"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СҰРЫҚСЫЗ ҒИМАРАТТАР ҚАЛАНЫҢ СӘНІН КЕТІРЕДІ

25.11.2024
СҰРЫҚСЫЗ ҒИМАРАТТАР ҚАЛАНЫҢ СӘНІН КЕТІРЕДІ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бір қарағанда сұп-сұр болып көрінгенімен, Семей — әдемі қала. Мұнда сыртқы сәулетімен қатар, ішкі дизайны келіскен еңселі ғимараттар көп. Бірақ іргетасы құлап, сәні бұзылған нысандар да жетіп артылады.

Қала көркін айшықтайтын бірден-бір белгі – сәулеті. Жергілікті және облыстық, республикалық бюджеттен жетерліктей-ақ қаражат тартылып жатады. Қала басшысы да қала келбетінің айшықталғанына, аймақтың абаттануына мүдделі екендігін білдіріп келеді. Жыл сайын қыруар тірліктер атқарылып жатқанына ел-жұрт куә. Дегенмен ойдым-қырдым жол, сапасыз салынған кейбір тротуар, ескі ғимараттардың жайы толайым тірліктер мен жасалған жұмыстарды кейде жоққа шығарғандай болып жататыны өкінішті.

Мәселен, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 19 а мекежайында орналасқан ғимараттың жұпыны кейпі  назарымызды аудартпай қоймады. Зерделей келе, қаланың орталығынан орын тепкен ғимарат  әкімшіліктің емес, комитеттін балансында екендігі белгілі болды. Қанша уақыт бойы ғимарат сырты сылақ көрмегені белгісіз, деседе, аталған орынға Семей бөлімшелік көліктегі санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Қазақстан Республикасы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша экология Департаменті жайғасыпты. Департаменттің баспасөз хатшысынан сұратқан мәліметке сүйенсек, қызметкерлер 1-ші және 2-ші қабатта ғана жұмыс жасайды.

— Біздің Департамент  тілекелей Министрлікке қарайды. Департамент ғимаратының сыртқы жұмыстарының  жүргізілуі әзірге белгісіз. Министрліктен қаражат бөлінген де, міндетті түрде жасалынады, — деп түсіндірді баспасөз хатшысы.

«Семей-Cәулет» мемлекеттік мекемесінің қызметкері Дәуренбек Жеңісбековтың айтуынша, Семей қаласының сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

— Нысандардың меншік иелеріне ғимаратты тиісінше күтіп ұстауды рейд барысында ескертіп отырамыз. Қаладағы нысандардың қасбеттерін сырлау, өңдеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы жүргізілуін бақылаймыз. Тұрғын үйлердің сыртын кірпішпен қаптап, оны бояп қоятын заман өтті. Жоба жасаған кезде ғимараттардың сыртқы қасбетіне ерекше көңіл бөлінуі керек, — деді Д. Жеңісбеков.

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші тағы да «иесіз қалған» ғимараттардың да жайын түрте кеткенді жөн көрдік. Қала ішіндегі ескі ғимараттар көрер көзге де ерсі. Иесі жоқ ғимараттардың күйі нендей халге түсетіні айтпаса да түсінікті. Солардың бірі көне Семей телеграфы мен бұрынғы зооветиринарлық техникум ғимараттарының тағдыры талай рет өткір пікірталас тудырған еді. Оқу орны бұл ғимараттан көшкен соң, ол жеке меншікке берілген. Жаңа қожайын үйді бұзбақшы болған, алайда, қоғам белсенділері оны қорғап қалыпты. Енді сәулет ескерткішінің келешек тағдыры не болары белгісіз. Жақын арада қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмесе, ғимараттың қирап қалуы әбден мүмкін. Ал телеграф ғимаратының көрінісі аянышты. Іші қаңырап бос қалған, терезелерінде әйнек жоқ, тақтайшалармен бекітілген, баспалдақтардың біразы қираған. Мейлі жеке не болмаса мемлекет меншігіне өтсе де, тарихи ғимараттың керексіз заттай мүжіліп бара жатқаны көңіл қынжылтады.

Қалада бірнеше жылдардан бері құрылысы аяқталмай тұрған нысандар да қаланың сәнін кетіріп тұр.  Сырты қаңылтырмен қапталып, қаңырап тұрған нысандардың қасынан түнде түгіл, күндіз өтуге қорқасың. Ең болмағанда  есік-терезесі салынып, төбесі жабылса, балалар үшін де қауіпсіз болар еді… Құрылысы аяқталмай тұрған нысан десе,  семейліктердің есіне ең алдымен  «Semey Mall» сауда үйі келетін шығар… Қаланың қақ ортасындағы бой көтерген кешенінің  жобасы осыдан 7 жыл бұрын жасалған. Әуелдегі жоспар бойынша  кешенді  2021 жылы аяқтау керек болатын.

Семей қаласында қасқайып бос қалған ғимараттарды қайта пайдаға жарату, сұрықсызын сүріп тастау, жөнге келетінін жаңарту сынды жұмыстар қолға алынуы керек-ақ. Ал біз көтерген мәселенің мән-жайын тиісті мекемелер зерделеп, жауап қатарына сенеміз. «Жаңа Қазақстанды» құру жолында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үнін еститін үкімет» тұжырымдамасын іске қосқан болатын. Осыған орай жүйелі жұмыстар жасалады деген сенім бар.

Сымбат ҚАЙРАТҚЫЗЫ, «Semeı tańy»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

10 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

10 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

10 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС