Semeytany.kz — Көкпекті ауданында Тассай ауылына кіреберістегі Жүзағаш өзенінен өтетін автокөлік көпірі қайта жаңартылып жатыр. 2024 жылғы көктемде қардың күрт еруі мен судың көтерілуінен 2011 жылы салынған бұрынғы көпір қираған еді.
Жобада жаңа көпірдің ұзындығы 73,04 метр болып белгіленген. Құрылым үш аралықтан (әрқайсысы 24 метр) тұрады. Жол бөлігінің ені 6 метр, екі қапталында жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылған. Айта кетейік, ескі көпірдің ұзындығы 44,56 метр болатын.
Жоба толық аяқталғанда Тассай ауылымен көлік қатынасы жыл бойы қауіпсіз әрі үздіксіз жүзеге асады. Бұл тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетіп, ауданның көлік инфрақұрылымының төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.






