"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИННОВАЦИЯҒА БАСТАР ЖОЛ

25.12.2014
ИННОВАЦИЯҒА БАСТАР ЖОЛ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әлбетте, ғылыми — жаңашыл әдістер өндіріс көлемін арттыруға серпін бермек. Ауылшаруашылығы саласын дамытуда ғылым мен іс – тәжірибені ұштастыру оң пайдасын тигізеді. Бұл орайда Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Агротехнопарк» зертханаларының ашылуы — Семей өңірі үшін айтулы оқиға. Бұдан былай өңірдің ауылшаруашалығы саласы енді ғылыми негізде дамитын болады. Өткен аптада аталмыш университеттің ғалымдары БАҚ өкілдеріне жаңадан ашылған және қазіргі таңда егін шаруашылығы, малшаруашылығы саласында жұмыс істеп тұрған жалпы жиыны 18 зертхананы таныстырды.

18 зертхананың ішінде тұқымдардың сапасына баға беретін зертхана жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Ғалымдардың айтуынша, бұл жердегі жаңа құрылғылардың зерттеу мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Егін егіп, табыс тауып жүрген шаруашылықпен айналысушылар үшін зертхана жұмысы — таптырмайтын көмек.

— Мұнда тұқымның сапасы, ылғалдылығы және арам шөптер мен зиянкестерден тазалығы анықталады. Сонымен қатар жобалар дайындалып, ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысу тұрғысынан кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылады.  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы өнімге кедергі келтіретін шөптер мен дәнге қауіп төндіруші зиянкестермен күрес тұрғысынан екі бағыттағы жұмыс ұсынылды.  Бізде өңірімізде өндірілетін барлық дәнді дақылдардың түрлері зерттеледі. «Лазарев», «Лана», «Балке» сынды Бесқарағай ауданының шаруа қожалықтарымен тығыз байланыс жасаймыз. Олар егін егу, мал өсірумен айналысады. Студенттер мен магистранттар егін алқаптары мен мал жайылымдарында, зертханада тәжірибе жасау, жұмыс істеу арқылы зерттеу жұмыстарын орындайды, — деді аграрлық факультеттің деканы Сәуле Сейілғазина.

 

{jcomments on}Агротехнопарк құрудағы басты мақсат ауылшаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу базасын қалыптастыру, салада инновациялық әдістерді қолдануды дамыту, тамақ өнімдері және қайта өңдеудің білім — ғылым базасын құру  болып табылады. Ауылшаруашылығы саласының бағыттарын қарастырған кезде мал өсіру, өсімдік, құс өсіру, омарташылықпен айналысу сынды пайда әкелер бағыттарын  назарға алған жөн. Мұнда шаруа қожалықтары бизнес өкілдерімен, мемлекет қызметтерімен ортақ жоба аясында бірлесе жұмыс жасайды. Бұл тек инновацияны дамытып қана        қоймай,  студенттер мен магистранттардың  ғылыми жұмыс, зерттеу жұмыстарымен айналысуларына мүмкіндік берері сөзсіз.

 

-Университеттің басты миссиясы – өңіріміздің аграрлық секторын дамыту, оның экономикасын көтеру. Бұл үшін жаңа технологиялар мен біздің ғалымдар дайындаған жоба жұмыстары үлкен маңызға ие.  Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 13 жобасын орындадық. Үстіміздегі жылы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырамыз. Ет-сүт бағытындағы малды асылдандыру және мал ауруларының алдын алу үшін, 37 млн. теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар  облыстық ауылшаруашылығы басқармасының тапсырысы бойынша 2 жоба әзірлеп, ШҚО шаруа қожалықтарымен 25 келісімшарт жасастық, сонымен қатар АШ министрлігінің тапсырмасы аясында аймағымызбен қатар, Павлодар, Ақмола сынды облыстармен тығыз байланыстамыз,- деді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Тұмарбек Әмірханов. Сонымен қатар  проректор оқу орны «Агробизнес-2020» бағдарламасы бағытында жұмыс жасап, түлектердің дербес түрде еңбектерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуға баулитынын да атап өтті.

Бір сөзбен айтсақ, «Агротехнопарк» ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағыттал-ған. Алдағы уақытта да инновациялық әдістер көмегімен, зертханалары арқылы тұқымдардың өнімділігін арттыруға, мал басы санын көбейту үшін оларды асылдандыруға өзіндік үлесін қосу жоспарланып отыр.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС