"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРУ САТЫП АЛУ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЙТА ЖАЛҒАСАДЫ

25.12.2014
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан полициясы 2015 жылдың қаңтар айында халықтан травматикалық және газды қару-жарақты сатып алуды бастайды. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтарға травматикалық қару-жарақ ұстауға тыйым салатын заң осы жылдың сәуір айында қабылдан-ған болатын. Өткен аптада осы өткізілгелі отырған акция жайлы Семей қалалық ІІБ баспасөз жиыны өтіп, БАҚ өкілдеріне кеңінен ақпарат берілді.

Семей қалалық ІІБ лицензия және қару айналымын қадағалау тобының аға инспекторы, полиция майоры Талғат Дюсуповтың айтуынша, ішкі істер органдары жеке тұлғаларға тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдауды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізетін болады. Ерікті түрде тапсырылған травматикалық қарулардың өтеуі осы мақсатқа көзделген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.

— ҚР Ішкі істер министрлігі жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтелуі негізінде тапсыру қағидасын әзірледі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қала тұрғындарына аталмыш қаруларды көрсетілген мерзім аралығында тапсыруды сұраймыз. Алдағы уақытта ол қаруларға рұқсат мерзімі ұзартылмайды. Яғни қарулар тек күзет қызметінде ғана пайдаланылатын болады, — дейді Т.Дюсупов.

Жоғарыда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, яғни 2016 жылдан бастап, аталмыш қаруларды пайдалану заңсыз болып саналады және қаруды пайдаланғандар қылмыстық жазаға тартылады. Бүгінде қаруларға мемлекет есебінен жасалатын төлем құны анықталу үстінде және оның  мөлшері келер жылға дейін нақтыланбақ. Айта кетуіміз керек, 2000 жылдары травматикалық қарулар мен газды қарулар ішкі істер органдарының қандай да бір рұқсатынсыз сатылымға түсті. Кейін, 2008 жылдан бастап, ішкі істер органдарына оларды тіркеуге ала бастады. Ал келер жылдан бастап оларды пайдалану арнайы күзет қызметінен өзге азаматтарға заңсыз саналады. Бұл ретте сала мамандары, тіркелмеген қарулары бар азаматтар жыл соңына дейін тұрғылықты мекенжайлары бойынша ішкі істер органдарына келіп, қаруларын тіркелулері қажет екенін, олай болмаған жағдайда, қаруларды акция аясында өткізе алмайтыны және жарамсыз саналатынын айтады.

 

{jcomments on}Шараның өтуінің негізгі себебі азаматтардың аталған қаруларды мақсатты қолданбауынан туындап отыр. Сараптама көрсетіп отырғандай, соның салдары елімізде ауыр немесе аса ауыр қылмыстардың орын алуына түрткі болған. Оның үстіне қарулар 18 жасқа толған еліміздің кез келген азаматына қолжетімді болуда. Бұдан өзге, газ тапаншаларын атыс қаруына айналдыратын жағдайлар да жиі орын алады екен.

 

— Семей қаласы бойынша ұңғысыз атыс қаруы мен газды қарудың 700-ге жуық тіркелген түрі бар. Акция барысы жайлы жыл бойы қала тұрғындарына ақпарат беріп келеміз. Бүгінгі күні қару иелерінің 80 пайызы аталмыш шараның жүргізілетінін біледі. Ал акция шеңберінде иесіне қаруды сатып алған құнының 70 пайызы төленеді. Оның нақты мөлшері жыл соңына дейін белгілі болуы керек, — дейді  Семей қалалық ІІБ лицензия және қару айналымын қадағалау тобының аға инспекторы, полиция майоры Талғат Дюсупов.

 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС