"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

XVII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ-XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖОҢҒАР ХАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

22.10.2024
XVII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ-XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЖОҢҒАР ХАНДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің Шәкәрім атындағы университеті Алматы қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп, «XVII ғасырдың екінші жартысы — XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарым-қатынасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияны ашқан ректор аппаратының басшысы Мақсат Серікұлы тарихтағы маңызды кезеңдердің бірі саналатын XVII ғасырдың екінші жартысы — XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарым-қатынасы әлі де ғылыми-зерттеулерді қажет ететінін атап өтті.

Конференцияға Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан: бас директор, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Зиябек Кабульдинов; бас директордың орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Ержан Торайғыров және бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к., профессор Ахмет Тоқтабай, институттың Астана филиалының қызметкері, т.ғ.к. Денис Черниенко, сондай-ақ, Ресей Ғылым академиясы Қалмақ ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Владимир Тепкеев пен Шәкәрім университетінің ғалымдары қатысты.

Конференция XVII ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі қазақ-жоңғар қатынастарына қатысты құжаттар мен зерттеулерді, Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы дипломатиялық және өзара саяси байланыстарды, экономикалық қатынастарды талдау, қазақ хандары, сұлтандары және жоңғар билеушілері арасындағы әулеттік некені; Қазақстан аумағындағы жоңғар (моңғол) топонимиясын зерттеу сынды бағыттарды қамтыды.

Зиябек Кабульдинов өз сөзінде: «Біздің санамызда жоңғарлар қазақтың бітіспес жауы деген пікір қалыптасқан. Кеңес Одағы кезінде қазақ-жоңғар қарым-қатынасы туралы айтуға тыйым салынды. КСРО тұсындағы тарихта халқымызды жоңғарлардың шапқыншылығынан патшалық Ресей империясына бодан болғанымыздың құтқарғанын баса айтты. Алайда, бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақ-жоңғар арасындағы қарым-қатынас тек соғыспен шектелген десек, қателескеніміз. Оларда бейбіт жылдар да болды, өзара сауда-саттық қалыптасты, қыз алып, қыз берісті. Мысалы, Әбілқайыр, Нұралы, Абылай хандардың әрқайсысының бірнеше қалмақ әйелдері болған. Патшалық Ресей тұсында шенеуніктерге қазақтар мен жоңғарларды мүмкіндігінше бір-біріне қарсы қою туралы тікелей нұсқау берілгені жайлы тарихи құжаттар сақталған»- деді айтыла бермейтін тарихи шындықтың бетін ашып.
Владимир Тепкеев қазақ-қалмақ қарым-қатынасы туралы айтқанда үнемі екі түрлі көзқарасқа тап келетінімізді алға тартты. Оның біріншісі – «қалмақ – қазақтың ата жауы» деген түсінік болса, екіншісі – қазақтың көптеген белгілі тұлғаларына өмір сыйлаған, оларды ел қамын жейтін азамат етіп өсірген қалмақ қыздары екендігі. Бұған көптеген мысал келтірген ол бұл тұрғыда әлі де зерттеулер жүргізілуі қажеттігін айтты.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімов «Шығыс Қазақстан тарихындағы жоңғар іздері» тақырыбындағы баяндамасында қазіргі Қазақстан­ның шығыс ай­ма­ғының XVII-XVIII ғасырлар аралы­ғында Жоңғар мемлекетінің қол астында болғанын, Ойрат жұртының төрт ірі тайпасының басын қосқан айбарлы мем­ле­кет­тің бір жарым ғасырға созыл­ған тарихына куә болған Тар­бағатай өңірінен сол заман белгілері әлі де табылатынын айтты. «Соның бірі – «Әмірсана жамбы­лы», яғни жоңғар нояны Әмірса­на­ның қамал-ғибадатханасы. Оны 2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының М.Қозыбаев атындағы тарихи және саяси-әлеуметтік зерттеулер орталығының Мұхаметбек Асылбеков бастаған мамандары тапқан болатын»- деген ол өңіріміздегі көптеген жер-су атауларында ХІІІ ғасырдағы моңғолдар үстемдігі мен жоңғар қалмақтарының жорықтарына байланысты пайда болған топонимдер де бар екендігіне тоқталды.

Айтулы ғалымдар бас қосқан жиынның соңғы нүктесін қойған өңіріміздегі өлкетанушы, тарихшы Мұхаметбек Асылбеков Қазақ хандығының шығыс өңіріндегі белсенді ұлыс билеушісі болған Әбілпейіз сұлтан Әбілмәмбетұлының 1750 жылдардан кейінгі қалмақты еңсерген жорықтардың көбіне тікелей қатысқан үлкен қайраткер болғанын айтып, оның қазір мүлде ескерусіз қалған тұлға екеніне қынжылыс білдірді. «Әбілпейіздің мемлекет қайраткері ретіндегі іс-әрекеті көрінісінің екінші кезеңі Жоңғарияның мемлекет ретінде тарих сахнасынан түскен уақытына сәйкес келеді. Оның сұлтан болып билікке келуі Шығыс өңірге қарай жылжыған арғын, найман, абақ-керей , уақтар мен басқа да қазақ тайпаларының руларына қайрат беріп, оларды батыл қимылдауға жұмылдырды. Жоңғар мемлекеті құлағанмен, әлі де өз орнында отырған қалмақ қазаққа «мен кеттім, сен келіп қона бер» деген жоқ. Ірілі-уақты қақтығыстар мен шеру тартқан қанды жорықтарға, дипломатиялық арбасуларға толы бұл ұлы көш ғасырға жуық уақытқа созылды»- деп қазақ халқының атамекенін жат қолынан қайтарып, өз жеріне қайта қоныстануының да оңай болмағанын дәйекті дәлелдермен ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

18 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

18 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

18 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС