"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ

25.12.2014
МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құрамында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Білім және ғылым министірінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев бар үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болып қайтты.

 

Жұмыс сапары аясында үкімет мүшелері тәуліктің екінші жартысында Семей қаласының бірқатар медициналық мекемелерінің қызметімен де танысты. Сапар соңында  Семей мемлекеттік медицина университетінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары алдымен Риддер қаласынан басталды. Шаһар ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жұмыс күші көп өңірлерден келген қоныстанушыларды қабылдауда. Бұл бағыттағы шаралар жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына сәйкес атқарылып жатқанын айта кету керек. Осы мақсаттағы міндеттерді орындау үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысына 6,2 миллиард теңге бөлінген. 

Бүгінгі күні Риддер қаласында түрлі саладағы мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда, шағын және орта бизнес нысандарында білікті кадрлар жетіспеушілігі орын алып отырған көрінеді. Ресми мәліметтер бойынша бұл көрсеткіш жеті жүзден аса адамды құрайды. Негізінен, аталмыш жайт мемлекеттік ұйымдарға қатысты болғандықтан, қала кәсіпорындарында кепілдік берілген мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету мүмкіндігін шектеп отырған көрінеді.

 

{jcomments on}Ағымдағы жылы желтоқсан айының бірінші жартысында жұмыс берушілер жұмыс күші мол Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан Риддерге қоныс аудару үшін 27 отбасын (94 адам) іріктеп алған. Олардың көпшілігі  – мұғалімдер және дәрігерлер. Жалпы, қоныс аудару бағдарламасына қатысуға 187 өтінім түскен.

 

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Үкімет мүшелері әлеуметтік-еңбек саласындағы, соның ішінде жұмыспен қамту және ішкі көші-қон бағытындағы мәселелерді түсіндіру мақсатында Риддер қаласының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Аталмыш шараға  Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сонымен қатар ШҚО-да бірқатар маңызды бағдарламаларды іске асырып жатқан халықаралық және әлеуметтік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасында аймақтық экономикалық және демографиялық теңгерімсіздікті реттеу мақсатында Үкімет тарапынан бірқатар шараларды қолға алу жоспарланып отырғаны туралы айтылды. Мәселен, еліміздің солтүстік өңірлерінде сол өңірлердің ғана емес, еліміздің дамуына серпіліс беретін маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылмақ. Азаматтарды ынталандыру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Атап айтқанда, әлеуметтік пакетпен, яғни қызметтік пәтермен қамтамасыз ету, бір жолғы ақшалай төлемді төлеу, көлік шығындарын өтеу және де оңтүстік өңірлерден көшіп келген азаматтарды микрокредиттеу тәжірибесін кеңейту мәселелері қамтылған. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстан Республикасында аймақтық экономикалық және демографиялық теңгерімсіздікті реттеу мақсатында еліміздің солтүстік және шығыс  аймақтарында жұмыс күші мол аймақтардан келген жастар үшін оқу орындарын көбейтіп, білім гранттарын енгізуді қолға алу көзделіп отырған көрінеді.

Сонымен қатар Үкімет халықаралық тәжірибе негізінде еңбекпен қамту өнімділігін арттыру мақсатында қазіргі таңда бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыру жолдарын қарастыруда. Нақты айтқанда, моноқалалардағы өндірістік кәсіпорындар жұмысшыларының жалақыларын уақытша субсидиялау, жұмыссыз жастар үшін  жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерін кеңейтетін қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру, жастарға кәсіби еңбек дағдыларын үйрету арқылы өз тәжірибелерін  беретін зейнеталды және зейнеткерлік жастағы жұмысшы мамандықтарына ие адамдар үшін «әлеуметтік жұмыс орындарын» құру көзделіп отырған көрінеді..

Тұрғындармен кездескеннен кейін Үкіметтік делегация мүшелері оңтүстік облыстардан келіп, жиырма бес білім гранттарының иегерлері оқып жатқан Риддердің агротехникалық колледжінің жұмысымен танысты. 2014-2015 оқу жылына жұмыс күші мол аймақтардан келген түлектерге техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне мың орын берілген. Оқу ақысына жатақханада тұру, жол ақысы, әлеуметтік шығындары  және тағы да басқа шығындар кіреді.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Семей қаласында жалғасты. Шаһарымызыға келудегі мақсат – медициналық мекемелердің қызметімен танысу. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда өңірімізде 77 аурухана мен 258 амбулаториялық-емханалық ұйым бар көрінеді. Осы орайда облыс бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан шаруалар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтсек. Ағымдағы жылы «100 мектеп, 100 аурахана» жобасы аясында салу жоспарланған төрт медициналық мекеменің үшеуінің құрылысы қазіргі уақытта аяқталған. Солардың ішінде Семей қаласындағы көпбейінді аурахана бар. Сондай-ақ, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік тірек және емхана» жобасы бойынша 2013-2015 жылдарға 30 нысанның құрылысы қарастырылған. Денсаулық сақтау саласына елімізде, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында көп көңіл бөлініп келе жатқанына айғақ боларлық мәліметтер мұнымен ғана шектелмейді. Ағымдағы жылы жан басына шаққандағы мөлшер  бойынша бір тұрғынға кешенді амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге республикалық бюджеттен айына 864 теңге көлемінде қаражат бөлінді. Биылғы жылдың тоғыз айында стационарды еркін таңдау құқығын облыс бойынша 47 780 адам     пайдаланды. Олардың 38,4 пайызы, яғни 18 388 адам, ауыл тұрғындары.

Жұмыс сапары барысында Үкіметтік делегация мүшелері №3 жекеменшік консультативтік-диагностикалық клиникасының жаңа ғимаратында болып, денсаулық сақтау мекемесінің қызметімен танысты. Мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған. Клиника директоры Руслан Еңсебаев Үкіметтік делегация мүшелеріне медициналық мекеменің қазіргі уақыттағы жұмысы туралы айтып берді.

— Нысанның құрылысы 2009 жылы басталып, 2013 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жалпы саны 52 мың тұрғынға қызмет көрсетеміз. Бекітілген халықтың саны он тоғыз мыңды құрайды. Консультативтік-диагоностикалық және бастапқы медициналық-санитарлық көмек бөлімдері жұмыс істеуде. Жиырма екі мамандық бойынша қабылдау жүргізіледі. Бүгінгі таңда біз амбулаториялық-поликлиникалық деңгейдегі медициналық қызмет түрлерінің барлығын дерлік көрсетудеміз. Ұжымымызда жүз отыз жеті адам жұмыс істейді. Олардың отыз бесі дәрігерлер, жетпісі медбикелер, қалғаны техникалық мамандар,- деді Руслан Еңсебаев. Сондай-ақ, ол ғимарат құрылысына төрт жүз алпыс сегіз миллион теңге көлемінде жеке инвестиция мен он тоғыз миллион теңге мемлекеттік қаражат жұмсалғанын атап өтті. Бұдан бөлек ол медициналық қызмет түрлерінің тоқсан пайызға жуығы мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін жүзеге асырылатынын, кепілдендірілген медициналық көмек тізіміне енбеген қызмет түрлері ақылы түрде көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен бірге емхана басшысы Үкіметтік делегация мүшелеріне медициналық мекеменің техникалық жабдықталу деңгейі жөнінде де ақпарат берді. Атап айтқанда, рентген бөлімінде соңғы үлгідегі замануи рентген қондырғылары орнатылған. Сандық флюорографиялық аппарат та жұмыс істеп тұр. Аталмыш қондырғының көмегімен жиырма екі мыңға жуық адамды тексеруден өткізген.

Бұдан кейін Үкіметтік делегация ат басын өңірлік онкологиялық диспансерге тіреді. Аталмыш медициналық мекеме қазіргі таңда халыққа сапалы қызмет көрсететін заманауи қондырғылармен жабдықталған бірегей мекеме болып табылады. Бүгінде онкологиялық диспансер құрамында химиотерапия, сәулемен емдеу бөлімдері мен емхана жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, алдағы уақытта ядролық орталықтың құрылысын аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Онкологиялық диспансер директоры Марат Сандыбаев делегация мүшелеріне медициналық мекеменің қазіргі таңда көрсететін қызмет түрлері мен техникалық жабдықталуы, алдағы жұмыс жоспары жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті. Жалпы алғанда, онкологиялық диспансерде қызмет етіп жатқан мамандардың барлығының біліктілігі жоғары және өздерінің салалары бойынша білімдерін ұдайы жетілдіріп отыратын көрінеді.

Сонымен қатар онкологиялық диспансерде жаңа заманауи емдеу тәсілдерін меңгеруге көп көңіл бөлінуде. Бұл сөзге дәлел боларлық мәлімет те жоқ емес. Мәселен, болашақта аймақтық онкологиялық диспансер радионуклеидті емдеу тәсілін қолданатын бірегей медициналық мекеме болып отыр.

Онкологиялық сырқаттардың алдын алу және олармен тиімді күресу бағытында республика көлемінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға да аталмыш мекеме зор үлесін қосуда. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, алдағы уақытта онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде Семейдегі облыстық онкологиялық диспансер базасында радиологиялық орталықтың құрылысы қарастырылған. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, Үкіметтік делегация мүшелері балалар туберкулезі ауруханасында болып, медициналық мекеменің жұмысымен танысты. Мұнда кадрлармен қамтамасыз етілу, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстардың жүзеге асырылуы, қажетті қондырғылармен жабдықталу туралы қысқаша ақпарат алды. Елімізде баламасы жоқ бірегей денсаулық сақтау мекемесінде соңғы үлгідегі ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, электрокардиография, спирография құрылғылары орнатылған. Мұнда келген балаларға, яғни бірінші және он бірінші сынып аралығыныдағы мектеп оқушылары үшін, емделу мен қатар, оқуын жалғастыруға жан-жақты мүмкіндіктер жасалған. Аурухана құрамындағы арнайы мектеп мультимедиялық кабинетпен, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлермен, интерактивтік тақтамен және кітапханамен жабдықталған.

Делегация құрамында жүріп туберкулезге қарсы балалар ауруханасының жұмысы жайлы ақпаратқа қаныққан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова медициналық мекемеде көрсетілетін қызмет сапасы жайлы өзінің ойын жеткізді.

— Балалардың туберкулезге қарсы ауруханасында өте үлкен жұмыстар атқарылып жатқанына көз жеткіздік. Балалардың емделіп қана қоймай, осы жерде білім алу процесін қамтамасыз етуге жағдай қарастырылған. Бұл мекеменің аурухана болып қана қалмай, алдағы уақытта оңалту орталығына айналуына үлкен мүмкіндіктер бар, — деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

Медициналық мекемелердің жұмысымен танысқаннан кейін Үкіметтік делегация мүшелері жұмыс сапары аясында Семей мемлекеттік медициналық университеті ғимаратында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті.

Мұнда Үкіметтік делегация мүшелері Семей мемлекеттік медицина университетінде қала активімен жиын өткізіп, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы басты міндеттер талқыланды.

Ең алдымен сөз алған ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердiбек Сапарбаев жұмыс тобының Семей шаһарына келгендегі мақсатына тоқталды.

— Жақында ғана Елбасы Н. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жұмыс тобының мақсаты — Мемлекет басшысының тапсырмалары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бағдарлау. Оның үстіне жұмыс тобының құрамында біраз министрліктер мен халықаралық ұйым өкілдері бар. Біз үшін Семейдің орны бөлек. Бүгін Семей өңіріндегі денсаулық сақтау саласының жұмысымен, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық, — деді ол.

Үкімет басшысының орынбасары Бердiбек Мәшбекұлы, сондай-ақ, бүгінгі дағдарысқа байланысты жұмыссыздар санын көбейтпеуіміз керектігін, ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін де атап өтті.

— Елбасының биылғы Жолдауының ерекшелігі де осы. Жолдауда ең негізгі деген жеті бағыт қарастырылып отыр.  Барлығы дер кезінде жүзеге асатын болса, келер жылы біз кем дегенде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек, — деген Б. Сапарбаев Семей халқының денсаулығын жақсарту мақсатында Семей мемлекеттік медицина университеті мен басқа да  медицина жүйелерімен бірлесе ірі медициналық холдинг құру жоспарланып отырғанын, алдағы уақытта осы жобаны дамытуымыз қажет екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сай Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге арналған үлкен бір емдеу орталығын құруымыз қажет. Осы саланы ары қарай дамытуымыз керек. Бүгін Семейдің бірнеше медицина нысандарында болдық. Алдағы уақытта осы мәселені министрлік пен басқа да ғалымдар алдында көтеретін боламыз. Нақты бір шешім жасаймыз, — деді Бердібек Мәшбекұлы.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік саламен тікелей байланысты үш бағытқа баса назар аударды:

— Өздеріңізге белгілі, Елбасы Н.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын әдеттегіден ерте жариялады. Мұның себебі бүкіл әлем қаржылық — экономикалық дағдарыстың салдарын басынан кешіп отырса, екінші жағынан, әлемнің жетекші державаларынның бір-біріне қатысты енгізген санкциялары біздің еліміздің экономикасына да өз салқынын тигізуде. Осыған байланысты Президент теріс тенденциялардың алдын алу үшін біз барлық мүмкін  деген шараларды жедел қабылдауымыз, кейбір позицияларды жедел қайта қарауымыз, сондай-ақ, алдағы жоспарымызға түзетулер енгізуіміз қажет деп атап көрсетті, — деген Тамара Қасымқызы, — жаңа жағдайда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында Елбасы экономика өсіміне және жұмыспен қамтуға анағұрлым оң ықпал ететін салаларды қолдау қажеттігін атап көрсете келіп, «Нұрлы Жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатын ұсынды. Жаңа саясаттың ерекшелігі инфрақұрылымды дамыту жоспары болып табылады. Осыған арналған жеті бағытқа республикалық бюджеттен, ұлттық қордан басқа да қаржы институттарының көздерінен 6 триллионнан артық, 2020  жылға дейін қаражат бөлінгелі отыр. Жалпы, осы инфрақұрылым структураларын ары қарай дамыту үшін, 400 мыңнан артық жаңа жұмыс орындары ашылады деп отырмыз.

Бұдан кейін Денсаулық сақтау және әлеу-меттік даму министрі Тамара Дүйсенова  Мемлекет басшысы берген алғашқы тапсырмалардың бірі — барлық әлеуметтік міндеттердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету екенін, ол үшін 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтау саласына 9 трлн. теңге қаражат қарастырылғанын атап өтті. Оның ішінде 2015 жылға 2,5 трлн. теңге бөлінсе, осы соманың 693 млрд. теңгесі денсаулық сақтау саласына, 1,8 трлн. теңге зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге бағытталған.

Әлеуметтік міндеттерге қатысты министр балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі жыл сайын 7% артатынын алға тартты. 5 түрлі жәрдемақыны жыл сайын 380 мың ана және 700 мыңдай бала алады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына қарай төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі 7%-ға артады. Ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 7%-ға көбейіп, ол 630 мың адамды қамтиды.

Сондай-ақ, Тамара Қасымқызы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сала мамандарының мәліметіне сүйенсек, елімізде соңғы 3 жыл ішінде аналар өлім-жітімі 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге азайған. Қан айналымы жүйе-сінен болатын өлім көрсеткіші 2 есеге жуық төмендеп, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 11% -ға төмендеген. Жарақаттанудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15%-дан 9,2%-ға кеміп, туберкулездің таралуы жоғары Еуропалық өңірдің 18 елі арасында Қазақстан 7 — орынға тұрақтаған. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізіліп, 2009 жылмен салыстырғанда биыл 30,2%-ға төмендеген.

Жыл сайын 800 мыңнан астам қазақстандық жоспарлы түрде емделу үшін еркін таңдау құқығын пайдаланады. Бұрындары шетелдерге емделуге жіберіліп келген ауру түрлері бойынша ақы төлеудің жаңа қағидасы енгізілді. Айталық, бұған дейін тек шетел клиникаларында болған үш инновациялық технологияны елімізде енгізу нәтижесінде 2014 жылдың 10 айы ішінде ғана бүйрек, бауыр және жүрек транспланта-циясы есебінен 29 млн. АҚШ доллары көлемінде бюджет қаражаты үнемделді.

Сапалы медициналық көмек, білікті дәрігер мамандар даярлау мен тегін берілетін дәрілік құралдар тізімі оңтайландырылғанын, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаның екінші кезеңі, негізінен, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Бұдан кейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев өз сөзінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында білім және ғылым саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

— Білім беру жүйесіне қамақты қаржы бөлініп отыр. Осылайша, Елбасы білім саласына үлкен салмақ салып отыр.  Қазақстанда бәсекелестік таныту үшін адами капитал сапасын ұлғайту керек деген мәселе туындайды. Сондықтан бұл мәселе өте өзекті. Жалпы, республика бойынша 3 жастан 6 жасқа дейін балалар балабақшамен қамтылған. Ол 77 пайызды құрайды. Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 99 пайыз. Дегенмен бүгінгі таңда осы жас аралығындағы 25 мың бала балабақшада кезекте тұр. Осы мәселені шешу керек, — деді өз сөзінде Есенғазы Иманғалиев.

Мирас ҚҰСАЙЫН,                                                                                                                               Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

3 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

4 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

4 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

4 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

5 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

5 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

5 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

5 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС