанақ» шекара бөлімшесіне ерекше жандармен бірге саяхат ұйымдастырды. Шығанақ шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері өздерінің күнделікті өмірімен таныстырып, ерекше жандар мен олардың аналарына шекарашылардың маңызды рөлін көрсетті. Көрермендер шекарашылардың қиын да абыройлы қызметін жақынырақ танып, олардың ерлігі мен патриоттық рухына куә болды.

Іс-шараны Мақаншы Шекара басқармасы мен Мақаншы ауылдық округі әкімшілігінің әлеуметтік қызметкері Скакова Зита Тұрарқызы ұйымдастырды. Шара әскери бөлімге саяхатпен басталды. Негізгі мақсаты — ерекше жандар мен ата-аналардың бойына батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жауынгерлік қызмет пен Қарулы күштер дәстүрі жөнінде ақпарат жеткізу. Күтілетін нәтиже: мотивация алу, тірек білімдерін өзектендіру, білімді жалпылау және жүйелеу, тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Іс-шараның жалғасы Мақаншы Шекара басқармасында Мәдениет үйінде өтті. «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» «Ана» хоры, “ Бақыт тіледім”, “Шапағат” тобының әншісі Жасуланов Әлижан “Көзмоншағым” әнін орындады,өз өнерлерін көрсетті.

«Елім деген ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» демекші, бүгінгі мерекелік іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді еліміздің өркендеуі жолында отан қорғаушылардың атқарып жатқан игі қызметтерімен таныстыру, Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау.

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.

Бүгінгі мерекелік іс-шараға өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» таланатты өнерпаздары мен мамандары келіп өз өнерлерін көрсетті. Алдымызда өз өнерлерін көрсеткен болашақтарынан зор үміт күттіретін, өмірге деген құштарлығы мол «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» талантты өнерпаздары мен осындай дарынды балаларды тәрбиелеп, денсаулықтарының оңалуына зор үлестерін қосып жүрген жүректері мейірімге толы, жан – жақты дамыған, сегіз қырлы бір сырлы орталық мамандары.

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі 2011 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Бүгінгі таңда орталықта 56 бала қызмет алады. 8 бағытта арнаулы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбектік, экономикалық, құқықтық қызметтер көрсетіледі. Мекемеде жалпы 104 адам қызмет етуде. Бүгінгі таңда осы қызметкерлердің түзете-дамыту жұмыстарын жүйелі, кәсіби жүргізуінің нәтижесінде 5 қызмет алушының мүгедектігі алынып, денсаулықтары оңалтылды.

Осындай мерекелік көңіл-күймен, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз. «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» директоры – Селиханова Салтанат Қаймолдақызы іс шара соңында құттықтау тілегін білдірді: «Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз зор. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын! Мерейлі күндерде кездескенше сау – саламатта болыңыздар!»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС